2022 оқу жылы Тақырыбы: Абай-дана, Абай-дара қазақта!



бет2/3
Дата31.03.2023
өлшемі1,1 Mb.
#78086
түріСценарий
1   2   3
Ғылым таппай мақтанба: 5-сынып оқушысы ..................................................................... 


1-ж. Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры», «Қыс», «Күз». Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі. 


2-ж. Табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.Тағы да бір топ өлеңдеріне кезек берсек.
....................................................................................................................................................


1-жАкадемик Зәки Ахметов Абай ақындығының теңдесі жоқ екендігін, сонымен бірге аса дарынды сазгер болғанын, көптеген әдемі,әсерлі әндер шығарғандығын айтқан. 


2-ж. Құлақтан кіріп бойды алар 
Жақсы әнмен тәтті күй 
Көңілге түрлі ой салар 
Әнді сүйсең ,менше сүй ,-деп Абай атамыз айтқандай .............................................................. орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әніне кезек берсек. 


1-ж.Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала- 
оның поэмалары.Олар : «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі». Абай өзінің поэмаларында да,өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік –адамгершілік идеяларын көтерді.Соның бір дәлелі ретінде «Масғұт» поэмасын тамашалаңыздар. 
............................................. оқушылары дайындаған «Масғұт» поэмасы. 


2-ж.Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады.Қара сөздер-ккөркем әңгіме емес,алайда оларды даналық сөздер,мақала,ғылымдық,философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Абайдың жалпы қарасөздерінің саны-45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік. 

2ж Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз айтқандай Абай мұрасына, Абай өлеңдеріне кезек берейік.
Абай өлеңдері.


1-ж. Әннің де естісі бар,есері бар 
Тыңдаушының құлағын кесері бар. 
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, 
Тыңдағанда көңілдің өсері бар. 


2-ж. Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер, 
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер 
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп 
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп кезекті әсем әнге береміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет