№21 (8328) 18 наурыз, сәрсенбі, 2015 жыл


Б.ЖАНӘЛІ СЫЙ-ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕКТЕН ТАПҚАН



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата05.02.2017
өлшемі17,32 Mb.
#3448
1   2   3   4

Б.ЖАНӘЛІ

СЫЙ-ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕКТЕН ТАПҚАН...

Әлемдегі кез келген мемлекет үшін татулық 

пен  қоғамдық  келісімнің  маңызы  ерекше.  Бұл 

орайда, көп ұлтты елімізде бірліктің тұрақты болуына тәуелсіздік алған 

жылдардан  бастап  аса  мән  беріліп  келеді.  Мемлекетімізде  өмір  сүріп 

жатқан  өзге  ұлт  өкілдерінің  мүддесі  Көшбасшымыздың  басты  назарын-

да. Тікелей қадағалау жүргізуге ҚР Президенті жанынан консультативті 

кеңестік  орган  ретінде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  құрылып,  бүгінде 

аталған  ұйымның  татулықты  сақтау  жолындағы  жүргізіп  жатқан 

жұмысына 20 жыл толды. 

Екі  онжылдық  мерейлі  мерекесіне  байланысты  еліміз  бойын-

ша  іс-шаралар  апта  сайын  өтуде.  Мұндай  маңызды  мәдени  шаралар  ау-

дан  көлемінде  де  жиі  ұйымдастырылып  отыр.  Солардың  бірі  кентте 

орналасқан  «Айгөлек»  балабақшасында  болып  өтті.  «Қазақстан  –  ортақ 

үйіміз»  тақырыбындағы  байқау  балабақшаның  қызметкерлері  арасын-

да  ұйымдастырылды.  Олар  қырғыз,  өзбек,  орыс  ұлтының  өкілдері  аты-

нан шығып, этностардың өнері мен мәдениетінен хабар берді. Еліміздегі 

тұрақтылық  пен  бірлікті  халыққа  насихаттау,  қызметкерлер  арасын-

да өзара ұжымдық  татулықты қалыптастыру және жастарға патриоттық 

тәрбие  беру  мақсатындағы  мәдени  шараны  балабақша  меңгерушісі 

А.Шоханова  ашып  бергеннен  кейін  қатысушылар  төрт  кезең  бойынша 

сынға түсті. Байқауға қатысушылар алғашқы кезеңде өздерін таныстырып, 

«Өнерліге өріс кең» сайысында өзге ұлт өкілдерінің өнерлерін паш етті. 

«Өнерді үйрен де жирен» кезеңінде қолдан жасаған бұйымдарын көрсетіп, 

әділ бағаларын алды. Ал «Ас – адамның арқауы» сайысында балабақша 

қызметкерлері этностардың ұлттық тағамдарын дайындаған. 

«Береке басы – бірлікте» деген нақылды басшылыққа алған байқаудың 

қорытындысында  орыс  ұлтының  тыныс-тіршілігінен  хабардар  еткендер 

бірінші орынды иеленді. Өзбек ұлты атынан шыққандар екінші орынды 

алса, қырғыз халқын сомдағандар үшінші орынға ие болды. Олар арнайы 

дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар алды.

Е.БЕРКІНБАЕВ

Ұлағат

ТАТУЛЫҚ 

ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ 

ТУ ЕТЕДІ

Тағдырдың  маңдайға  жазғаны  сол  -  ата-бабалардан 

мұраға қалған қазақтың ұлан-ғайыр даласы түрлі замандар-

да жер ауып келген сан түрлі ұлттар мен ұлыстарға пана 

болды. Алыстан кім келсе де құшағын жайып қарсы алатын 

қазақтың кеңпейілдігі мен қонақжайлылығы да бұған өзінің 

ықпалын тигізбей қойған жоқ. Сан тарап-

тан  соққы  жеп,  бас  сауғалағандары  бар, 

күшпен жер аударылып, айдалғандары бар, 

түрлі халықтар қазақ жеріне табандары ти-

генде  еліміздің  қонақжай,  кеңпейіл,  тату 

тірлігіне  көз  жеткізіп,  шапағатын  сезінді. 

Бүгінде олар басқа елді Отаным деп сана-

майды,  іргелерін  бекітіп,  осында  тамыр 

жайған  қай  ұлттың  өкілінен  сұрасаңыз 

да,  олардың  тарихи  отандары  біреу,  ол 

-  Қазақстан.  Бірлігі  бекем,  тұрақтылығы 

тұғырлы тәуелсіз еліміз дінаралық қатынас 

саласында  өзге  елдерге  үлгі  боларлық 

сарабдал  саясат  жүргізіп  келеді.  Оған 

республикамыздағы  дін  және  дінаралық 

қатынас  саласындағы  ахуал  соңғы  екі 

онжылдықта  айтарлықтай  өзгерістерге 

ие  болғандығы  дәлел.  Қоғамдағы  діннің 

орны  нақтыланып,  мәртебесі  көтеріліп, 

қызмет аясы кеңіп, соның нәтижесінде бұл 

тұрғыдағы  атқарылуы  тиіс  жұмыстар  бір 

арнаға түсті. 

Жуырда  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  қолдауымен 

дін  мәселелерін  зерттеу  бөлімшесінің  ұйымдастыруымен 

және  Шаған  ауылындағы  №37  орта  мектебінде  жоғарғы 

сынып оқушыларымен ұлттар мен ұлыстар достастығының 

маңыздылығын  жастар  арасында  кеңінен  насихаттау 

мақсатында  «Этносаралық  және  дінаралық  келісімнің 

Қазақстандағы үлгісі» тақырыбында кездесу болып өтті.

Кездесу  барысында  діни  тұрақтылық  пен  өзара 

түсінудің  ел  дамуына  тигізер  әсері  мен  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 20 жылдығын тойлаудың маңыздылығы 

түсіндірілді. «Сырдария аудандық мұсылмандар» мешітінің 

наиб  имамы  С.Қозбағаров  пен  Сырдария  аудандық  дін 

мәселелерін зерттеу бөлімшесінің ұйымдастырушы мама-

ны А.Мырзабай аталмыш тақырып төңірегінде мәліметтер 

келтіріп, оқушылармен еркін түрде пікір алмасты. «Бірлік 

бар жер берекелі» демекші, өзге ұлттарға деген көзқарастың 

оң  және  өзге  дін  өкілдеріне  деген  сый  құрметтің  өз 

деңгейінде  болуы  жайлы  оқушылардың 

санасына  өмірлік  азық  боларлықтай 

ой  салынды.  Сонымен  қатар,  кездесуді 

пайдалана  отырып  дін  мәселелерін 

ұйымдастырушы 

маман 

тарапы-


нан  оқушылардың  мектеп  алдындағы 

міндеттерін айқындап, барынша көбірек 

білім нәрімен сусындау қажеттігі айтыл-

ды. Оқушылар да өздерін толғандыратын 

сұрақтарын  сала  мамандарына  жолдап, 

толыққанды мәліметтерге қанық болды.

Жалпы, 

діни 


тұрақтылық 

дамудың  негізгі  кілті.  Дін  адамдар 



дүниетанымы мен эстетикалық талғамын 

қалыптастыруға,  қоғам  мүшелерін  құр-

меттеп,  айналаға  мейіріммен  қарауға, 

бейбіт өмірді қамтамасыз етуге, татулық 

пен  тыныштыққа  қызмет  етіп  қана 

қоймай,  адамның  жан  дүниесін  иман 

нұрымен нұрландырып, көркем мінез бен 

сабырды  серік  етуге  жетелейтін  бірден-

бір ілім. Сондықтан иманды, тәртіпті, білімді ұрпақтар діни 

тұрақтылыққа жіті мән беріп, тұрақтылық пен татулықты, 

ынтымақты сақтау жолында аянбай іздене берулері тиіс.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

Тереңөзек кенті орталығындағы сауда нысандары мен дүкен иелеріне 

көше бойына құрылыс қалдықтарын және күл-қоқыс тастамау, санитарлық 

тазалықты  сақтау    қажеттілігін  түсіндіру  мақсатында  кент  әкімдігінің 

бастамашылығымен  құрамында  Тұтынушылардың  құқығын  қорғау 

басқармасының, ішкі істер бөлімінің және кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ту-

ризм бөлімінің қызметкерлері бар топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын 

жүргізіп,  арнайы  үнпарақтар  таратты.  Кент  орталығындағы  Д.Қонаев 

көшесіндегі «Әли» дүкенінен басталған рейд жұмыстары Аманкелді Има-

нов  көшесіндегі  «Ақмаржан»,  «Серікбол»,  «Қасымжомарт»,  «Заңғар», 

«Ет-сүт  өнімдері»,  «Тоғжан»  дүкендерінде  жалғасты.  Мұнан  кейін 

рейд  мүшелері  «Жандос»,  «Жазира»,  «Гүлден»  дүкендері  мен  «Жусан» 

дәріханасының  иелеріне  Үкіметтің  қаулысымен  бекітілген  тазалық  нор-

маларын  сақтау,  оны  болдырмау  төңірегінде  түсіндірме  жұмыстарын 

жүргізіп, Заң аясында кеңестер берді. Өз кезегінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп 

және  туризм  бөлімінің  бас  инспекторы  Ғ.Үсенбаев  мемлекет  тарапы-

нан  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамытуға  жан-жақты  көмектер  жа-

салып  жатқанын  атап  көрсетіп,  тазалықты  сақтау  -  әр  адамның  міндеті 

екенін  алға  тартты.  Сонымен  қатар,  кент  әкімі  аппаратының  инспекто-

ры  Д.Смайлов  пен  тұтынушылардың  құқығын  қорғау  басқармасының 

бас  маманы  Ә.Мырзабаева  тазалық  сақтау  және  көркейту-көгалдандыру 

жұмыстарын  жүргізу  мақсатында  осы  тектес  шаралар  тұрақты  түрде 

ұйымдастырылатынын жеткізді.

Үстіміздегі  жылы  Тереңөзек  кенті  бойынша  2000  дана  сыр  талы 

көшеті мен 5400 қаламша, 2800 терек отырғызу жоспарланып отыр. Кент  

орталығына 3780 шаршы метр жерге түрлі гүлдер егілмек. 

4  наурыз  күні  «Майжарма»  каналының  маңайына  сенбілік 

ұйымдастырылғаны  белгілі.  Сенбілікке  қатысушылар  канал  ішін  күл-

қоқыстан,  тұрмыстық  қалдықтардан  тазартып,  суғару  маусымына  сай 

тиісті  жұмыстарды  атқарды.  Сондықтан  түсіндірме  жұмыстары  «Май-

жарма»  каналының  оң  және  сол  жақ  қапталындағы  тұрғындарға  да 

түсіндіріліп, каналға күл-қоқыстарды тастамау қажеттігі айтылды. 

Айта  кетуіміз  керек,  негізінен  тәрбие  бар  жерде  ғана  тазалық  бо-

лады.  Кез-келген  жердің  тазалық  көрсеткiшi  сол  қала  тұрғындарының 

мәдени  деңгейiн  көрсетедi.  Өздеріңіз  білетіндей,  кент  тұрғындарының 

жақсы  тұрмысы  үшін  игі  істер  атқарылуда.  Көшелер  кеңейтіліп, 

жарықтандырылып,  жаңа  клуб,  емхана  салынып,  пайдалануға  берілуде. 

Мұның  барлығы  да  біздер  -  кент  тұрғындары  үшін.  Сондықтан  барды 

қадірлей отырып, «Аула тазалығы - отағасына, ауыл тазалығы - азаматы-

на сын» демекші, туған еліне құрметпен қарап, ел - жұртын жақсы көретін 

азаматтарды  Тереңөзек  кентін  көркейтуге,  абаттандыруға,  еліміздегі  ең 

таза аймақтардың бірі болуына белсене атсалысуға шақырамыз.



А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ

Кент - ортақ үйіміз

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ 

ЖҮРГІЗІЛДІ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2005  жылғы  03  мамырдағы  №1567  «Қазақстан  Республикасы 

Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін бекіту туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының 

1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес,  ҚР ҚМ МКК  Қызылорда 

облысы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  департаментінің    Сырдария  ауданы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер 

басқармасында 21-3-84 «сенім телефоны» жұмыс істейтінін хабарлайды.



  Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасы басшыларының  жеке 

тұлғаларды  және  заңды тұлға өкілдерін қабылдау  К Е С Т Е С І

Аты-жөні, тегі

Атқаратын 

қызметі

Азаматтарды 

қабылдау күні

Орналасқан    жері

Байланыс 

телефондары

Дүйсенов Бақыт 

Жабайұлы

Басқарма 

басшысы

 бейсенбі күндері сағат 



11.00-ден 17.00 дейін

Тереңөзек кенті

Қ.Қазантаев№4

201 кабинет

(8-724-36) 21-3-84

Жұманов Марат 

Әмзеұлы

Басшының 



орынбасары

Күнделікті 

9.00 ден -18.00 дейін

Тереңөзек кенті

Қ.Қазантаев№4

202 кабинет

(8-724-36) 21-8-89

2015 жылдың  1 жарты жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Қаржы 

Министрлігі Мемлекеттік кірістер  комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік 

кірістер департаментінің Сырдария  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 

жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау  кестесі

Қабылдау бейсенбі күндері сағат 15:00-18:00 аралығында жүргізіледі.

Қабылдауға (8-724-36) 21-3-84 телефоны немесе e-mail: sirdaria@taxkzil.mgd.kz сайтына жазылуға болады.

Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

   Лауазымы

   Аты-жөні



     Қабылдау күні мен

     уақыты

Орналасқан

    орны

Қызмет телефоны

           1

             2

             3

             4

           5

Сырдария ауданы бойынша 

мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшысы

Дүйсенов Бақыт 

Жабайұлы


 2015 жылдың

 29 қаңтары

Тереңөзек кенті

Қ.Қазантаев көшесі № 4

21-3-84

Сырдария ауданы бойынша 



мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшысы

Дүйсенов Бақыт 

Жабайұлы


 2015 жылдың             

 26 ақпаны

Тереңөзек кенті

Қ.Қазантаев көшесі № 4

21-3-84

Сырдария ауданы бойынша 



мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшысы

Дүйсенов Бақыт 

Жабайұлы


 2015 жылдың       

 26  наурызы

Тереңөзек кенті

Қ.Қазантаев көшесі № 4

21-3-84

Сырдария ауданы бойынша 



мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшысы

Дүйсенов Бақыт 

Жабайұлы


 2015 жылдың

 23  сәуірі

Тереңөзек кенті

Қ.Қазантаев көшесі № 4

21-3-84

Сырдария ауданы бойынша 



мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшысы

Дүйсенов Бақыт 

Жабайұлы


 2015 жылдың

 28  мамыры

Тереңөзек кенті

Қ.Қазантаев көшесі № 4

21-3-84

Сырдария ауданы бойынша 



мемлекеттік кірістер 

басқармасының басшысы

Дүйсенов Бақыт 

Жабайұлы


 2015 жылдың

 25 маусымы

Тереңөзек кенті

Қ.Қазантаев көшесі № 4

21-3-84

ҮЙ САТЫЛАДЫ

Тереңөзек кенті Жеңістің 50 жылдығы көшесіндегі №3 үй сатылады. Үй еурожөндеуден өткен, 

7 бөлмелі. Бір жерден жылытылады. Ауыз су үйдің ішінде. Есік алдында моншасы, гаражы, са-

райы, мал қорасы бар. 

Хабарласу телефондары: 22-0-31, 8-775-575-03-52

ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ДАМУ КЕПІЛІ

А д а м г е р ш і л і г і м е н , 

азаматтық  іс-әрекетімен  ай-

наласына  қадірлі  болған, 

кісілік  пен  кішілік  нұры 

тұла  бойынан  төгіліп  тұрған 

асқар таудай әкеміз Сисенов 

Самұрат 

Пернебайұлын 

асқаралы  60  жасқа  толған 

туылған  күнімен  және  ана-

мыз  Ахметова  Маржанкүл 



Сәрсенбекқызымен 

отау 


құрғандарына  38  жыл  толу-

ымен  құттықтаймыз.  Отбасымыздың  тірегі,  өміріміздің  мәні 

болған  ата-анамызды  шын  жүректен  құттықтап,  ұзақ  ғұмыр 

тілейміз.

Ұлы өмір жолында білімді болуға баулып, еңбексүйгіштікке 

үйреткен,  әрдайым  пана  болған  ата-анамыздың  алдында 

мәңгілікке  қарыздармыз.  Ол  кісілердің  біздің  бүгінгі  күндегі 

жеткен  жетістігіміз  бен  бағындырған  белесімізде  елеулі  үлесі 

бар. Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті 

ата-анамыздың ұрпақтарының қызығын көріп, қуанышқа бөлене 

беруін  шын  жүректен  қалаймыз.  Әулетіміздің  киесі  саналған 

ардақты  жандарға  Алла  Тағала  күш-қуат  беріп,  бақыты  мен 

қуаныштарын  өмірге  әкелген  перзенттерінің  қылығынан, 

қызығынан көре берсін. 

Әкешім арқа сүйер тірегімсің,

Өзгелер соны мәңгі біле жүрсін.

Ұрпағың, әр күн сені бақытты етер,

Тәңірден тілейтұғын тілегімсің.

Анашым ардақтымсың, жүрегімсің,

Кеудеңе қуанышты жыр егілсін.

Сен барда жылылықты сезінумен,

Емін-еркін масайрап, күлеміз шын.



 

Құттықтаушылар: Ұл-қыздары, 

күйеу балалары, келіні және немерелері.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет