Байланысты: 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар.
Осынау құндылықтар өмірлерінде нақты бағдар болатын қазақстандықтар ұрпағын тәрбиелеу қажет.
Сондықтан да нақ осы тәрбие мен білім үдерісі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруының
негізі болып табылады. Бұл жердегі негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар
үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу үлгісі
«Заң», «Әділдік», «Теңқұқықтық» сияқты іргелі түсініктердің
төңірегінде қалыптасуы тиіс. Жемқорлыққа қарсы тұрарлық тәлім білім берудің барлық деңгейінде қалыптастырылуы қажет.
Осы үлгіні қалыптастыру үшін педагогика, психология, юриспруденция, саясаттану, экономика, мәдениеттану, сондай-ақ,
әлеуметтану саласындағы үздік мамандарды тарту қажет.
Тек
таза және адал еңбек қана өскелең ұрпақ үшін табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты
өлшеміне айналуы тиіс.
Өскелең ұрпақ тәрбиесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда түбегейлі маңызды рөл атқарады. Тек ерте жастан
бастап мінез-құлықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптау осы әлеуметтік кесапатты жоюға мүмкіндік береді.
Сондықтан жастар ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті насихаттауда ерекше орын алатын болады. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық жастар бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін жұмылдыратын
партияның «Жас Отан» жастар қанаты осы істің алдыңғы шебінде жүруі тиіс. Партия мыналарға қол жеткізуге ниетті: – отбасында және қоғамда
қанағатшылдықтың (сұраныста ұстамдылық пен қарапайымдылық, басы артық нәрседен бас тарта
білетін парасат пен табандылық),