2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Музыка» оқу пәні, 5-6 - сыныптар



Pdf көрінісі
бет129/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   170
«Музыка» оқу пәні, 5-6 - сыныптар
2022-2023 оқу жылында «Музыка» пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми 
сайтында 
https://www.nao.kz
орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын 
басшылыққа алу керек.
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
2) 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды. 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
5-сыныптағы «Музыка» пәнінде қазақ халқының ұлттық құндылықтары 
(күй, 
айтыс, 
тұрмыс-салт 
әндері) 
таныстырумен 
ғана 
шектелмей, 
театрландырылған сабақтар өткізу ұсынылады. Пәнге деген қызығушылықтарын 


237 
арттыру үшін интерактивті тақталарды қолдану арқылы өткен тақырыптарды 
қорытындылау ұсынылады. 
6-сыныптағы «Музыка» пәнінде білім алушының музыкалық танымын, ой-
өрісін кеңейту үшін музыка тарихына, әдебиетіне ерекше назар аудару, ән 
орындаудан көрі, музыка тыңдау, талдау, аспапта ойнау бөлімдеріне баса мән 
беру ұсынылады.
«Музыка» пәні аясы шеңберінде домбыра тартып үйрену сабағын енгізу 
ұсынылады, сабақ барысында білім алушылар қазақ күй өнерінің тарихымен
күйші-дәстүрлі әншілердің шығармашылығы жайлы мәліметтермен қатар, 
домбыра аспабының шығу тарихы мен құрылымымен тереңірек танысып, 
аспапты тартып үйренеді. Нәтижесінде білім алушы бірнеше күй мен әнді 
меңгеріп шығады.
6-сыныптан кейін домбыра тартып үйренуді жалғастыруға ниетті білім 
алушылар жоғарғы сыныптарда вариативті компоненттер сағаттары есебінен 
оқуларына болады.
4. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына 
сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың санын негіздеу 
және ұсыну 
«Музыка» пәні бойынша 1-6 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін 
бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім 
алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды 
аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі (
Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының 
16-тармағына өзгерістер мен толықтырулармен). 
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. 
Тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет