Саяси сана деңгейлері.
Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді.
Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.
Саяси сананың функциялары.
Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі.
Саяси тәрбие
Саяси тәрбие - тұрғындардың саяси санасы мен мінез-құлқына жүйелі және бағытталған ықпал ету үрдісі, жеке тұлғаның санасы мен өзін-өзі тану санасын, топтық саяси сана мен қоғамдық сананы қалыптастыру. Саяси тәрбие мақсаттары, мазмұны мен оны ұйымдастыру қоғам саяси жүйесінің сипатымен анықталады және оны сақтау мен дамыту мүдделеріне қызмет жасайды. Саяси тәрбиенің негізгі міндеті жүйедегі үстемдік етушісі саяси құндылықтар, саяси мінез-құлық ережелері мен нормативтік үлгілерін сақтау мен жаппай ендіру. Бұл жүйеде үстемдік етуші саяси мәдениет түрінің таралуымен байланысты.
Саяси тәрбие екі негізгі бөліктен тұрады: рационалды, тиімді, яғни қажетті саяси ақпаратты тарату; эмоциялық, яғни саяси қатынастар жүйесін дайындау. Бірінші бөлік - қоғам мүшелерін жүйеге тиімді саяси білімдермен қамтамасыз ететін саяси ақпарат (білім) жүйесі. Мұндай жүйе қатаң (тоталитарлық вариант) немесе қатаң емес (демократиялық вариант) болуы мүмкін. Мысалы, кезінде КСРО-да саяси білім жүйесі кеңінен тараған еді. Саяси тәрбиеде саяси білім жиынтығынан басқа саяси саладағы адамдардың тұрақты эмоциялық таңдауларын қалыптастыруға бағытталады. Бұл бөліктің рөлі мен сипаты саяси жүйемен анықталады.
Саяси тәрбие білім мен сенім ортақтығын қалыптастыруға бағытталады.
Саяси тәрбие әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді.
• Тікелей әдістерге: қажетті ақпаратпен бекітілген дәлелдеу; нәубетшіл санкциялармен бекітілген мәжбүрлеу жатады.
• Жанама әдістерге: саяси белгілер мен салт-жораларды пайдалану; ұйымдастырылған қызықтырушылық (мектеп оқушылары болса мақтау, мақтау қағаздарын табыстау); әңгімелесу, қоғамдық-саяси аттестация сияқты арнайы бағытталған жағдайлар жүйесін қалыптастыру.
Саяси тәрбие құралдары сан алуан. Жеке тұлғалық деңгейде саяси тәрбие қоғам мүшелеріне саяси жүйемен арнайы бөлінген адамдардың (насихатшылар, комиссарлар, саяси қызметкерлер, тәрбиешілер) жеке ықпалы маңызды рөл атқарады.
Олар арнайы жағдайларды қалыптастыру арқылы сөзбен және жеке үлгімен ықпал етуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік топтар деңгейінде топ мүшелерін саяси өзара тәрбиелеудің ұжымдық жиналыстар мен басқа да топтық акциялар түріндегі жолдары қалыптасады. Үлкен әлеуметтік қауымдастықтар деңгейінде саяси тәрбие құралдары: митингілер мен шерулер. Саяси тәрбиенің барлық деңгейінде БАҚ және саяси коммуникация маңызды құралдар болып есептеледі.
Саяси тәрбие барлық құралдары мен әдістерінің тиімділік өлшемі саяси жүйеге сай жеке тұлғаның мінез-құлық тәсілі, жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі. Саяси өзін-өзі тәрбиелеу - әлем, қоғам және оның дамуы туралы әдебиеттерді адамның өзі ізденіп зерттеуі.
Саяси тәрбие саяси әлеументтендірудің жеке жағдайы. Әлеументтендірудің ұйымдасқан тәсілі ретінде саяси тәрбие жеке тұлғаны қалыптастырудың барлық сатыларында атсалысады. Саяси тәрбиенің жылдамдық деңгейі қоғамдағы идеология мен саясат салмағына тәуелді. Ол жоғары болған сайын саяси жүйе өзін-өзі сақтау мәселелеріне де көп көңіл бөледі, сол саяси тәрбие ауқымдырақ және жылдамырақ жүреді. Саяси тәрбие нәтижелеріне бақылау жасау деңгейі жүйенің демократиялық деңгейімен, оның сан алуандылығымен, саяси тәрбиенің басқа модельдеріне шыдамдылық танытуымен анықталады.
1.Саяси сана деңгейлері?
2.Саяси сананың функциялары?
3.Тиімді саяси тәрбие?
№ 30 Саяси мәдениет қызметтері.
Жоспар:
1.Саяси мәдениеттану ғылымының зерттейтін мәселелері.
2.Саяси мәдениттің қызметтері.
Саяси мәдениет. Саяси жүйенің саяси санамен байланысты субъективтік жағын білдіру үшін «саяси мәдениет» ұғымы қолданылады. Бұл ұғымды алғаш неміс ағартушысы, философ И.Гердер (1744-1803) қолданысқа енгізген. Саяси ғылымға оны нақтылы мазмұнда кірістірген америкалық саясаттанушы – Г.Алмонд. Саясат субъектілері өз әлеуметтік мүдделерін іске асыруға әрекет жасағанда, олардың іс-қимылдары ой-сана сүзгісінен өткізілген саясат әлемі турасындағы белгілі бір түсініктерге негізделеді. Бұл түсініктердің мән-мағынасы қоғамда қалыптасқан саяси мәдениет арқылы, яғни тұрғын халықтың көпшілігіне ортақ саяси құндылықтар жүйесі арқылы анықталады. Басқаша айтқанда, саяси мәдениет саяси іс-қимылдардың бағыт-бағдарын туралап, оларға мән-мағына беріп отырады.
Саяси мәдениет деп қоғам мүшелерінің саяси тәжірибесін реттеп, саяси мінез-құлқын жөнге салып отыратын саяси өмірдің баршаға ортақ нормаларын, саяси құндылықтар, идеалдар, наным-сенімдер, бағыт-бағдарлар, дәстүрлер мен рәміздер жиынтығын айтады. Саяси мәдениет жеке тұлғалардың билікпен арақатынасын реттеп, қоғамды белгілі бір ортақ мақсат-мұраттар төңірегінде бірігуге, сөйтіп азаматтық үйлесімділік пен тұрақтылыққа жетелейді.
Америкалық саясаттанушы ғалым Г.Алмондтың пікіріне жүгінсек: «саяси мәдениет осы бір берілген саяси жүйе қатысушыларының жекелеген ұстанымдары мен бағадарларының жиынтығы болып табылады. Бұл дегеніміз – саяси іс-қимылдардың негіздемесін құрайтын және соларға мән-мағына беретін субъективтік сала». Біріншіден, мұнда саяси мәдениет – саяси іс-әрекетке деген бағдарлардың жиынтығы екені, яғни іс-әрекеттің өзі емес, тек соған деген субъективтік нұсқама ғана екендігі білдіріледі. Екінші жағынан, ол саяси бағдарлардың құрылымын былай анықтайды:
а) саяси жүйе туралы, оның рөлі, қызметі, саяси шешімдерді қабылдауға әсер ету мүмкіндіктері, айла-тәсілдері туралы білімдер – білімдік бағдарлар;
ә) саяси жүйе, оның құрылымы, қызметтері, қоғам өміріндегі рөлі және осыларды орындаушы саяси қызметкерлер жөніндегі сезімдер – сезімдік бағдарлар;
б) саяси жүйе, оның қызметтері, рөлі туралы құндылықтық мәні бар пікірлер, пайымдаулар мен түсінімдер – құндылықтық бағдарлар.
Г.Алмондың мойындағанындай, бұл ұғым сырт қарағанда бірдей болып көрінетін саяси жүйелердің сапалық өзгешеліктерін, яғни іс-әрекеттері нәтижелерінің неліктен әртүрлі болып шығатынын түсіндіруге мүмкіндік береді. Формалдық жағынан біркелкі сияқты саяси жүйелердегі бұл өзгешеліктер саяси мәдениет деңгейіне байланысты болады.
Саяси мәдениеттің қызметтері. Саяси мәдениет қоғам өмірінде мынадай қызметтер атқарады:
• адамдардың қай әлеуметтік топқа жататынын түсінуге мүмкіндік беретін бірегейлендіру қызметі;
• саяси құбылыстардың мән-мағынасын ұғындыратын бағдарлау қызметі;
• саяси мінез-құлыққа дағдыландыру арқылы іске асатын бейімдеу және әлеуметтендіру қызметі;
• әртүрлі топтардың құндылықтарды сақтауға және олардың төңірегінде бірігуіне бағытталған интегративтік қызметі;
• саяси субъектілер мен институттардың белгілі бір таптаурындар (стереотиптер), әпсаналар мен рәміздер негізінде өзара әрекеттесуін іске асыратын коммуникативтік қызметі.
Кейінгі жылдардағы зерттеулерде саяси мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қоғамда қалыптасып отырған бұқара халықтың көңіл-күйіне байланысты жағдаяттарға (мысалы, өміріне қанағаттану сезімі, басқаларға сенуге деген ықтиярлық және т.б.) назар аударылуда. Мысалы, «өмірге қанағаттану не қанағаттанбау» сезімі азаматтардың саяси жүйеге деген қатынасына күшті әсер ететіні анықталған. Азаматтардың өз мүдделері бойынша әртүрлі топтарға, қауымдастықтарға бірігу мүмкіндіктері «басқаларға сену» сезімінің қаншалықты дәрежеде дамығанына байланысты. Ал қоғамда әртүрлі саяси-әлеуметтік топтардың, бірлестіктердің, қауымдастықтардың болуы демократияның орын тебуінің шарттарына жатады. ХХ ғасырдың 90-жылдары жүргізілген зерттеулерге қарағанда өмірге өмірге қанағаттану сезімі Данияда, Исландияда, Нидерландыда, Швецияда, Канадада, АҚШ-та өте жоғары (80,6 – 85,7%), Бельгияда, Ұлыбританияда, Батыс Германияда (71,5 -78,4%) сәл төмендеу, одан төмені Италияда (71,1%), Португалияда (63,4%), Испанияда (67,0%), Францияда (58,9%), ал ең төмені шығыс Германия мен Словенияда (57,9%), Польшада (25%), Венгряда (43,9%), Ресейде (20%). Сол сияқты басқаларға деген сенімнің деңгейі де әртүрлі болып шықты: ең жоғарғысы Швеция, Норвегия, Дания, Нидерланд, АҚШ, Канада (61,1% –дан 51,5%-ға дейін), ең төмені – Франция (22,8%) мен Португалияда (21,4%). Бір қызығы, бұл көрсеткіш Шығыс Еуропа елдерінде (Венгрияда – 24,6%, Чехияда – 26,1%) бұдан сәл жоғарырақ, ал Ресейде (57%) тіпті жоғары.
Соңғы елдердегі демократияның даму деңгейіне сай келмейтін бұл көрсеткіштің жоғары болу себебі бұрынғы социалистік идеологияның қалдық әсерімен және мұндағы халықтардың дініне тән қауымдық сананың басымдылығымен түсіндіріледі.
Саяси мәдениеттің типтері. Нақтылы қоғамда бағдардың қай түрі басымдық танытып отырғанына орай (мысалы, білімдік немесе сенімдік бағдар) саяси мәдениеттің үш типін ажыратуға болады: патриархалдық, бодандық және қатынасу мәдениеті.
Патриархалдық саяси мәдениет жергілікті құндылықтарға (мысалы, белгілі бір әулеттің, тайпаның, рудың, әлеуметтік таптың құндылықтарына) негізделіп, соған орай жалған патриотизмге, сыбайлас жемқорлыққа, жершілдікке, рушылдыққа жетелеуі ықтимал. Мұндай саяси мәдениет иегерлерінің қоғамның саяси жүйесі туралы түсінігі шамалы, олардың саяси өмірге қатынасы да шектеулі, нақтылы саяси рөл атқаруға деген құлшынысы төмен болмақ.
Бодандық саяси мәдениетке жататын адамдардың қоғамның саяси жүйесі туралы белгілі бір түсінігі болғанымен, олар саяси өмірге енжар ғана араласып, көбіне билікке, заңға мойынсынып өмір сүреді. Олар, бір жағынан, биліктен жасқанып, бодандық мінез танытса, екінші жағынан, оған иек артып, әртүрлі игіліктер, әлеуметтік жәрдемдер (жалақыны не зейнетақыны көтеру, тұрмыстық қызмет үшін төлемдерді азайту және т.б.) күтумен болады.
Қатынасу мәдениетіне саяси белсенділік тән, сондықтан оны басқаша азаматтық мәдениет деп те атайды. Азаматтар саясатқа белсенді араласып, саяси талаптар қою арқылы саяси жүйенің қызметіне заңды түрде әсер етіп отырады.
Нақтылы өмірде саяси мәдениеттің бұл үш типі таза күйінде сирек кездеседі. Олар араласып, белгілі бір пропорционалдық қатынаста қатарласа өмір сүріп, ұштасып жатады. Сондықтан біреуінің үстемдігі, басымдығы туралы ғана айтуға болады. Мысалы, дамуы жағынан артта қалған елдерде саяси мәдениеттің бірінші типі басымдық танытса, екіншісі тоталитарлық және авторитарлық саяси режімдегі елдерде басым түседі. Батыстың дамыған демократиялық елдерінде қатынасу мәдениеті үстемдік танытып отырады.
1.Алмондтың теориясы?
2.Саяси мәдениет ұғымы?
3.Патриархалдық саясат?
№ 40 Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа мүдделері.
Достарыңызбен бөлісу: |