199
Пән мазмұнын зерделеуде:
Әлемдік тарихи үдерістер аясында түркі өркениеті құндылықтары
негізінде білім алушылардың тарихи санасын және жасампаз дүниетанымын
қалыптастыруға басымдық беру;
Түрік қағандығы, Ұлық Ұлыс – Жошы Ұлысы мемлекеттерін қазақ
мемлекеттігінің бастауы ретінде көрсетіп, қазақ халқының тарихын тұтастықта
және бірізділікте оқыту қажет.
Тарихты оқытуда келесілерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады:
-
тарихты оқыту процесі білім алушының ақпараттың белгілі бір көлемін
(тарихи даталар, ұғымдар, тұлғалар, оқиғалар) механикалық есте сақтауға емес,
алған білімі мен білігін оқу мен тәжірибелік міндеттерді
өздігінен шешумен
сипатталатын тұлғалық құзыреттілігін дамытуға;
-
тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи
тұлғалардың қызметін әлемдік және Отандық тарих контекстінде талдау және
баға беру дағдыларын қалыптастыруға;
-
тарихи деректердің негізінде тарихи зерттеу жүргізу
дағдыларын
қалыптастыру мен дамытуға (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын
құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен
қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);
-
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
➢ Тарихты оқытуда білім алушының оқыған тарихи фактілер мен
оқиғаларды кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру мен тарихи картаны
«оқып», оны білім көзі ретінде пайдалануына көңіл бөлу ұсынылады.
Білім алушыларда тарихи картамен жұмыстың негізі 5-сыныптан
қаланады, ол картаның шартты белгілерін қолдана білуі,
тарихи және
географиялық нысандарда дұрыс бағдарлана білуді қажет етеді.
Мысалы 6-сыныпта
«VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
анықтау
» атты
оқу мақсаты бойынша мұғалім білім алушыларға тарихи картаны
пайдаланып түсіндіруге тапсырма бере алады, бұл білім алушылардың бойында
уақыт пен кеңістікте бағдарлану дағдыларының дамуына септігін тигізеді.
Сондықтан білім алушының алған тарихи білімін кеңістікте бағдарлауға
мүмкіндік беретін картографиялық дағдысын дамыту ұсынылады. Бұл тарихи
оқиғаларды, олардың өзгерісі мен даму жағдайын картада белгілеуге берілетін
тапсырмалардан көрінеді. Білім алушылардың
жас ерекшеліктерін ескере
отырып, презентация, интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар
беру ұсынылады.
7-9-сыныптарда тарихи картаның мазмұнын талдауды қажет ететін
тапсырмалар жасай отырып, картамен жұмысты күшейту қажет.
9-сыныпта тарихты оқыту
білім алушылардың қазіргі заман тарихының
маңызды процестеріне,
құбылыстарға, оқиғаларға және ұғымдарға баса назар
аударуға, тарихи оқиғаларды, талдау, салыстыру, көрнекті тарихи тұлғалар
200
қызметін бағалау, алған білімі негізінде
өз ойын дәлелдеу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті
өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы
талдау жасау, баға беруге дағдыландыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: