2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс- қимыл бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата18.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#124437
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы


жылда
сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігіне оң баға беретін қазақстандықтардың саны екі есеге жуық өсті 
(2011 жылы – 
24%, 2014 
– 45%)

Алайда қабылданған шараларға қарамастан елдегі жемқорлық деңгейінің жоғарылығы күрделі мәселе күйінде қалып отыр. 2014-
2015 жылдарға арналған Бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық Индексінің мәліметіне сәйкес Қазақстанда бизнес жүргізудегі бірінші 
кезектегі проблема сыбайлас жемқорлық болып табылады (16,7 балл), бейресми төлемдер мен парақорлықтың жайылғандығы 
жағынан да ахуал нашарлады (2014 жылы – 144 елдің ішінде 80-орында, 2013 жылы – 65-орында). Transparensy International 
көрсеткіші бойынша сыбайлас жемқорлықты түйсіну жағынан Қазақстан 2013 жылы 177 елдің арасынан 140-орын алды (2012 жылы 
– 133). 
Әлеуметтік сауалнамалардың дерегіне сүйенсек, сұралғандардың 42%-ы сыбайлас жемқорлық кеңінен тараған деп есептейді, ал 
33%-
ы онымен тікелей ұшырасқан. Сауал салынғандардың үштен бірі үшін лауазымды тұлғаның сондай жағдай туғызуы пара 
берудегі негізгі себеп болған.
«Қазақстан–2050» Стратегиясындағы ауқымды міндеттерді және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу 
мақсатын жүзеге асыру жағдайында елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігінің сапасын арттыру қажет.
Осыған орай, мемлекеттің ғана емес, қоғамның тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылға байланысты жүйелі және 
ұзақ мерзімге арналған шаралар қажет. Бұл мақсатты іске асыру үшін партияның 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасы 
әзірленді.
ІІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның мақсаты
– сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, 
бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту.
Аталған мақсатқа жету келесі мәселелердің шешілуін талап етеді:
– жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру; 
– сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту;


мемлекеттік органдар қызметі, квазимемлекеттік сектор мен монополия субъектілеріне партиялық және қоғамдық бақылауды 
күшейту;
– жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттілігін кеңейту;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет