21. Магнит өрісінде токқа әсер етуші күш. Ампер заңы


Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей тәжірбиелері



бет6/11
Дата05.02.2023
өлшемі1,52 Mb.
#65269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
физика 2 блок

32. Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей тәжірбиелері.
Электромагниттік индукция құбылысы (Фарадей тәжірибесі). Электромагниттік индукция құбылысын 1831 жылы 29 тамызда ағылшын физигі М.Фарадей ашты.
Магнит өрісінде орналасқан тұйық контур арқылы өтетін магнит ағыны өзгергенде тұйық контурда токтың пайда болу құбылысын электромагниттік индукция деп атайды. Пайда болған ток индукциялық ток деп аталады.
Электромагниттік индукция құбылысын табуға көмегі тиген Фарадейдің классикалық тәжірибелерін қарастырамыз.
І. Тәжірибе.

Тұрақты магнитті немесе катушканы суретте көрсетілгендей етіп жоғары-төмен қозғаған кезде гальванометрдің ауытқығаны бақыланады. Ол тұйықталған катушкада индукциялық ток пайда болғандығын білдіреді. Тұрақты магнитті жоғары қозғаған кезде гальванометрдің тілшесі біржаққа қарай ауытқыса, төмендеткен кезде екінші жаққа қарай ауытқиды. Егер магнитті жылдамырақ қозғаса гальванометр тілшесі көбірек ауытқиды.


ІІ. Тәжірибе.



Бірінші катушка гальванометрге, ал екінші гальванометр реостат арқылы ток көзіне жалғанған. Кілтті қосқанда және ажыратқанда гальванометр тілшесі ауытқиды. Қосқанда біржаққа, ажыратқанда екнінші жаққа ауытқитындығы байқалады. Сонымен бірге токты реостат арқылы өзгерткендеде тілшенің ауытқуы бақыланады.
Фарадей барлық тәжірибелерінің нәтижелерін жалпылай отырып, мынадай қорытындыға келді: индукциялық ток катушка арқылы өтетін магнит индукция векторының ағыны өзгерген кезде пайда болады, оның шамасы магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тәуелді болады.
33. Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі.
Контурды қиып өтетін магнит ағыны өзгерсе контурда ток пайда болады. Оның пайда болуы контурда индукцияның электр қозғаушы күші пайда болғандығын білдіреді. Индукцияның э.қ.к.-і тек қана магнит ағынының өзгеру жылдамдығымен анықталады, яғни:

Нормальдың оң бағытын таңдап, магнит ағынының таңбасын, токтың және э.қ.к-ң бағытын анықтаймыз. Осы қорытындыларды қолдана отырып электромагниттік индукция заңының формуласыны келуге болады:
(1)
Минус таңбасы ағын артуы i <0 э.қ.к-ін тудырады, ағын артуы i >0 э.қ.к-ін тудырады. Минус таңбасы индукциялық токтың бағытын анықтауға арналған Ленц ережесімен анықталады. Ленц ережесі: индукциялық ток өзінің магнит өрісімен өзін тудырушы магнит ағынының өзгерісіне қарсы әсер етеді.
Қозғалмайтын катушкадағы индукциялық токтың пайда болуын түсіндіру үшін мынадай болжам айтты: магнит өрісі өзгерген кезде айналасында құйынды электр өрісі пайда болады. Құйынды электр өрісінің ЕВ кернеулігінің циркуляциясы i индукцияның э.қ.к-іне тең болыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет