Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне
айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді.
Партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отанның» XV Съезіндегі «саяси көшбасшылықтың түбегейлі мәселесі – біздің
сыбайлас жемқорлықпен ымыраға келмейтін стратегиямыз» деген тұжырымы қоғамның қазіргі үмітіне толық сай келіп отыр.
«Нұр Отан» партиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тарихи жауапкершілікті өз
мойнына ала отырып, қоғам мен мемлекеттің күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу
себептерін жоюға жұмылдырады.
Партияның саяси Доктринасында бекітіліген –
Адам, Бостандық, Заңның үстемдігі, Әділеттілік, Ынтымақшылдық, Болашаққа ұмтылыс, Отбасы мен дәстүр сынды әмбебап құндылықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін
құрайды.
Бағдарлама қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-қуатын жұмылдыруға бағытталған
саяси құжат болып
табылады. Партия Бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мемлекеттік стратегиясының
идеологиялық негізін қалайды.
I. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес республикамыздың мемлекеттік саясатының басты
басымдығының бірі болып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998
жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы
мемлекеттік орган құрды. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып
келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы
кеңеюде.
«Нұр Отан» партиясы өзінің құрылған кезінен бастап қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген жиреніш сезімін табанды түрде
қалыптастыра отырып, онымен мақсатты күрес жүргізіп келеді. Партияның Сайлауалды тұғырнамасында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс–қимылға арнаулы бөлім бар.
«Нұр Отан» 2008 жылы қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі партиялық бағдарламаны белсенді жүзеге
асыруда. Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық
инфрақұрылымын құрудың, тұлғаларды лауазымына қарамастан жауапқа тартудың, жемқорлыққа қатысты түйткілді мәселелерді
ашық талқылаудың негізгі міндеттері өз шешімін тапты.
Жемқорлыққа қарсы іс–қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес аясында оның өңірлердегі филиалдарының арқасында
барлық деңгейдегі депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың қатысуымен жемқорлық дерті дендеген салалардың
қоғамдық бақылаумен қамтылу өрісі айтарлықтай кеңейе түсті.
Азаматтардың сеніміне ие болған Қоғамдық қабылдаулар кері байланыстың тиімді жолына және тұрғындардың құқықтарын
қорғаудың пәрменді құралына айналды.
Партия тапсырысымен жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар бойынша жағымды өзгеріс байқалады. Мысалы, соңғы