2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет28/75
Дата25.11.2023
өлшемі22,45 Mb.
#125754
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
Байланысты:
Снимок экрана 2023—08—28 в 10.44.09

Тыңдалым (тыңдау)
дағдысын дамыту үшін білім алушылардың 
тыңдалатын мәтіннің
мәнін түсінуі маңызды. Тыңдау дағдыларын сапалы 
дамыту үшін өмірлік
жағдайлардан әртүрлі тапсырмалар
дайындап қолдану 
қажет. Сабақтарда тапсырмаларды білім алушылар
алғаш
тыңдаған
кезде 
ауызша мәтіннің негізгі идеясын түсінетіндей етіп жоспарлау керек, ал екінші 
рет тыңдау кезінде
ауызша мәтіннің немесе аудио хабарламаның нақты 
бөлшектерін талдауы
қажет.
Мысалы, «
8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын 
түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
»
деген оқыту 
мақсатымен жұмыс жасауда «
Ғарышты игеру жетістіктері
» 
бөлімі аясында 
білім алушыларға ғарыш
туралы жаңалықтар ұсынуға болады. Білім алушылар 


39 
осы жаңалықтың
мақсатын айқындай отырып, тыңдалған мәтінді талдауы тиіс.
Оқылым
дағдысын дамыту үшін білім алушыларға қызықты және 
ынталандыратын мәтіндер ұсыну керек. Мәтіндерге тапсырмалар
құрастыру
кезінде әртүрлі әдістерді қолдану ұсынылады, мысалы, «Қарапайым және 
күрделі
сұрақтар»

алдымен «қарапайым»
сұрақтар қоюдан бастаңыз (нақты 
жауапты
қажет
ететін), біртіндеп «күрделі»
сұрақтарға көшіңіз (неғұрлым егжей
-
тегжейлі жауапты
қажет
ететін
). 
Мұндай мәтіндерге тапсырмалар қарапайымнан 
күрделіге қарай
принципі
бойынша жасалуы керек. Мәтіндерге тапсырмалар
құрастыру
кезінде «жеңіл»
сұрақтардан (біржақты жауапты
қажет
ететін

біртіндеп «күрделі»
сұрақтарға көшу ұсынылады (неғұрлым егжей
-
тегжейлі 
жауапты
қажет
ететін). Оқу мақсаттарын пысықтау кезінде оқу жылдамдығы 
ескерілмейді, білім алушыларға негізгі және егжей
-
тегжейлі ақпаратты, 
автордың пікірлері мен келтірілген дәлелдерді түсіну үшін жазбаша мәтіндерді 
талдауға, сондай
-
ақ мәтін мазмұны бойынша рефлексия
жасауға және тұтас
және 
тұтас емес
мәтіндердің дереккөздерінің дұрыстығы мен сапасын бағалауға 
үйрету маңыздырақ.
Мысалы

«8.2.1.1 тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, 
диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру»
оқу мақсатымен жұмыста 
«Болашақ мамандықтары» бөлімі шеңберінде 
оқушыларға болашақ 
мамандықтары
туралы жастар арасындағы зерттеу нәтижелері бар кестелерді 
зерделеуді ұсынуға болады. Тұтас емес
мәтінді талдағаннан кейін білім 
алушыларға берілген
нақты деректерден қорытынды жазуды
ұсынуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет