22
тіркелді) бұйрығымен реттеледі
(
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары
кітапханаларының қорын қалыптастыру,
пайдалану және сақтау
қағидаларын
бекіту туралы»
).
Мектеп кітапханаларының қызметіндегі негізгі міндеттер:
-
мектептің ақпараттық, білім беру мен мәдени орталығы және
педагогикалық процестің қажетті буыны ретінде мектеп кітапханаларының рөлін
арттыру: ақпараттың барлық түрлеріне
оқушылардың қол жетімділігін
қамтамасыз ету; ақпаратты өз бетінше таба алатын құзыретті тұлғаны тәрбиелеу
мақсатында білім алушыларға ақпарат көздерін (каталогтар
мен файлдық
шкафтар, библиографиялық көрсеткіштер және басқа да іздеу құралдарын)
пайдалану
бойынша сабақтар өткізу;
-
мектеп кітапханашылары мен пән мұғалімдерінің тікелей байланысын
нығайту, білім беру мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыруда мұғалімдермен
бірлескен жұмысты жандандыру: оқу іс
-
әрекетін
қолдау және оның
мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мұғалімдерге сабаққа дайындық
материалдарын таңдауда көмек көрсету;
-
мектеп кітапханаларын цифрландыру: кітапхана оқырмандарының
сұранысын қанағаттандыратын цифрлық ресурс –
мектеп кітапханасының веб
-
сайтын құру; электронды оқулықтар
қорын құру және толықтыру; ҚР ОАМ
РҒПК цифрлық кітапханасы негізінде электрондық кітапханалар құру;
-
кітап және кітап оқуды насихаттау үшін мектеп кітапханашыларының
әртүрлі құралдар мен әдістемелерді пайдалануын арттыру; кітапхана қызметінің
дәстүрлі (кітап көрмелерін безендіру, поэзия кеші, көркем әдебиет конкурсы т.б.
ұйымдастыру) жұмыстарына заманауи жұмыс түрлерін (әдеби марафондар,
квесттер, буккроссингтер, челлендждер, буктрейлерлер және т.б.) қоса
пайдалану;
-
сабақтан тыс қызмет кеңістігін аймақтарға бөлу және ресімдеу (білім
беру сапасын арттыру ресурстарының бірі болып табылатын қазіргі заманғы оқу
кеңістігі –
коворкинг
-
орталықтар құру);
-
мектеп кітапханаларының тиімділігін арттыру үшін
жаңа ақпараттық
технологияларды
енгізу
(компьютерлермен,
Интернетке
байланысты
қамтамасыз ету):
кітапханалық
-
ақпараттық қызметтің негізгі процестерінде
компьютерлік технологияларды пайдалану;
-
мектеп кітапханашыларының кітаптарды талқылау,
оқырмандардың
пікірлерін жариялау, өткізілген іс
-
шаралар туралы және т. б. ақпараттармен
бөлісіп отыруы үшін әлеуметтік
желілерді пайдалануы