2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағЫ


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру



бет8/37
Дата16.08.2023
өлшемі0,83 Mb.
#105339
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
НХ-2023-2024-о у-жылы-ЖОБА

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру


Функционалдық сауаттылық дегеніміз алған білімдерін күнделікті мәселелерді шешу үшін қолдану қабілеті. Функционалдық сауаттылықты дамыту болашақ кәсіби қызметте және жалпы өмірде дағдыларды қолдану үшін қажет.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығы үш негізгі компоненттен тұрады:

  • Оқу сауаттылығы: оқудың дұрыстығын, жылдамдығы мен еркіндігін емес, оқылған мәтінді, сұрақты және әртүрлі тапсырмаларға арналған нұсқауларды түсінуді қалыптастыру;

  • Математикалық сауаттылық: күнделікті өмірде жеке, қоғамдық және кәсіби мәселелерге әсер етуі мүмкін әртүрлі контекстер мен пайымдаулардағы практикалық есептерді шешуге бағытталған;

  • Жаратылыстану сауаттылығы: зерттеу әдістерін қолдана отырып, әртүрлі құбылыстарды, фактілерді, оқиғаларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының негізгі құзыреттерін қалыптастыру кең ауқымды дағдыларды қалыптастыратын қосымша компоненттермен бірге жүреді: креативті ойлау; сыни ойлау; зерттеу дағдылары; коммуникация; рефлексия; жаһандық құзыреттілік.
Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін үш негізгі компоненттер үшін дұрыс тапсырмаларды таңдау маңызды. Функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі тапсырмалар жыл бойы оқу процесінде біркелкі бөлінуі, балалардың жасына және олардың когнитивтік ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Бастауыш мектепте тапсырмалардың оқушылардың практикалық тәжірибесіне сәйкес келуі маңызды. Орта және жоғары сыныптарда білім көлемін және ақпаратты талдаудың күрделілігін біртіндеп арттыру ұсынылады. Пәнаралық және метапәндік сипаттағы интеграцияланған тапсырмалар берілуі керек. Тапсырмаларды орындауда дербес және топтық зерттеу жұмыстарын, жобалау қызметін көздеуі тиіс. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін қолдануды талап етеді. PIRLS-2021
PIRLS-2021 нәтижелері білім алушылардың ақпараттық мәтін, интерпретация, интеграция және бағалау бойынша тапсырмаларды орындауда балдарының төмендегенін көрсетті.
Білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша ұсыныстар: - оқу процесінде ақпараттық мәтіндерді пайдалануды кеңейту;

  • шынайы оқу материалдарын (басқа мектеп пәндерінің материалдары, нұсқаулықтар (рецептер), өмірбаян, электрондық хаттар, газет мақалалары, әлеуметтік желілердегі жазбалар) пайдалану;

  • оқуды оқытуды басқа пәндермен интеграциялау; оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту тек тілдік пәндер сабақтарында ғана емес, пәнаралық контексте де жүруі тиіс;

  • оқудың әртүрлі стратегияларын қолдану дағдыларын дамыту, атап айтқанда білім алушылардың оқуды интеграциялау, жалпылау және бағалау дағдыларын дамыту;

  • өз пайымдауларын келтіруді талап ететін тапсырмаларды (ашық сұрақтар), сондай-ақ «қарапайымнан күрделіге» қарай тапсырмаларды пайдалану;

  • оқу үшін мәтінді таңдағанда сараланған тәсілді қолдану;

  • цифрлық мәтіндермен, оның ішінде интернет-ортада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға машықтану;

  • пәнді оқыту шеңберінде білім алушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет