«Қазақстантарихы»пәнібойыншаапталықжүктеме1сағаттықұрайды,сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсан бойынша жиынтық бағалау(ТЖБ) жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (төмендетілген оқу жүктемесімен) жаратылыстану- математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша апталық жүктеме 1 сағатты құрайды, сондықтан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (төмендетілген оқу жүктемесімен) «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен 7-9-сыныптарда және вариативті компонент есебінен таңдалған 10-11- сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы»оқупәнібойыншажиынтықбағалауөткізілмейді,оқужылыныңсоңында
«есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау, «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 17, 18 тармақтар).
9,11сынып білім алушыларына арналған қорытынды аттестаттау туралы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 39-4)-тармағына сәйкес 9-сынып білім алушылары таңдаупәніретінде«Қазақстантарихы»пәніненжазбаша емтихан тапсырады.
Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады.
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-тармағына сәйкес 11-сынып білім алушылары міндеттіпәнретінде«Қазақстантарихы»пәніненауызша емтихан тапсырады.
Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертттеу жұмыстары
«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11 сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында зерттеу жұмыстарының тақырыптары ұсынылады.
10-сыныпбойыншазерттеутақырыптары: Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала.
Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы.
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.
Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.
11-сыныпбойыншазерттеутақырыптары: Әртүрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктері.
Қазақстан этностары: тарихы мен тағдыры.
Қоғамдық-саяси ойдың біріктіруші рөлі.
Білім мен ғылымға үлес қосқан менің өлкемнің тұлғалары.
Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
Негізгі Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 10-11-сыныптарда әр оқу тоқсанының соңында «Зерттеу жұмысы» сабағын өткізу қарастырылған. Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау.
Осы сабақтар барысында оқушылар жеке, жұпта немесе топтарда тақырыптық бөлімнің тоқсанда зерттелген аспектілердің бірі бойынша кіші- зерттеу жүргізеді. Зерттеу тақырыбын оқушылар тоқсан бойы таңдай алады. Әр тоқсан соңында оқушылар өз зерттеулерін аяқтап, әр түрлі формада сынып алдында таныстырады. Бұл баяндамалар, презентациялар, рефераттар, шағын жобалар, мақалалар, эссе және т.б. болуы мүмкін. Зерттеу жұмысы бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарында оқитын оқушылар өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда оқушылар келесі зерттеу іскерліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс:
зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;
алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық дерек көздері)таңдау және жүйелеу;
– ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік – кестелік, кестелік- сызбалық немесе графикалық және т. б.;
зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау.
жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.