20
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес
жүргізіледі.
Салтанатты іс
-
шараның мақсаты:
жаңа оқу жылының басталуы
қарсаңында білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, білім алуға жағымды
көңіл
-
күй мен оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
-
қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
-
білім алушылардың бойында оқуға құштарлық
пен білім алуға деген
ұмтылысын қалыптастыру;
-
білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана
құндылықтарын дарыту;
-
өзара құрмет пен түсіністікке негізделген
мектеп мәдениетін
қалыптастыру.
Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:
-
аудан/қала/облыс әкімдері;
-
бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары;
-
қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
-
мектеп оқушыларының ата
-
анасы/заңды өкілі.
Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата
-
аналары/заңды
өкілдері,
ата
-
аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының
ата
-
аналарының/заңды
өкілдерінің
бірінің
іс
-
шараларға
қатысуының
маңыздылығына назар аудару қажет.
Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға
басты назар аударылады.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі
жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген
ұмтылыс және отаншылдық
құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың
қатысуы ұсынылады.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге
ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін
талқылау.
Міндеттері:
–
білім алушыларға құндылықтар жөнінде
жалпы ақпарат беру;
–
білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін
талқылау;
–
отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
–
сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды
көңіл
-
күй қалыптастыру.
Ұсынылады:
–
балалардың жазғы
демалыстан алған әсерлерін, сондай
-
ақ жаңа оқу
жылынан күтулерін талқылау;
–
«Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде жазғы демалыс барысында
оқылған кітаптар туралы талдаулар, өзара оқылған кітаптар туралы талқылаулар;
–
заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды
21
қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде
білім алушылардың жас
ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс.
Білім күні білім алушылар, олардың ата
-
аналары мен педагогтері арасында
әлеуметтік желілерде 1
-
2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Мектеп
–
мейірбандық мекені» республикалық челленджін
өткізу ұсынылады.
Бейнероликті орналастыру күні: 2023 жылғы 1 қыркүйек.
Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00
-21.00.
Хэштег: Bilim_quni
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:
-
барлығы үшін «Мектебім, менің мектебім!», «Мектебім –
мейірбандық
мекені», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;
–
бірінші сынып оқушыларына арналған «Мектепке алғашқы қадам»;
–
2-
4 сынып оқушыларына арналған «Жазғы каникулдан жарқын естелік»,
«Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім;
–
5-
8 сынып оқушылары үшін –
«Менің саяхатым», «Менің туған өлкем»,
«Жазғы демалыста мен жасаған игі іс»;
–
9-
11 сынып оқушылары үшін –
«Менің үлкен сыныптастарым», «Менің
ойларым, армандарым, үміттерім», «Болашақ менің қолымда»;
–
ата
-
аналар, 1 сынып оқушылары үшін –
«Біздің
мектептегі бірінші
күніміз», «Бірінші сынып –
өмірдің жаңа кезеңі»;
–
сынып жетекшілері үшін –
«Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті
сыныбым!».
Достарыңызбен бөлісу: