21 Қазіргі заманғы мемлекет және оның ерекше белгілері. Жоспар


Әлеуметтiк-медициналық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар



бет28/36
Дата14.10.2023
өлшемі264,05 Kb.
#115130
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36
Байланысты:
саяси такырыптар

Әлеуметтiк-медициналық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар:
1) қызмет алушылардың әлеуметтiк-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсеткiштерiн, физикалық және психикалық жай-күйiн ескерiп, қызметтердiң уақытылы және қажеттi көлемде ұсынылуын қамтамасыз етедi;
2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсiмдер мен iс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етедi;
3) дәрiгерге дейiн көмек көрсетудi ұйымдастыру уақытылы болуға тиiс және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрi-дәрмектi дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрiгер келгенше оларды қабылдау тәртiбiн айқындауды қамтамасыз етедi;
4) әлеуметтiк-медициналық мәселелер жөнiнде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтiк медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлi аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейiмделу, жасына байланысты өзгерiстер және басқа да проблемалар) дұрыс түсiнуге және шешуге бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
Қызмет алушылармен зиянды әдеттердiң алдын алу және олардан арылу, мүгедектердi отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөнiндегi жеке жұмыс зиянды әдеттердiң (алкоголь iшу, есiрткi пайдалану, темекi шегу және т.б.) қауiптiлiгiн, олар әкеп соғатын керi нәтижелердi түсiндiруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердiң алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажеттi ұсынымдар берiледi;
5) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеудi қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тiршiлiгiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде қызмет алушылардың әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiктерiн «Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 750 қаулысында белгiленген тәртiппен айқындау мақсатында куәландырудан өту үшiн құжаттарды дайындауда көмек көрсету;
6) дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшiн жүйелi орындау мақсатында олардың қолжетiмдi және денсаулыққа қауiпсiз дене жаттығулары кешенiн меңгеруiн қамтамасыз етедi;
7) медициналық-әлеуметтiк тексерудi ұйымдастыру жүйелi емдеудi бастағанға дейiн қызмет алушылардың қажеттiлiгiн қамтамасыз етедi;
8) протездiк-ортопедиялық көмектi, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттiлiктерiне сәйкес жүзеге асырылады;
9) техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздiгiнен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;
10) үйге дәрiгер шақыру және қызмет алушыны денсаулық сақтау ұйымына апару қызметi уақытылы көрсетiледi, және де қызмет алушылардың жүрiп-тұруы кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
11) отбасы мүшелерiне үй жағдайында оңалту жүргiзiлетiн үшiн медициналық күтiм негiздерiн үйрету отбасы мүшелерiне қызмет алушыға өздiгiнше медициналық күтiм көрсетуге бағытталған бiлiмнiң қажеттi көлемiн қамтамасыз етедi;
12) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау қызмет алушыларды жүйелi бақылау негiзiнде қызмет алушылардың денсаулығына қауiп төндiретiн жағдайларды уақытылы анықтауды қамтамасыз етедi және сол сәтте қажеттi әлеуметтiк-медициналық көмек көрсетедi;
13) санитарлық-гигиеналық қызметтердi көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседi, жағымсыз қолайсыздық сезiмiн жояды;
14) денсаулыққа байланысты рәсiмдердi (дәрi қабылдау, дәрi тамызу және басқа да рәсiмдердi) жүргiзу қызмет алушыларға қандай да бiр зиян келтiрмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
15) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы аурулардың уақытылы алдын алуына және ауруларды жоюға мүмкiндiк бередi;
16) бейiндi мамандардың, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруге жәрдемдесуi қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет