97
рубрикаторларды пайдалану кезінде білім алушылардың өзіндік оқу процесіне
белсенді қатысуын байқауға болады. Критерий
-
қойылатын талаптарға сәйкестік
белгісі
және
мінсіз
орындалған
тапсырманың
көрсеткіштерімен
(дескрипторлармен) талданады. Дескриптор білім алушының бағалау
критерийіне жету деңгейін кезең
-
кезеңімен егжей
-
тегжейлі сипаттайды.
Дескрипторларды сауатты құрастыру кезінде
білім алушы өз жұмысының
сапасын дербес бағалайды, оқуда үздік нәтижеге қол жеткізеді, сондай
-
ақ өз
жетістіктерін бағалау бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуге
ынталандырады. Мысалы, «Натурал сандар және нөл»
тақырыбы бойынша
«сандық өрнектердің мәндерін табады» бағалау критерийіне екі дескриптор
болуы мүмкін: білім алушы амалдардың орындалу тәртібін анықтайды; сандық
өрнектің мәнін есептейді.
Осы дескрипторды пайдалана отырып, білім алушы бағалау критерийлеріне
жету үшін екі
параметрді білу керектігін түсінеді.
Бағалау критерийлері тек сабақ мақсатында берілгенді ғана бағалау керек
екенін ұмытуға болмайды, сондықтан білім алушыларға бағалау критерийін
сабақ мақсаты сияқты таныстыру қажет. Егер олар өзара байланысты және дұрыс
құрастырылған болса, білім алушы сабақтың мазмұнын оңай және өз бетінше
түсініп, тақырыпты бекітуге арналған тапсырмаларды орындай алады.
ФБ білім алушылардың нақты міндеттерді немесе
сабақтағы әрекеттерді
орындаған кезде осы бағалау әдістерін жүйелі түрде қолдануға бағытталған.
Әрбір сабақ оқу мақсаттары мен оларға жету критерийлерін білім алушылардың
өздері түсіну деңгейінде айту және көрсетуден басталады. Білім алушы
формативті бағалау әдістерін пайдалана отырып, оқытудың алға қойған
мақсатын түсінеді және
оған қол жеткізуге ұмтылады.
3
) педагогтің білім алушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз етуі.
Кері байланыс арқылы білім алушы өзінің оқудағы олқылықтарын және алға
жылжу үшін нақты ұсынымдарды түсінуге көмектесетін ақпаратты, ал педагог
-
оқудағы
олқылықтарды түсінуге және өз қызметіне
өзгерістер енгізуге
көмектесетін ақпаратты (жаңа әдістерді таңдау, оқыту техникасы, сабақ уақытын
бөлуге өзгерістер енгізу және т.б.) алады. Білім алушыларға жиі және маңызды
кері байланыс берілген жағдайда оқу неғұрлым
тиімді болады.
Кері байланыс сабақтарда «мұғалім
-
оқушылар», «оқушы
-
оқушылар»,
«мұғалім
-
оқушы», «оқушы
-
оқушы» бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
Ол ауызша, жазбаша түрде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Әрбір
сабақта
формативті бағалаудың осы әдістерін тиімді және дұрыс пайдалану оқытуды да,
оқуды да жеңілдетеді. Формативті бағалау әдістерін жүйелі пайдалану кезінде
білім алушы оқуына жауапкершілікпен қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: