§21. Есімше. 11 тілек



Дата20.10.2022
өлшемі316,02 Kb.
#44429
Байланысты:
21 сабак


§21. Есімше. 11 тілек
Әдеби тіл нормалары

Есімше – сын есімге де, етістікке де тән белгілерді қамтитын және заттың қимылға қатысты сипатын білдіретін етістіктің ерекше бір түрі.
Мысалы:
Жүгірген жетпес, бұйырған кетпес,
Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар.
Есімше етістікке төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы жасалады: Етістік + -ған/-ген, -қан/-кен -атын/-етін, -йтын/-йтін -ар/-ер, -р -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек -ушы/-уші


Есімше формасындағы етістік септелгенде, көптелгенде, тәуелденгенде зат есім ретінде қолданылады.
Білгенге – маржан,
Білмегенге – арзан (мақал)
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ. (Абай)
Құлақ естігенді көз көреді. (мақал)
Ағайынның азары болса да, безері болмайды. (мақал)


Оқылым. Өлеңді түсініп оқыңыздар.
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.



Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыздар.
- Өлеңнің тақырыбы қандай?
- Өлеңде қандай тілектер айтылды?
- «Жесір қалу» тіркесіне анықтама беріңіз
Өздік жұмыс. Өлеңде кездескен сөздерді сөз таптарына жіктеп, жазып шығыңыз:

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Етістік

Етістіктің есімше түрі

Тілек

Жұпарлы

Бірінші

Сонан

Тілеңіз

Қайысқан















































































































Деңгейлік тапсырма
1. Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз:
1. Мен кітаханаға (бар) __________ едім.
2.Анам кеше (кел) _________ .
3. Олар (бар) _________.
4. Мен таңертең (тұру) __________ едім.
2. Есімшелерді табыңыз:
Келген – Үсен. Әсемнің айтатыны осы. Кететіндерге жолың болсын дейміз. Киім сататындар қазір келеді.
3.Есімшелердің дұрыс нұсқасын табыңыз:
Аққулар жазда үнемі осы көлде жүзбейтін / жүзетін.
Газет тілшілері ғалымның артынан қалмай, үнемі аңдитын / аңдымайтын.
Жас кезінен боксты ұнататын, сондықтан күнделікті бокспен айналысатын / айналысуға уақыты болмайтын.
Тіл үйрену үшін күніне жаңа сөздерді тыңдап, жаттайтын / тыңдамайтын, жаттамайтын. Университеттің айналасы биік қоршаумен екі рет сыммен қоршалған / қоршалмаған.
Әсет жұмыстан келгенде анасы тамағын әзірлемей қоятын / әзірлеп қоятын.
Әріптестер әр жұма сайын бас қосу мақсатында дәмханаға баратын / бармайтын.
Суреттерді пайдаланып, есімшелер қатысқан сөйлемдер жасаңыз.Үлгі: Мерекеге туысқандар келген еді. Олар тілек айтты.

Үй тапсырмасы л«Менің сүйікті мерекем» тақырыбында есімшелерді қолдана отырып мәтін құраңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет