сайтында қолжетімді
83
2.11
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2023-
2024 оқу жылындағы балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
жалпы орта және қосымша білім беруді неғұрлым тығыз интеграциялау
қажеттілігіне байланысты.
Мектеп сабағында оқытуды ұйымдастыру барысында қосымша білім беру
жүйесіне қатысты технологияларды қолдануға болады. Бұлар –
кешенді
сабақтар, оқу жобалары, пікірталас технологиялары, ойындар. Оларды
педагогтің басшылығымен білім алушылардың өзіндік жеке және топтық іс
-
әрекеттерін қамтамасыз ете отырып, сабақтың шеңберінен тыс жүргізуді
көздейді.
Мектеп жұмысының тәжірибесінде әртүрлі ұйымдастырушылық
модельдерді қолдануға болады. Олар:
-
үйірмелердің, секциялардың, клубтардың түрлері, олардың жұмысы бір
-
бірімен аз үйлесімді және қолда бар кадрлық және материалдық жағдайлармен
толықтай байланысты;
-
балалардың шығармашылық ұжымдары мен бірлестіктері жұмысының
ішкі үйлестігі, олардың іс
-
әрекеттерінің әртүрлі бағытта болуы;
-
балаларға қосымша білім беруді мектептің жеке бөлімшесі ретінде
дамыту;
-
мектептің негізгі құрылымдарының ұйымдастырушылық және
мазмұндық бірлігі ретінде балаларға негізгі және қосымша білім беруді
интеграциялау.
Мектепте қосымша білім беру келесі кезеңдерді жүзеге асыру процесінде
ұйымдастырылуы керек:
1.
Білім алушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын зерттеу.
Жазбаша тестілеу, білім алушылар мен ата
-
аналарға сауалдар қою, сауалнама
жүргізу, бастауыш, орта және жоғары мектепті
аяқтау кезеңінде балалардың
білім сапасына мониторинг жүргізу арқылы деректер жинауға болады.
2.
Білім алушыларды қызығушылығына қарай топтарға біріктіру,
секциялар мен үйірмелер құру сауалнама нәтижелері бойынша жүзеге
асырылады. Бұл кезеңде сыныптан тыс
оқытудың негізгі бағыттарын ажыратып
көрсету қажет.
Іс
-
шараларды
белгілі бір тақырып бойынша білімге мұқтаж әлеуетті
қатысушылардың санына қарай
жоспарлау қажет
.
Үйірмелер
мен секциялардың сабақтарын ұйымдастыру түрлері
мынадай
талаптарға сай болуы тиіс: дамытушылық сипатқа ие болу, дәлірек айтсақ, білім
алушылардың табиғи бейімділігі мен қызығушылықтарын дамытуға
бағытталуы, мазмұны мен жүргізу сипаты бойынша әртүрлі болуы, әр түрлі
қосымша әдістерге негізделуі.
Жалпы білім беретін мектепте қосымша білім беру блогының жұмысы
жылдық және басқа да жоспарлар, білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге
асырылады.
84
Жазғы демалыс кезінде білім беру процесі жеке жоспар бойынша
жорықтар, жиындар, пленэрлер, экспедициялар, әртүрлі бағыттағы лагерьлер
және т.б.
түрінде жалғасуы мүмкін. Бұл кезеңде оқушылар құрамы ауыспалы
болады. Жазғы кезеңге арналған кестені әкімшілік мұғалімнің ұсынысы
бойынша білім алушылардың ең қолайлы еңбек және демалыс режимін ескере
отырып белгілейді.
Сабақтардың ұзақтығы және олардың апталық саны педагогтің қосымша
білім беруге арналған білім беру бағдарламасымен, сондай
-
ақ балалардың
мектептегі жұмыс режиміне қойылатын талаптармен анықталады.
Қосымша
ресурстарды, интернет
-
ресурстарды пайдалану және мектеп
білім алушылары бірлестігінің
бейіні бойынша ақпаратты табу, өңдеу қабілетін
қалыптастыру ұсынылады. Компьютерлік техниканы қолдана отырып сабақ
өткізу кезінде санитарлық
-
эпидемиологиялық ережелер мен нормалар сақталуы
керек.
2023-
2024 оқу жылында мектепішілік, аудандық (қалалық) және
облыстық
деңгейлерде республикалық маңызы бар 13 жобаны іске асыру жөніндегі
жұмысты жалғастыру қажет.
Білім алушылармен техникалық шығармашылық және конструкция
бойынша жұмысты жандандыру үшін техникалық шығармашылық және
өнертабыс жарыстары (авиа, зымыран, авто, және кеме модельдеу) және «Ұлы
өнертабысқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы өткізіледі.
«Менің отаным –
Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтар слеті, жас
өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің «Табиғатты аяла» форумы,
«Кәсіптер әлемін ашамыз» форумы балалар мен жастардың патриоттық сезімін
және азаматтығын тәрбиелеуге, туристік қызметті жандандыру арқылы
салауатты өмір салтын насихаттауға, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге, білім
алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыруға
бағытталған еңбек нарығында сұранысқа ие және болашақ мамандықты сәтті
таңдау үшін қажетті.
Театр бірлестіктерінің білім алушыларымен жұмыста театрландырылған
қойылым түрлерін –
монтаждау барысында әдебиет пен өнердің түрлері мен
жанрлары біріктірілген бірыңғай авторлық мақсатта біріктірілген сахналық
эстрадалық
-
театрлық жұмыстарды қолданған жөн. Театрландырылған қойылым
тарихи және мәдени күндерге, әлеуметтік оқиғаларға, ақындардың,
суретшілердің, театрдың танымал қайраткерлерінің
шығармашылығына
арналуы мүмкін.
Білім алушылардың «Театрдың ғажайып
әлемі» театр өнерінің фестиваль
-
конкурсына қатысуы балалар мен жастар театры шығармашылығын өскелең
ұрпақтың рухани
-
адамгершілік, эстетикалық тәрбиесінің факторы, тұлғаның
үйлесімді дамуы, өзін
-
өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге
бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту факторы ретінде қолдауға және
дамытуға ықпал етеді.
«Балалар және
театр» ағартушылық жобасы аясында білім алушылар жас
ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру ресурсы, тұлғаны
әлеуметтендірудің, көркемдік талғамды қалыптастырудың қуатты құралы,
85
эстетикалық дамыған, шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу тетігі болып табылатын
театрларға барады.
Қазақстандық
патриотизмді,
белсенді
азаматтық
ұстанымды
қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін мектепте өзін
-
өзі
басқару және пікірталас қозғалысы бойынша жобалар іске асырылуда.
Белсенділер клубтары мен мектептерінің жұмысын ұйымдастыру, білім
алушылардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту
бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу ұсынылады. Білім беру
ұйымдарының сайттарында мектептің өзін
-
өзі басқару органдары мен
пікірсайыс клубтарының қызметі көрсетілетін тақырыптық бөлім құру қажет.
Білім алушыларды әлеуметтік маңызы бар қызметке
тартуға және олардың
белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға елдегі қоғамдық маңызы бар
оқиғаларға, мемлекеттік мерекелерге, мерейтойлық және атаулы күндерге
арналған іс
-
шараларға қатысу, сондай
-
ақ тұрақты даму мақсаттарын насихаттау,
балалар мен жастар ұйымдарының әлеуетін пайдалану ықпал ететін болады.
Мектеп Парламентінің қатысушылары арасында челлендждер өткізу
ұсынылады: «Алтын жүрек»; «Мобильді көзқарас: менің жаздағы бір күнім»;
«Мектеп парламентінің өмірінен бір күн» және т.б.
Мектеп парламенттері, мектептегі пікірталас қозғалысы туралы ақпарат
ҚР Оқу
-
ағарту министрлігі Қосымша білім берудің республикалық оқу
-
әдістемелік орталығының ziyatker.org сайтында, «Мен пікірсайысшымын»
Телеграм каналында, Rumcdo_debate_bot Телеграм каналында орналастырылған.
Наурызды мерекелеу аясында жыл сайын республиканың барлық білім
беру ұйымдарында 10
-
20 наурыз аралығында түрлі іс
-
шаралар өткізіледі, оның
ішінде барлық мектептерде Құрманғазының «Балбырауын», «Адай»,
«Сарыарқа» және т.б. күйлері бір уақытта орындалады.
Жалпы білім беретін мектептер ұлттық мерекелер, халықтық салт
-
дәстүрлер негізінде балаларды рухани
-
адамгершілік бағытта тәрбиелеу
жұмыстарын ұйымдастыруы керек.
Қазақстандық
патриотизмді,
ұлттық
бірегейлікті,
әлеуметтік
құзыреттілікті қалыптастыруға, білім алушыларды өз халқының мәдени
дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға
баулуға «Төрт тоқсан –
төрт өнер» ұлттық мәдени
-
ағарту жобасы ықпал етеді.
Жоба елдің зияткерлік байлығы ғана емес, сонымен қатар жалпыадамзаттық
құндылықтардың, халықтардың мәдени және адамгершілік дәстүрлерінің орасан
зор қоры болып табылатын ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған. Жоба
аясында әр тоқсанда бір
-
бірден 4 іс
-
шара анықталды. Бұлар: «Ақындар айтысы»
поэтикалық сайысы; «Алтын сақа» олимпиадасы; «Ұлттық өнер» көрмесі;
«Туған өлкем» фестивалі.
Бірінші тоқсанда Республика күнін мерекелеуге арналған «Ақындар
айтысын» өткізу жоспарлануда. Айтыстың ұсынылатын тақырыптары: «Жаңа
күн –
жаңа Қазақстан», «Туған жерім –
мақтанышым», «Тілім –
тұмарым»,
«Тәуелсіздігім –
тұғырым», «Топырақ жыр –
торқа жыр», «Көк тудың
желбірегені...» және т.б.
86
Екінші тоқсанда Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Алтын сақа»
олимпиадасы өтеді.
Үшінші
тоқсанда Наурыз мерекесі аясында әрбір білім беру ұйымында
«Ұлттық
өнер» көрмесін ұйымдастыру ұсынылады. Тоқыма бұйымдарын жасау
сияқты номинациялар ұсынылады: гобелен, кесте, бисер, батик, киіз басу, патч
-
пластик; ұлттық ою
-
өрнек элементтері бар халықтық киім үлгісін жасау және т.б.
Төртінші тоқсанда «Туған өлкем»
фестивалін өткізу ұсынылады.
Фестиваль аясында өлкетану жобаларының конкурсы өткізіледі. Қатысушыларға
көмектесу үшін өлкетану жобаларының үлгі тақырыптары ұсынылады. Мысалы,
«Zhasyl El», «Туған жердің бояулары»
-
бұл электронды экологиялық карта. Бұл
номинацияда кез келген графикалық редактордың (фотосуреттер, картиналар,
портреттер, суреттер, коллаждар және т.б.) көмегімен дербес орындалған сурет
ұсынылады.
«Eko
-
Bolashak» –
абаттандыру, көгалдандыру бойынша атқарылған
экологиялық жұмыстар, өткізілген экологиялық акциялар, жылыжайлардың,
мектеп жанындағы оқу
-
тәжірибелік учаскелердің, мектеп орманшылықтарының,
экологиялық патрульдердің жұмысы туралы бейнероликтің тұсаукесері.
«Жас өлкетанушы» –
халық дәстүрлері, әдет
-
ғұрыптары мен өнері –
туған
өлкенің
мәдениеті, әдебиеті, өнері, халық шығармашылығы, тарихи,
археологиялық және этнографиялық ескерткіштерді зерделеуге және қорғауға
қатысу; халық ауыз шығармашылығының бай мұрасы, республикада тұратын
халықтардың салт
-
дәстүрлері; мектеп мұражайларын ашу; тұрмыстық заттарды
жасау, киімдер тігу, ұлттық тағамдар әзірлеу және басқалар. «Туған өлкем»
фестивалі де оқушылардың туған өлкесін зерттеуге деген қызығушылығын
арттыруға арналған.
Республикалық қосымша білім беру оқу
-
әдістемелік орталығы сайтының
материалдарын пайдалану ұсынылады
www.ziyatker.org
.
|