21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ұйымдастырылған «Ана тілің – арың бұл!» атты іс-шарада «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» диктант байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Оқушыларға өз ана тілінің құдіреттілігін сезіндіру. Тіл құдіретін таныту арқылы оқушылардың бойындағы адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру. Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру; сауатты, көркем жазуға баулу; ұқыптылыққа тәрбиелеу.
5-сыныптар арасында диктант байқауынан жүлделі орын алғандар: 1 орын – Жақсымбет Маржан 5 «А» 1 орын – Сайып Сезім 5 «В»
1 орын – Кебекбай Мерей 5 «Б»
1 орын – Олжабай Асылжан 5 «А»
1 орын – Нұрмахамбетова Аружан 5 «Ж»
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
5 «А,Ә,Б,В,Ж» сынып оқушыларынан алынған эссе қорытындысы 2022-2023оқу жылы