Әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсетудiң сапасына қойылатын талаптар: 1) бақылау, төсек режимiндегi және денсаулығының жағдайы бойынша өзiн өзi күтудiң қарапайым рәсiмдерiн орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтi көрсету олардың денсаулығына қандай да бiр зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етедi (мұндай қызметтi көрсету кезiнде қызмет көрсетушi персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);
2) үйден тыс бiр елдi мекен шегiнде, оның iшiнде денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау объектiлерiне және басқа да әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне барарда iлесiп жүру қызмет алушылардың жүрiп-тұруы кезiнде сақтық пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
3) пеш жағуға, ағаш, көмiр және су тасуға жәрдемдесу орталықтан жылытылмайтын және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетiледi. Бiр келгенде 30 кг дейiн ағаш пен көмiр әкелiнедi және 30 литрге дейiн су тасылып, күл шығарылады.
4) ыстық тамақ, бiрiншi қажеттiлiктегi азық-түлiк пен азық-түлiк емес тауарларды сатып алу және үйге жеткiзу, ас әзiрлеуге көмектесу, киiмдердi жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды қайтып әкелу, iш киiмдердi және төсек-орындарды жууға көмектесу, тұрғын жайларды жөндеудi және жинауды ұйымдастыруға жәрдемдесу, тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемдерiн төлеу клиенттерге қалыпты өмiр сүру жағдайын жасау мақсатында осы проблемаларды шешу үшiн олардың мұқтаждықтары мен қажеттiлiктерiн толық және уақытында қанаттандыруды қамтамасыз етедi;
5) жерлеу қызметiн ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың және мүгедектердiң туыстары немесе олардың оны жерлеумен айналысуға құлқы болмаған кезде) қайтыс болған қызмет алушының дiни нанымы ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетiлетiн әлеуметтiк-медициналық қызметтерге: 1) медициналық-әлеуметтiк тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу (қажет болған кезде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
2) дәрiгерге дейiн көмек көрсету;
3) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу;
4) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;
5) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
7) қызмет алушыларға техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдарды және мiндеттi гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
8) мүгедектердiң жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездiк-ортопедиялық және есту-протездiк көмек алуына жәрдемдесу;
9) әлеуметтiк-медициналық мәселелер бойынша, оның iшiнде жасына қарай бейiмделу мәселелерi бойынша консультация беру;
10) арнайы маманның, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруiне жәрдемдесу;
11) денсаулыққа байланысты рәсiмдердi жүргiзу (дәрi-дәрмек қабылдау, дәрi тамшылату және басқа рәсiмдер);
12) емдiк-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
13) үйге дәрiгер шақырту және денсаулық ұйымдарында дейiн қызмет алушыларға iлесiп жүру;
14) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау;
15) мүгедектер мен қарттарға санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
16) оңалту iс-шараларын жүргiзуге жәрдемдесу;
17) отбасы мүшелерiне үй жағдайында жүргiзiлетiн оңалту iс-шараларының негiздерiн үйрету жатады.