21- ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?” Мектеп-білім ордасы,жас ұрпаққа білім,тәрбие беретін мекеме,білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысан сапалы әрі жүйелі білім беру
Алматы облысы Талғар қаласы С.Сейфуллин атындағы #2 жалпы білім беретін орта мектебінің 9”г” сынып оқушысы Тоқтарбекова Елдана Сынып жетекшісі: Исаева Насихат Рамазанқызы “ 21- ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?”
Мектеп-білім ордасы,жас ұрпаққа білім,тәрбие беретін мекеме,білім беру жүйесінің негізгі буыны.Басты нысан сапалы әрі жүйелі білім беру. Бұл жерде тек білім алып қана қоймай,сонымен бірге өмірлік өз жолымызды қалыптастыра бастаймыз.21 ғасырда мектеп қандай болуы тиіс деп ойлайсыздар ? 21 ҒАСЫР БІЛІМІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ Сәттілік бұрынғыдан басқаша көрінеді. Жоғары жетістіктерге жету үшін адам мектеп табалдырығынан білім алуы тиіс.Алайда 21 ғасыр балаларының өз зиінін білімге толықтай ашу үшін қандай шара қолдануымыз қажет? Мысалға біз мектеп оқушылары болғандықтан , бізге мектептің қолайлығы, заманауилығы, болашақта қажет болатын пәндерді ғана тереңдетіліп оқылуы, мектеп тазалығы болғаның қалаймыз. •ҚОЛАЙЛЫҒЫ- денсаулық өмір кепілі демекші, асханадағы тағамдардың пайдалы тағамға ауысуы. Спортзалдың кең болуы, әр спорт түріне арналған заттардың болуы, лазер сәулесі арқылы футбол, баскетбол, волейбол зонасының ауысуы, таза әрі кең гардеробтың болуы. •ЗАМАНАУИЛЫҒЫ- Егерде біздің мектептер Америкалық немесе даму сатысының басындағы елдердің мектептері бағыттарын ұстанса бұл әрбір балаға сапалы білім береді. Мысалы Қызығушылығын дамытатын арнайы үйірмелер және балаға жеке көңіл бөлу . Әрбір баланың жеке шкафы болуы , заманға сай мектеп формасының болуы. Бірақ өз менталитетімізді, өз бойымыздағы құндылықтарды жоғалтып алмауымыз қажет. •Ал енді болашақта керек пәнді тереңдетуге келетін болсак, бізге бұл болашаққа жаңаша қадам басу, әрі тиімді. Себебі болашақ мамандығының, өз ісінің маманы болуымыз үшін қажет. •Ойымды қорытындылай келе 21 ғасыр мектебі заманға сай болып , баланың болашағына нық қадам беруге бағытталу керек . Мен болашақта біздің мектептердің таза , берік , әрі өз жанымызға, қазақ жанына һәм негізінде құрылуына кәміл сенемін!