2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың ерекшеліктері (оқыту қазақ



Pdf көрінісі
бет73/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   170
 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың ерекшеліктері (оқыту қазақ 
тілінде жүргізілмейтін), 5-11 сыныптар 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және Жалпы орта білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11 
сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар


128 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру 
деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты–
оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық 
мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана 
білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу 
жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 
бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады:
1) Негізгі Үлгілік оқу жоспарлары; 
2) төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары. 
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру 
деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі 
болады (7.6-кесте). 
7.6-кесте – 5-11-cыныптар «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні Үлгілік оқу 
жоспары 
Сынып 
Оқу пәнінің атауы 
Үлгілік оқу 
жоспары*
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

144 

Қазақ тілі мен әдебиеті

144 

144 

Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

108 

Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

108 

Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

108 
10-11 (ҚГБ) 
Қазақ тілі мен әдебиеті 

180 

108 
10-11 (ЖМБ)
Қазақ тілі мен әдебиеті 

144 

108 
*Ескерту: 5-9-сыныптарда «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» пәні бойынша аптасына 
жүктеме 4 сағат болған жағдайда, сынып екі топқа бөлініп оқытылады, аптасына 5 сағат 
жүктеме болған жағдайда, топтарға бөлінбей оқытылады. 
Оқу жылының ұзаруына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды 
қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға 
пайдалану ұсынылады. 
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 
бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен оқыту нысанына 
қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдайды. 
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
2022-2023 оқу жылында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу 
процесін 
ұйымдастыруда 
Ы.Алтынсарин 
атындағы 
Ұлттық 
білім 
академиясының ресми сайтында 
https://www.nao.kz
орналастырылған Үлгілік 
оқу бағдарламаларын басшылыққа алу қажет.
Оқу жүктемесі төмендетілген сыныптарға вариативті компоненттен сағат 
алуға мүмкіндік берілген. 


129 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу 
бағдарламасының (оқыту қазақ тілінде емес) ерекшеліктері оқу мақсаттары 
жеңілдетіп берілген. Кейбір оқу мақсаттарына түсініктеме ретінде ұсынымдар 
беріліп, оқу мақсатттарына өзгерістер енгізілген. 
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз 
байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін 
жетілдіруді 
және 
дүниетанымдық 
дағдыларын 
кеңейтуді 
көздейді. 
Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының 
материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін 
құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ 
әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде 
қолдана білуге үйретеді

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні 
бойынша білім алушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары 
СEFR -Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті деңгейлерін (B2-С1) 
негізге ала отырып айқындалған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет