2022-2023 ОҚу жылында


«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні



бет26/50
Дата17.09.2022
өлшемі402,94 Kb.
#39332
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
9. ӘНХ Тарих

«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні


  1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде сыныптарды топтарға бөлуге білім беру санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде жол беріледі.

  1. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен енгізілген) жүзеге асырылады.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу жүктемесінің көлемі 2.3-кестеде көрсетілген.
Кесте 2.3. «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша 5-11 сыныптарға арналған оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

5-9

Дүниежүзі тарихы

1

36

1

36

10-11 (ҚГБ)

Дүниежүзі тарихы

2

72

3

108

10-11 (ЖМБ)

Дүниежүзі тарихы

1

36

2

72

Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды оқыту үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 26.01.2022ж. №25 бұйрығы 23-қосымша) 10-11-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағытында «Дүниежүзі тарихы» пәні таңдау пәні бойынша 3 сағат көлемде тереңдетілген деңгейде оқыту қарастырылған. Ал, осы бұйрықтың 22 қосымшасына сәйкес, жаратылыстану-математика бағытында 2 сағат көлемде стандартты деңгей қарастырылған.

  1. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

2022-2023 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтында https://uba.edu.kz/ орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын басшылыққа алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет