Х А Т Т А М А № 2
« жыл
№ сыныбында
сынып жиналысы жүргізілді
Барлығы -26оқушы
Қатысқаны-20 оқушы
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Мектеп ережесімен танысу.
2.Жалпы тазалық, жеке бас гигиенасы.
Тыңдалды:
2023~2024 оқу жылындағы екінші жиналысы қыркүйек күні жүргізілді. Мен,сынып жетекші күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өттім.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша оқушыларға мектеп ережесімен таныстырып өттім. Жалпы тәртіп сақтау ережелерімен, яғни мектеп ішінде, сыныпта, үзілісте, асханада, сабақ үстінде оқушы өзін қалай ұстау керектігін айтып өттім.
Екінші мәселе бойынша жалпы тазалық, жеке бас гигиенасына тоқталдым.Аптасына 2 рет бас жуу,аптасына 1 рет тырнақтарды алу,әжетханаға кірер алдында және шығар кезде қолды жуу туралы айтып өттім.
Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді:
1. Мектеп ережесін сақтау әрбір оқушыға тапсырылсын.
2.Сыныптағы тәртіпті,тазалықты,ұйымшылдықты сақтау сынып белсенділеріне міндеттелсін.
Сынып жетекшісі, хатшы: _____________
Х А Т Т А М А №
жыл
сыныбында
сынып жиналысы жүргізілді
Барлығы -оқушы
Қатысқаны-6 оқушы
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»
Тыңдалды:
2023-2024 оқу жылындағы екінші жиналысы қазан күні жүргізілді. Бұл сынып жиналысының негізгі мақсаты – оқушыларды ұялы телефонның пайдасы мен зиянына тоқталу,балалармен пікір алмасу.Әр оқушының ойын тыңдау.
«Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыбында оқушыларды екі топқа бөліп сұрақ-жауап түрінде өткіздім.Оқушылар бұл сұрақ-жауапқа белсене қатысып, «ұялы телефонсыз өмір жоқ» дегенде пікірлер айтылды. Кейбір оқушылар ұялы телефон болмағанда жақсы болар еді деп те айтып жатты.Бірақ мен оқушыларымның пікірлерін тыңдай келе,ұялы телефонның әуелі пайдасына,сосын зиянына тоқталдым.Ғаламтордан осы ұялы телефоннан қаза тауып жатқан және т.б. мәліметтермен таныстырдым.
Оқушылар осы тақырып жөнінде өз ойларын ортаға салды.Қызу пікірталас болды.
Оқушылар жан-жақты ойын айтты.Соңында ортақ бір шешімге келді.
Себебі,біз ХХІ-ғасырда өмір сүреміз.Біздің заманымыз ұялы телефон,ғаламтормен тығыз байланысты.Сонда да ұялы телефонды көп қолданбай,керекті жерде ғана қолдану керек екенін және осы ұялы телефоннан түрлі аурулар пайда болып жатқанын ғалымдар дәлелдеп жатқанын айттым.Оқушыларыма телефонды сыныпқа әкелген жағдайда, оны сөндіріп қою керектігі, мұғалімдердің рұқсатынсыз телефонды қосуға болмайтындығы ескертілді.
Сынып жетекшісі,хатшы: ___
Достарыңызбен бөлісу: |