37
3) математиканың әртүрлі бөлімдерін зерделеу кезінде презентациялар
жасау үшін қажетті компьютерлік бағдарламаны пайдалану, математикалық
тапсырмаларды орындау кезінде фото/видео әзірлеу (геометриялық фигуралар
жасау);
Жаратылыстану
-
математика бағыты пәндерінің сабақтарында
STEM/ STEAM технологияларын қолдану бойынша ұсынымдар
Білім алушылардың оқу
-
ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында
жобалық жұмыс арқылы ғылыми
-
зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар
аударылуы тиіс.
Жобамен жұмыс істейтін білім алушылар жеке немесе топта жұмысты
жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және
дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну,
талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай
-
ақ өз жобасын шебер қорғау
керек. Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім
алушылардың жобалық іс
-
әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып
табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп
қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің
тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар
топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті
ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді,
орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен
қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: