204-топ
Тастемір Алина
4-СӨЖ
1-тапсырма
Ең алдымен , әдеби норманың өзіне түсініктеме беріп өтсем,әдеби норма дегеніміз-ортақ тілге сараланып,түсінікті етіп,ойды дәлме-дәл білдіруге арналған тілдің ортақ жүейелері болып табылады.Диалект сөздердің әдеби нормаға қаншалықты сай келетіні,оның әдеби нормаға ене ала ма жоқ па екендігіне,кейбір сөздер иә деген жауапты туындатса,кейбір сөздер жоқ дегенді туындатып тұрады.Олай деуімнің себебі,мысалға кесе деген диалект сөзді алатын болсақ,оның айтылуы мен жазылуына қарай,кейбір жерлерде кәсе деп айтады,ал бұл орфоэпиялық норма мен орфографиялық норманы әбден бұзады.Сол секілді,көзілдірік сөзі көзгеілдірік деп айтылады,бұл жерде де орфографиялық нормаға сәйкес келмей тұр.Әдеби тілде бірізділік сақталуға тиіс.Ал енді,мына бір апамдар,ағамдар,атамдар сөздері грамматикалық нормадан ауытқып тұр,себебі ағаларым,апаларым,аталарым де айтылуы шарт болып табылады.Кейбір елді-мекендер де,әдеби норманың сақталмауынан дәл осындай, диалект сөздер қалыптасып кеткен.Ал енді,неліктен диалект сөздер әдеби нормаға енеді дегенге тоқталатын болсам,кейбір жерлерде жоғарыда атап өтілген нормаларды бұзбай,өз түсініктері бойынша қалыптасып кеткен сөздердің бар болуында.Мысалы,батыста жастықты-көпшік десе,оңтүстікте жастық өз мағынасында қолданылады,кейбір жерлерде жастаңғыш деп айтылуы мүмкін,демек бұл жастық,жастанғыш сөздері бастапқы мағынасын жоғалтпай,сол ортақ мағынада жұмсалуына байланысты біз оларды,әдеби нормаға кіре алады деп есе