2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет72/83
Дата15.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#123048
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83
 
3-
кезең. Бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлері 
бойынша бөлу
 
Бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша бөлінеді 


99 
(білу мен түсіну, қолдану, сонымен қатар жоғары дәрежелі дағдылар 

талдау, 
жинақтау, бағалау). Бұл сараланған тәсілді қамтамасыз ету үшін қажет, яғни 
білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін есепке алу (
8-
кесте).
8-
кесте. Ойлау дағдылары
Ойлау 
дағдылары 
(Блум 
таксономияс
ы бойынша)
Анықтама 
білу
нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды айта алу немесе есте 
сақтау қабілеті
түсіну
ақпаратты дұрыс айта алу, болжау немесе түсіндіру арқылы оқылған 
материалды түсіну және түсіндіру қабілеті
қолдану
мәселелерді шешу үшін зерттелген материалды нақты жағдайларда және 
жаңа жағдайларда пайдалану мүмкіндігі. Білімді қолдануды көрсету 
тәсілдері практикалық жұмыс, эксперименттер, жобалық жұмыс, 
мәселелерді шешу және жаңа және / немесе әртүрлі өнімдерді жасау болып 
табылады.
талдау
ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілеті, мотивтерді 
немесе себептерді, қорытындыларды анықтау, жалпы ережелерді негіздеу 
үшін дәлелдерді табу арқылы әртүрлі қорытындылар алу үшін ақпаратты 
зерттеу
жинақтау
бөліктерді (идеяларды, элементтерді) жаңа контекстке қосу, біріктіру 
қабілеті, мысалы, хабарлама (сөз сөйлеу, баяндама), іс
-
қимыл жоспары, 
қолда бар мәліметтерді ретке келтіретін схемалар. Оқытудың тиісті күтілетін 
нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы әрекеттерді қамтиды
бағалау
белгілі бір материалдың (мәлімдемелердің, көркем шығармалардың, зерттеу 
деректерінің) мағынасын бағалау қабілеті
Тілдік пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
критерийлерін әзірлеу кезінде меңгеру деңгейлерін ескеру қажет:

тыңдалым: әртүрлі тақырыптағы ауызша мәлімдемелердің негізгі 
мазмұнын түсіну, олардағы негізгі ақпаратты бөліп көрсету, сөйлеушінің пікірін 
тану, контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау, әртүрлі стратегияларды 
қолдана отырып, білім алушылардың деңгейіне сәйкес келетін әр түрлі 
мәтіндердің мазмұнын қабылдау және түсіну қабілеті

айтылым: әр түрлі тақырыптағы әңгімеде ресми және ауызекі сөйлеу 
мәнерлерінің сөздерін қолдану қабілеті, қажетті ақпарат алу үшін күрделі 
сұрақтарды бөліп көрсету, өз пікірін білдіру,
күтпеген пікірлерге жауап беру, 
тапсырманы орындау барысында құрдастарымен қарым
-
қатынас жасау, нақты 
лексиканы сауатты қолдану, әңгімелер мен оқиғаларды мазмұндау

оқылым: әртүрлі тақырыптағы көркем және ғылыми мәтіндердің негізгі 
мазмұнын түсіну қабілеті, ақпаратты іздеудің әртүрлі стратегияларын қолдана 
отырып, негізгі ақпаратты бөліп көрсету, сөздердің мағынасын контекст 
бойынша анықтау, автордың көзқарасы мен пікірін тану, сөздердің мағынасын 
тексеру және оқуды түсіну үшін әртүрлі қағаз және сандық көздерді
пайдалану

жазылым: нақты және ойдан шығарылған оқиғалар туралы әртүрлі 


100 
тақырыптағы жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, өңдеу және түзету, 
оқылғанға сыни пікірлер жазу, сауатты жазу, орфографиялық және 
грамматикалық қателіктер жібермеу, белгілі бір стильді ұстану, сөйлемдерді 
параграфтарға байланыстыру, әр түрлі байланыстырушы сөздерді қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет