Біздің қазіргі қолданыстағы әліпбиіміз кириллица негізінде құрылғаны бәрімізге мәлім.Қазақ алфавитінде бар жоғы 28 дыбыс болғанымен,біз 42 әріптен тұратын алфавитті қолданамыз,яғни бұл дегеніміз дыбыстан әріп саны көп деген сөз,бұл дегеніміз біздің әліпбиімізде қажеттігі жоқ әріптер саны көп екенін аңғартады,Ал өзге елдер алфавитінде дыбыс саны әріп санымен сәйкес келеді.Мәселен,қазіргі алфавитте ю,я,э,ь,ъ әріптері бар,дегенмен олар екі дыбыстың қосындысы,осы орайда олардың қандай қажетілігі бар деген заңды сұрақ туындайды.Сонымен қатар,бұл әріптер қазақтың төл сөздерінде мүлдем кездеспейді,қолданылмайды,тек кірме,термин сөздер құрамында ғана кездеседі. Мәселен, ағылшын тіліндегі 45 дыбыс 26 таңбамен, француз тіліндегі 35 дыбыс дәл осылай 26 таңбамен беріледі. Қазіргі кирилл графикасындағы қазақ әліпбиінде біздің төл 28 дыбысымыз 42 таңба арқылы берілген. Осыдан-ақ қолданыстағы әліпбидің тіл табиғатына қайшы екендігі байқалады. Ал жаңа латын әліпбиі бізді басы артық таңбалардан арылтады.
Ең бірінші-латын графикасына көшу заман талабы.Біз осы арқылы егеменді,тәуелсіз,дамыған елдер қатарынан екендігімізді дәлелдейміз.
Көптеген түркі халықтары тәуелсіздігін жариялағаннан бері латын графикасына көшкені белгілі,біз латын графикасына көшу арқылы өзіміздің көршілес әрі бауырлас түркі халықтарына тағы бір табан жақындай түсеміз.Қазіргі таңда ағылшын тілі ең маңызды әрі перспективті тіл қатарында екені баршамызға мәлім,біз латын графикасына көшу арқылы дүниежүзілік аренаға еш қиындықсыз шыға аламыз,яғни тілге,жазуға қатысты бірқатар проблемалар жойылады. Қазіргі таңда тілде жазу ең басты рольді атқарады. Латын графикасына көшу өзге елдер мен халықтар арасындағы достастығымызды нығайтуға сеп болады,және де ақпарат алмасуға көмегін тигізеді.Қазақ тілін үйренгісі келген шетелдік азаматтар үшін латын графикасы көп көмегін тигізетіні сөзсіз,себебі шетелдіктер үшін қазіргі қолданыстағы кириллицаны үйрену қажеттігі туындамайды.Сонымен қатар,латын графикасына көшу қазақ қоғамындағы орыстілділікті жоюға мүмкіндік жасайды.