Реферат Тақырыбы: " Сталиндік қуғын-сүргін. Оның ауқымы және ауыр зардаптары "



бет1/8
Дата21.11.2022
өлшемі76,8 Kb.
#51466
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8


«Астана медицина университеті »КеАҚ
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: “Сталиндік қуғын-сүргін. Оның ауқымы және ауыр зардаптары

Орындаған: Қайырбекова Аяулым


Жалпы медицина, 113 топ
Қабылдаған:Омарова Бибижамал Қожахметқызы


Жоспар
1)Кіріспе
2)Негізгі бөлім:
3)1937-1938 жылдардағы қуғын сүргіннің басталуы мен себептері
4)Алашордашылар – репрессия құрбаны
5)Сталиндік жазалаудың құрбаны болған Қазақтың бес арысы
6)Қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлері
7)Азаптау мекені - лагерьлер
8)Қорытынды
9)Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кеңестік қоғам тұсында қазақ тарихының қайғысы мол, қасіреті ауыр парақтары жеткілікті. Солардың бірі бұрынғы Кеңес елінде болған қуғын-сүргін қасіреті. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: ...20-шы жылдары басталған Қызыл қудалау науқаны, 30-шы, 40-шы жылдар, содан кейін 50-ші жылдардың басында күллі елімізге сел болып жайылып қанды көбік шашты. Марқабаттылықты желеу етіп, ұлы мұраттарды уағыздаған болып келсіреген қараниет жүгенсіздік миллиондаған адамдардың жанын қиды, көз жасын төккізіп, қасірет шеккізді,- деп көрсетті. Басы 1920-шы жылдарда қалыптасқан елдегі репрессиялық саясаттың күшті жазалаушы механизмі қалыптасып, 1930жылдар бойына халық жауларымен үзіліссіз күресте жетілдіріп отырды. Әсіресе бұл механизм 1937-1938 жылдар үлкен террор кезінде қарқынды жұмыс атқарды. Олардың басынушылық әрекеттері, сот істерін жаппай өңдеп, оларды жоспарлы түрде соттауға дейін жеткізуі репрессияның жаппай етек алуына түрткі болды. Егер де 1930ж ортасында саяси репрессия орталықтағы және жергілікті жердегі сталиндік жетекшілікке қарсы белгілі және айқын әлеуетті тобына жүргізілсе, 1937ж террор тоталдық сипат алды. Қазақстандықтардың саяси қуғын сүргінге ұшырау себептерін зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы зор. Себебі аталмыш тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы кеңес мемлекетінің зорлық-зомбылық шараларының мәні ашылып, өткен тарихымызды жаңаша талдауға көмегін тигізетіні анық. Кеңес үкіметі өз халқын қуғын-сүргінге ұшырату саясатын мақсатты түрде жүргізді.



Осындай зобалаң кезеңде қазақтың небір дарынды, небір айтулы қазақтың бетке ұстар ұлт зиялылары мен қоғам қайраткерлері қуғынға ұшырап, жазықсыз жала жабылып, айыпталып сотталды. Сонау Итжеккенге, еңбекпен өтеу лагерьлеріне айдалып, түмеге жабылып, онда түрлі қиыншылықтарды бастарынан өткерді. Бұдан басқа қарапайым халық та жаппай жазаланып, ең сорақысы ату жазасына кесіліп, талай адам бұл дүниемен қош айтысты. Осы семестрлік жұмысым аясында мен осы қуғын-сүргіннің басталуын, қуғынға ұшыраған қоғам қайраткерлерінің, соның ішінде Алашордашылардың қатал тағдырын, қазақтың ұлы тұлғалары бес арысы туралы баяндамақпын Партия қатарынан шығарылып, айыпталып жазаға ұшыраған қоғам қайраткерлері жайын және қан кешті қырғын, қиыншылық, жазалау орны болған лагерьлер туралы айтып өтпекпін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет