11
1.2. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктері
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі
- ҮОЖ) сәйкес жүргізіледі (өзгерістер мен толықтырулармен).
Меншік және оқыту түріне қарамастан, білім беру ұйымдарына оқу
процесін жүзеге асыруда педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Үлгілік оқу
жоспарын таңдауға академиялық еркіндік беріледі.
Білім беру ұйымы педагогикалық кеңестің шешімімен:
- әр сыныпқа жеке-жеке;
- параллель сыныптарға;
- мектеп бойынша Үлгілік оқу жоспарының біреуін таңдай алады.
Күтпеген жағдайларға байланысты оқу апталарын қысқарту кезінде оқыту
мақсаттарын оқу материалдарының күрделілігін және білімдегі олқылықтарды
талдауды ескере отырып, оларды интеграциялау арқылы оңтайландыру қажет.
2022-2023 оқу жылынан бастап мынадай өзгерістер енгізіледі:
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12)
сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды.
Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарының о
қыту қазақ тілінде
Достарыңызбен бөлісу: