Р/с Критерийлер Түрлері



Дата21.11.2022
өлшемі94,08 Kb.
#51548
Байланысты:
срс 1 (копия) (копия)


Орындаған: Паржан Дана
Тобы: УА 911к-1
Аудиттің мәні және түрлері
Аудиттің түрлері

Р/с

Критерийлер

Түрлері

1

Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты
  • ішкі
  • сыртқы

2

Заң талаптарына қатысты
  • міндетті
  • бастамашылық (ерікті)

3

Аудит объектілері бойынша
  • банктік аудит
  • сақтандыру компанияларының аудиті
  • биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті
  • жалпы аудит
  • мемлекеттік аудит

4

Тағайындалуы бойынша
  • қаржылық есеп беру аудиті
  • салықтық аудит
  • сәйкестік аудиті
  • арнаулы (экологиялық, операциялық және т.б)

5

Жүзеге асырылу мерзімі бойынша
  • бастапқы
  • келісілген

6

Тексеру сипаты бойынша
  • дәлелдеуші
  • жүйелі бағытталған
  • тәуекелдікке негізделген аудит

Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті) болып бөлінеді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңының «Аудит және оның түрлері» деген 4-бабында «Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық аудит болып табылады» деп көрсетілген.
Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық (ерікті) аудит – оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның өзінің шешімімен жүргізіледі.
Аудит объектілері бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының, биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорларының аудиті, жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді. Мемлекеттік аудиттен басқа аудит түрлеріне ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк беретін қажетті лицензиялар қажет болады.
Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге бөлінеді.
Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субъектінің қаржылық қорытынды есебін тексеру. Оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.
Салық аудитібұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұстану.
Сәйкестік аудиті – бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру. Сәйкестік аудиті әкімшіліктің (басшылықтың), басқарудың белгіленген нормаларын (процедурасын) орындауының ұйым жарғысына сәйкестігін тексеру мақсатында ұйым акционерлері мен меншік иелері тапсырысы бойынша жүргізілуі мүмкін.
Арнаулы аудит (экологиялық, операциялық және басқалар) – субъект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бір норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.
Экологиялық аудит – қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.
Операциялық аудит – басқару үшін тиімділігін, сенімділігі мен пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизмінің жекелеген бөліктерінің қызмет етуін тексеру. Операциялық аудиттегі тексеру басқарудың өлшемдерін, ұйымдық құрылымын бағалауды, бухгалтерлік есеп, компьютерлік жүйе әдістемесі мен механикасын, маркетинг пен кез-келген басқа салалардың әдістерін ұйымдастыруды қамти алады.Жүзеге асыру уақыты бойынша бастапқы және келісілген аудитті бөліп көрсетеді.
Бастапқы аудит – осы клиент үшін алғашқы аудиторлық тексеруді жүргізу. Бұл қаржылық есеп беруді тексеру кезінде аудиторда тұтынушы бизнесінің ерекшелігі, оның ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік болмайды.
Келісілген (қайталама) аудит – бұл жыл сайын сол бір тұтынушыға аудиторлық тексеру жүргізу: бұл жерде аудиторға бухгалтерлік есеп және ішкі бақылауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтары белгілі. Келісілген аудит тұтынушымен қатар аудит үшін де пайдалы. Егер тұтынушының аудиторлары жиі ауысып отырса, бұл қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларда, сонымен бірге келесі аудиторларда күмән және сезік тудырады.
Сипаты бойынша тексерудің төмендегі түрлерін бөліп көрсетеді: Дәлелдеуші аудит. Аудиттің мұндай кезеңі тексеруді жүргізу кезінде аудиторлар әр шаруашылық операцияны тексеріп және дәлелдеп, бухгалтермен қатар өз есебіне алу тізімін құрады. Басқаша айтқанда мұндай аудитті есепті жүргізу немесе есепті қалпына келтіру деп атауға болады. Жүйелі бағытталған аудит шаруашылық операцияларды бақылайтын тұтынушы жүйесін бақылауды көздейді. Бұл кезде аудитор ішкі бақылауға негіз ұстайды. Ол оған жан-жақты тексеру санын қысқартуға және осы жүйеге сенуге мүмкіндік береді..

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет