Атқарылған жұмыстың нәтижесі мыналар болады: – азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімі 2020 жылға қарай
60%- ға өседі;
– құқық қорғау органдары ұсынатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасының халықты қанағаттандыруының өсуі 2020 жылға
қарай
70%- ға дейін жетеді;
– мемлекеттік қызметшінің Ар-ождан кодексіне ұқсас
құқық қорғау органы қызметкерінің Ар-ождан кодексін мемлекеттік қызмет
істері және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі уәкілетті органның оның құқық бұзушылығы туралы істі қарауымен қабылдау.
4.4. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ӨКІЛЕТТІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ Азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысу мүмкіндігі жемқорлықпен табысты күрестің маңызды
көрінісі болып табылады.
«Нұр Отан» партиясы жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктерін кеңейтуде, өз елді мекенін дамытуда жергілікті қоғамдастықтың
мүдделілігі мен жауапкершілігін қолдайды.
Азаматтар жергілікті инфрақұрылымды көркейту, дамыту, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыру, қоғамдық
тәртіпті күшейту мәселелерінен шет қалмауы тиіс.
Тұрғындардың мониторингке және өзін-өзі басқарудағы бюджеттік бағдарламалар бойынша жұмсалатын қаржыны ғана емес, нақты
бір мекеннің проблемаларын шешуге бағытталған бүтіндей барлық бюджеттік шығындардың пайдалануын бақылауға қатысуына
мүмкіндік беру қажет.
Осыған байланысты партия мыналардың заңнамамен бекітілуіне қол жеткізетін болады: – 2020 жылға дейін ауылдық деңгейде, ал 2025 жылға дейін – аудандық маңызы бар қалалардың және қалалардағы аудандардың
деңгейінде бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау және мониторингі жөніндегі азаматтардың құқықтары;
– жергілікті қоғамдастықтың ауыл әкімін мерзімінен бұрын орнынан алу ресімдеріне бастама көтеру жөніндегі өкілеттіктері;
– 2020 жылға дейін меншікті кіріс көздерін қалыптастыруда жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктерін кеңейту;
– жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмысының айқындығы мен ашықтығы.