«Самұрық-Энерго» АҚ
Директорлар кеңесінің
шешімімен бекітілген
2013
ж. «22 »қаңтарындағы
№68 хаттамасы
КОРПОРАТИВТІКМЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару
саясаты
Астана 2013
Е (31-2)-01-03-10
SAMRUK
ENERGY
«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты
E (31-2)-01-03-10
3-
редакция
24-
тің 2 –парағы
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
Өзгеріс/ толықтыру
енгізілген күн
№
р/сп
Өзгеріс
нөмірі
Бет нөмірі
Тексеру жүргізілген
күні проведения
Жауапты тұлғаның
қолы
1
2
3
4
5
6
SAMRUK
ENERGY
«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты
Е (31-2)-01-03-10
3-
редакция
24-
тің 3-парағы
1.
Мақсаты
1.
Осы Тәуекелдерді басқару саясаты (бұдан әрі - Саясат) ««Самұрық-Қазына ҰӘҚ»
АҚ
(бұдан
әрі
-
Қор)
Тәуекелдерді
басқарудың
корпоративті
жүйесін
дамытутұжырымдамасына және «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) қызметін реттейтін
нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген.
2.
Осы құжат Қоғамдағы тәуекелдерді басқарудың корпоративті жүйесінің
мақсаттары мен міндеттерін, пайымдауларын қамтып көрсетеді, тәуекелдерді басқарудың
құрылымын, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі компоненттерін анықтайды, тәуекелдерді
басқару үдерісін іске асыру кезінде жүйелі және бірізді тәсілді қамтамасыз етеді.
3.
Тәуекелдерді басқару бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен түрлері,
тәуекелдердің негізгі түрлерін басқару үдерісіне қатысушылардың міндеттері, функциялары
және жауапкершілігі, тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар және тәуекелдерді басқару
үдерісінің басқа да құрамдас бөліктерін қоса алғанда тәуекелдерді басқару үдерісінің әдістері
мен рәсімдерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы Директорлар кеңесі немесе Қоғамның
Басқармасы әр органның өкілеттігіне сәйкес бекіткен Қоғамның ішкі құжаттарында
көрсетілген.
4.
Қоғам мен оның Еншілес ұйымдарыны тән тәуекелдер бойынша әдістер мен
рәсімдерді (бұдан әрі – «Самұрық-Энерго» тобы), басқарманың органдары мен тиісті
ұйымдардың атқарушы органдары белгілейді. ««Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ тобының көпшілік
ұйымдарына ортақ болып табылатын тәуекелдердің негізгі түрлерін бағалау мен басқару
әдістері мен рәсімдерін Қор белгілейді.
2.
Қолданылу аясы
5.
Осы Саясат Қоғам қызметінің барлық түрлеріне қолданылады. Саясатпен
Қоғамның барлық қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің танысуы және оны
қолдануы міндетті болып табылады, сонымен қатар Еншілес ұйымдарының да пайдалануына
ұсынылады. Функционалдық міндеттері мен қойылған міндеттерді іске асыру барысында
Қоғамның әрбір қызметкері осы Саясатта берілген ережелерді басшылыққа алады.
6.
Қоғамның басқарушы холдинг ретіндегі негізгі мақсаттарын, сонымен бірге
Қоғамның қаржылық есептілігіндегі Еншілес ұйымдардың қаржылық нәтижелерінің
шоғырлануын назарға алғанда, Қоғамның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі
мақсаттарының бірі – Еншілес ұйымдарда тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру
болуы керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қоғам Еншілес ұйымдарда тәуекелдерді басқару
жүйесін енгізу және жетілдіру үдерісіне тікелей басшылық жасайды.
SAMRUK
ENERGY
«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты
Е (31-2)-01-03-10
3-
редакция
24-
тің 4-парағы
7.
Қоғамның еншілес ұйымдары «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ тәуекелдерді
басқарудың корпоративтік жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізінде тәуекелдерді
басқарудың өз саясаттарын әзірлей алады. Қоғамның еншілес ұйымдары тәуекелдерді басқару
саясатын әзірлеу барысында Еншілес ұйымның қызмет ауқымы мен ерекшелігін ескере
отырып, Саясат ережелерін пайдалануға артықшылық беріледі. Саясат Қоғамның басқа да
тәуелді ұйымдарының пайдалануы үшін ұсынылады.
3.
Жауапкершілік
8.
Тәуекелдерді басқару үдерісіне қатысушылар өздеріне жүктелген функциялардың
дұрыс орындалуына жауапты.
9.
Тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы осы
Саясатты өзектендіруге жауапты болады.
4.
Анықтамалар мен қысқартулар
10.
Осы Ережеде мынадай анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1)
Тәуекелге тәбет– бұл Қоғамның өз мақсаттарына жету үшін белгілі бір
тәуекелдерді қабылдауға деген қабілеті мен ықыласы. Қоғам тәуекелге деген
тәбетінің қолайлы шектерін анықтайды (мысалы, бір жобаға инвестициялар лимиті,
қарыз алу лимиті және т.б.).
2)
Еншілес ұйым - елу пайыздан жоғары дауыс беру акциялары (қатысу үлесі)
Қоғамға меншік құқығында тиесілі болатын ұйым
.
3)
Леверидж - қарыз капиталының меншікті капиталға қатынасы.
4)
Тәуекел - алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге әсерін тигізуі
мүмкін әрекеттермен және оқиғалармен байланысты белгісіздікке ұшырау.
5)
Тәуекел-менеджері - Қоғамның тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық
бөлімшесінің қызметкері.
6)
Ұстап (сақтап) тұру қабілеті - Қоғам қандай да бір оқиғалардың (тәуекелдердің)
басталуы нәтижесінде өзінің қаржылық және бәсекелестік ұстанымына елеулі зиян
келтірмей, жұтып қоя алатын(өз қаражаты есебінен қаржыландыру) бюджетте
қарастырылмаған залалдардың мөлшері.
SAMRUK
ENERGY
«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты
Е (31-2)-01-03-10
3-
редакция
24-
тің 5-парағы
5. Нормативтік сілтемелер менілеспе құжаттар
11.
Осы Ереже мынадай нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып
әзірленді:
1)
Қоғамның Жарғысы;
2)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ Тәуекелдерді басқарудың
корпоративтік жүйесінің тұжырымдамасы;
3)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ Тәуекелдерді басқару саясаты.
6.
Жалпы ережелер
12.
Тәуекелдерді басқару үдерісінің мақсаты пайда табу мақсатындағы
мүмкіндіктерді барынша пайдалану мен шығындардың алдын алу арасындағы теңгерімге қол
жеткізу болып табылады. Бұл үдеріс корпоративтік басқарудың дамыған жүйесінің ажырамас
бөлігі және басқару үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
13.
Қоғамда тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу дегеніміз, қажетті
инфрақұрылым мен мәдениетті орнықтыру мен дамытуды білдіреді, сонымен бірге Қоғамның
және (немесе) еншілес ұйымдарының шығындарының алдын алу мен пайданы барынша
ұлғайту мақсатында олардың қызметінің, функцияларының немесе үдерістерінің барлық
бағыттарына тән сәйкестендірудің, талдаудың, бағалаудың, мониторинг жүргізудің,
тәуекелдерді басқарудың, бақылаудың логикалық және жүйелі әдістерін қолдануды қамтиды.
14.
Қоғамның тәуекелдерді басқару үдерісінің негізгі элементі оның ұйымның
ерекшелігімен кірігуі, қызметі мен бизнес-үдерістерінің негізгі принциптері және тәуекелдерді
басқару үдерісіне әрбір қызметкердің қатыстырылуы болып табылады.
15.
Қоғам өз қызметін Саясат шеңберінде іске асыру барысында акционерлер,
Еншілес ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді іске асыру мүдделері мен
салдарларын ескереді.
16.
Саясат көпшілік үшін интернет-сайтта және Қоғамның жылдық есебінде
жарияланады. Тәуекелдерді басқару саласындағы Саясат пен басқа құжаттар Қоғамның барлық
қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларына интернет арқылы қол жетімді болады.
Тәуекелдерді басқару жүйесіндегі өзгерістер Қоғамның барлық қызметкерлері мен лауазымды
тұлғаларына электронды пошта арқылы хабарланады.
7.
Тәуекел-менеджменті саясаты
17.
Саясаттың негізгі мақсаттары:
1)
Самұрық-Энерго тобын басқару элементі ретінде тиімді кешенді жүйе құру және
тәуекелдерді басқарудың біріктірілген үдерісін жасау, сонымен қатар «Самұрық-Қазына ҰӘҚ»
АҚ-ымен тәуекелдерді басқарудың рәсімдері мен әдістеріне біртұтас стандартталған
тәсілдеменің негізінде өз қызметін тұрақты жетілдіру;
SAMRUK
ENERGY
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдерді басқару саясаты
Е (31-2)-01-03-10
3
редакция
24-
тің 6-парағы
2)
Самұрық-Энерго тобымен оның қызмет ауқымына барабар қолайлы тәуекелдерді
қабылдауды қамтамасыз ету;
3)
Ұстап қалу қабілетін анықтау және қабылданған тәуекелдерді тиімді басқаруды
қамтамасыз ету болып табылады.
18.
Саясат мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталған:
1)
жоспарлау және шешімдер қабылдау үдерісі үшін толыққанды база құру;
2)
алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін заманауи
сәйкестендіруге, бағалауға, талдауға, мониторинг жүргізуге, бақылауға негізделген
тәуекелдерді басқарудың үздіксіз келісілген үдерісін қамтамасыз ету;
3)
ықтимал жағымсыз оқиғаларды барынша азайту мен алдын алуға мүмкіндік беретін
басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;
4)
ресурстарды пайдалану және бөлу тиімділігін арттыру;
5)
зияндар мен залалдардың алдын алу, Самұрық-Энерго тобы қызметінің тиімділігін
арттыру, Самұрық-Энерго тобы мен акционерлік капиталдың акивтерін қорғау;
6)
бизнес-үдерістердің тиімділігін, ішкі және сыртқы есептіліктің дұрыстығын
қамтамасыз ету және заң нормаларының сақталуына қолдау көрсету.
19.
Қоғамдағы Тәуекелдерді басқару Ккорпоративтік тұжырымдамада берілген және
1-
суреттегі сызбаға сәйкес құрамдас бөліктерден тұратын тұрақты, динамикалық және үздіксіз
үдеріс болып табылады.
Ішкі орта
Мақсаттарды айқындау
Мониторинг
Тәуекелдерді басқарудың
үздіксіз үдерісі
Тәуекелдерді сәйкестендіру
Тәуекелдерді
бақылау
Ақпарат және
коммуникация
Тәуекелдерді
бағалау
Тәуекелдерді басқару
Ішкі орта
1-
сурет: Тәуекелдерді басқару үдерісі
SAMRUK
ENERGY
«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты
Е (31-2)-01-03-10
3-
редакция
24-
тің 7-парағы
8.
Ішкі орта
20.
Ішкі орта Қоғамның тәуекелдерге деген жалпы қатынасы мен қызметкерлердің
тәуекелдерге қалай қарайтынын және қалай назар аударатынын, анықтайды. Ішкі орта
тәуекелдерді басқару жүйесінің барлық басқа құрамдас бөліктері үшін негіз болып табылады
және оған тәуекел менеджментінің философиясы, тәуекелдерге деген тәбет, басқару органы
тарапынан бақылау, этикалық құндылықтар, қызметкерлердің құзыреті мен жауапкершілігі,
Қоғам құрылымы, оның адами, қаржылық және басқа да ресурстарымен анықталатын
мүмкіндіктері кіреді.
21.
Қоғамның сыртқы ортамен (бизнес құрылымдарымен, әлеуметтік, реттеуші, басқа
да мемлекеттік және қаржы органдарымен) өзара қарым-қатынасы ішкі ортада өзінің көрінісін
табады және оның қалыптасуына ықпал етеді. Қоғамның сыртқы ортасы өзінің құрылымы
жағынан күрделі болып табылады және бірі-бірімен өзара байланысқан түрлі салаларды
қамтиды, жүйелі тәуекелдердің пайда болуына жағдай жасайды.
22.
Қоғамның қызметі қызметкерлердің тәуекелдерді түсінуін және олардың
тәуекелдерді басқарудағы жауапкершілігін арттыратын ішкі ортаны құруға бағытталған.
Ішкі орта Қоғам қызметінің мынадай қағидаттарын қолдауға тиісті:
1)
Қоғам басшылығының тәуекелдерді кешенді көре білуін қолдау және шешім
қабылдау барысында тәуекелдердің барлық түрлерін қарастыру және сәйкестендіру;
2)
Қоғам деңгейінде жалпы Самұрық-Энерго тобының мақсаттарына ең жақсы жауап
беретін тәуекелдер саласын құру және бағалау;
3)
Басқару сатысының (Қоғам, Еншілес ұйымдар, құрылымдық бөлімшелер және т.б.)
тиісті деңгейлерінде тәуекелдерді басқару және тәуекелдер үшін жауапкершілік пен
меншіктілікті сезінуге қолдау көрсету. Сонымен бірге, тәуекел-менеджменті
жауапкершілікті өзгелерге арту дегенді білдірмейді;
4)
Ішкі саясат пен Қоғам рәсімдеріне және корпоративтік басқару жүйесі жағдайының
сәйкестігін бақылап отыру;
5)
Маңызды (өте қиын) тәуекелдер мен тәуекелдерді басқару жүйесінің кемшіліктері
туралы уақытылы ақпарат;
6)
Тәуекелдерді басқару рәсімдері мен саясатының міндетті екендігін түсіну.
23.
Қоғам тәуекелдерін басқару үдерісінің негізгі принциптері мыналар болып
табылады:
1)
тұтастық – Қоғам тобындағы тәуекелдердің жиынтық элементтерін тәуекелдерді
басқарудың корпоративтік жүйесі тұрғысында қарастыру;
2)
ашықтық – тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін автономиялы немесе
оқшауланған ретінде қарастыруға тыйым салу;
3)
құрылымдылық – тәуекелдерді басқарудың кешенді жүйесінің нақты құрылымы
болады;
4)
хабардарлық – тәуекелдерді басқаруда нақты, дұрыс және өзекті ақпараттар қоса
беріледі;
SAMRUK
ENERGY
«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты
Е (31-2)-01-03-10
3-
редакция
24-
тің 8-парағы
5)
үздіксіздік – тәуекелдерді басқару үдерісі тұрақты негізде іске асады;
6)
кезеңділік – тәуекелдерді басқару үдерісі негізгі бөліктерінің тұрақты қайталанып
отыратын тізілген кезеңін білдіреді.
24.
Қоғамдағы тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы Қоғамның мынадай
органдары мен бөлімшелерін қатыстыру арқылы бірнеше деңгейдегі тәуекелдерді басқару
арқылы беріледі: Директорлар кеңесі, Басқарма, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық
бөлімшелер, Ішкі аудит қызметі, басқа да құрылымдық бөлімшелер.
25.
Бірінші деңгей Қоғамның Директорлар кеңесі. Директорлар кеңесі тәуекелдерді
басқарудың корпоративтік жүйесін қадағалауды іске асыруда негізгі рөл атқарады.
Директорлар кеңесі тиісті комитеттерді құру арқылы тәуекелдерді басқару саласындағы
функциялардың бір бөлігін іске асырады.
26.
Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару саласында мынадай функцияларды іске
асырады:
1)
Қоғамның мақсаттарын (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) қою;
2)
Қоғамның Тәуекелдерді басқару саясатын бекіту;
3)
Қоғамның Тәуекелдерді басқару ережелерін және рәсімдерін бекіту;
4)
осы Саясатты бекіту арқылы Қоғамның тәуекелдерін басқару құрылымын бекіту;
5)
өте қиын тәуекелдерді басқару бойынша тәуекелдер тізілімін, картасын және іс-
шаралар жоспарын бекіту;
6)
тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын бекіту;
7)
негізгі тәуекел көрсеткіштерін бекіту;
8)
Тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділік көрсеткіштерін бекіту және Қоғамның
тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін жыл сайын бағалау ;
9)
Қоғамның тәуекел тәбеттерін бекіту;
10)
лимиттерді бекіту;
11)
Қоғамның тәуекелдерді ұстап тұру қабілетінің және әр негізгі тәуекелге ұстап тұру
қабілетінің ортақ деңгейін бекіту;
12)
Ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту бойынша сыртқы
аудиторлардың тұжырымдарын және Ішкі аудит қызметінің жүргізген
тексерулерінің нәтижелерін талдау;
13)
Тәуекелдерді басқару бойынша құрылымдық бөлімше басшысының есептерін
компанияның негізгі тәуекелдерінің сипаттамалары мен талдауларымен, сонымен
қатар компанияның негізгі тәуекелдерін барынша азайту бойынша жоспарлар мен
бағдарламаларды іске асыру бойынша мәліметтермен бірге тоқсан сайын қарастыру
және бекіту;
14)
Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржылық көрсеткіштерін бағалау және талдау
жүргізуге мүмкіндік беретін қаржылық және басқарушылық есептілікті тапсыру
мерзімі мен түрін анықтау;
SAMRUK
ENERGY
«Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерді басқару саясаты
Е (31-2)-01-03-10
3-
редакция
24-
тің 9-парағы
15)
Қоғамның Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер арқылы қызмет мониторингін
жүргізу.
27.
Тәуекелдерді басқару тиімділігін жүзеге асыру мақсатында Қоғам Директорлар
кеңесінің жанындағы комитеттерге тиісті нормативтік құжаттармен анықталатын, Директорлар
кеңесін қолдау бойынша функциялар мен өкілеттіліктерді жүктеуі мүмкін.
28.
Екінші деңгей – Қоғам Басқармасы, ол корпоративтік саясаттарды қолдануды
және орындауды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бақылау құрылымын құруға және
тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруға жауапты. Басқарма Қоғамның
философиясы мен тәуекел-менеджменті саясатын қамтып көрсететін «тәуекелдерді түсіну»
мәдениетін құруға жауапты. Басқарма сонымен қатар қызметкерлердің тәуекел-менеджменті
бойынша нақты анықталған міндеттері бар және өздерінің міндеттерін орындау үшін жауапты
болатын тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін жасауға жауап береді. Басқарма тиісті
комитеттерді құру арқылы тәуекелдерді басқару саласындағы функциялардың бір бөлігін іске
асыруға құқылы.
29.
Басқарма тәуекелдерді басқару жүйесінің тұтастығын және функционалдығын
мынадай міндеттерді іске асыру арқылы қамтамасыз етеді:
1)
Қоғамның Тәуекелдерді басқару саясатын іске асыру;
2)
ықтимал тәуекелдерді бағалауға және сәйкестендіруге мүмкіндік беретін
тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;
3)
Директорлар кеңесіне бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес есептерді ұсыну;
4)
Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің осы Саясат ережелерін орындауын
қамтамасыз ету;
5)
Қоғамның тәуекелдерді төмендету мен барабар бақылауды қамтамасыз ететін және
қажеттіліктеріне жауап беретін ұйымдық құрылымын бекіту;
6)
Самұрық-Энерго тобындағы тәуекелдерді басқару жөніндегі есептерді қарастыру
және өз құзыреті аясында тиісті шараларды қабылдау;
7)
Директорлар кеңесі бекіткен нормативтік құжаттар шеңберінде әрекет ету бойынша
іс-шараларды және Қоғамдағы тәуекелдерді басқару бойынша әдістемелерді және
Самұрық-Энерго тобындағы кейбір іс-шараларды бекіту;
8)
тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі регламенттер мен рәсімдерді жетілдіру.
Қоғамның Басқарма Төрағасының қаржы мәселелерін қадағалайтынорынбасары
Қоғамның қаржылық тәуекелдерін басқаруға жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |