№23 (5411) 6 маусым



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата15.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#9933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Макумов Абикен,

Құланөтпес ауылының тұрғыны,

тыл ардагері, зейнеткер

Көптің батасына бөленген 

жандар 

5  бет

6  маусым  2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым

болғанмен, тарихтағы ең ұлы істің бірі" деп

К.Д.Ушинский  айтқандай, біздің

оқушылардың еңбекке деген

сүйіспеншілігі биылғы оқу жылында

қуанарлық нəтижелерге ие болды.  “Мек-

теп ақылыңа ақыл қосады, мұғалім

келешектің жолын сызады” демекші, «ке-

лешекте қандай мамандық иесі болмасын

оқушыларымыз қолөнерін ежелден келе

жатқан кəсіп деп біледі», - дейді техноло-

гия пəнінің мұғалімі Гулгайм Молдахан.

Дон негізгі мектебі оқушыларының жетістігі

- көне заманнан келе жатқан қазақ

қолөнерінің дəстүрлі көркемдік мұрасын

сақтап қалуға тырысады. Атап айтсақ,

облыстық білім басқармасының

«Сарыарқа дарыны»  аймақтық ғылыми-

практикалық орталығы жəне «Балалар

мен жеткіншектер»  сарайының ашық

аймақтық балалар бейнелеу өнері

шығармашылығы байқауының «Кесте

тігу» номинациясына белсене қатысқан

үшін 9-сынып оқушысы Канафина Айдана

марапатқа ие болса, II ашық облыстық жас

дизайнерлер мен киім сəнгерлері

байқауының «Сəн жəне аксессуар» номи-

нациясы бойынша III орын иеленгені үшін

9-сынып оқушысы Өтеген Ақниет мара-

патталды, сонымен қатар Ақниет  «Үздік

модель» номинациясы бойынша II орынға

ие болды. 7 сынып оқушысы Өлке Сағида

«Кесте тігу» номинациясы бойынша II

орынды жеңіп алды. Нұра ауданының «Та-

рихи-өлкетану мұражайына» қазақ

хандығының 550 жылдық мерейтойына

орай өткізілген қолөнер шеберлері сайы-

сында 9-сынып оқушысы Абенов Марлен

«Ең үздік сурет» номинациясы,  «Ең үздік

апликация» номинациясы бойынша 7

сынып оқушысы Өлке Сағида, «Тоқыма

техникасынан жасалған ең үздік жұмыс»

номинациясы бойынша  9 сынып оқушысы

Канафина Айдана, ал «Салт-дəстүрді

сақтау» номинациясын 7 сынып оқушысы

Ибрагим Айтолқын дипломдармен мара-

патталды. 

Молдахан Гулгайм тек қана еңбек пəнінен

оқушылардың   даналық пен əсемдіктің

таусылмас қайнар көзін негізін қалап қана

қоймай, тəлімгерлік жұмысын қоса

атқаруда. Гулгаймның дайындығымен мек-

теп президенті, 8 сынып оқушысы Толеге-

нова Анеля «Ұланбасы-2014»  сайысына

қатысып, Нұра ауданының білім беру

бөлімінің басшысы Г.Б. Кадырованың

мадақтама қағазымен марапатталды жəне

ақшалай сыйлығына ие болды.

«Сарыарқа дарыны»  аймақтық ғылыми-

практикалық орталығы жəне «Балалар

мен жеткіншектер»

сарайы өткізген

« М а м а н д ы қ т а р

əлеміне жол аша-

мыз» атты

р е с п у бл и к а л ы қ

ф о р у м н ы ң

облыстық кезеңінің

« Б о л а ш а қ

м а м а н д ы қ қ а

қадам» атты

номинациясының

қатысушысы Толе-

генова Анеля

м а д а қ т а м а

қағазына ие болды.

«Жас Ұлан»

ұйымының жетек-

шісі Г. Молдахан ҚР

Тұңғыш  Президенті

күніне орай  мектеп Президенті екеуі

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов

атындағы “Жас ұлан” республикалық  мек-

тебіне барып, мектеп жас ұландарымен

диалогтық пікір алмасты. Оқудың жүйелі

құрылымымен толық танысып, бейнема-

териалдарды мектебімізге алып келді.

Отансүйгіштігі үшін Анеля төс белгісімен

марапатталып, «ЖАС ҰЛАН» мектебінің

15 жылдығына орай шығарылған медаль,

энциклопедия  Дон негізгі мектебіне сыйға

тартылды.      

Г.Молдаханның осы еңбектерін

«Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-

практикалық орталығы жəне «Балалар

мен жеткіншектер»  сарайы, II ашық

облыстық жас дизайнерлер мен киім

сəнгерлері «Сиқырлы ине» байқауында

жеңімпаз дайындаған үшін Алғыс хатымен

жəне білім беру басқармасының ашық

аймақтық балалар бейнелеу өнері

шығармашылығы байқауына қатысушыны

үздік дайындағаны үшін ерекше алғысын

білдіріп, сертификатпен марапаттады.

Нұра ауданының «Тарихи-өлкетану

мұражайына» қазақ хандығының 550

жылдық мерейтойына орай өткізілген

қолөнер шеберлері сайысында

оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хат

табыс етілді. “Ұстазы талантты болса,

шəкірті талапты болады” делінген халық

даналығында. Шəкірттеріміз еңбек етіп,

мұраттарына жете берсін дейміз. 

Олжакелді Гүлнар,

Дон негізгі мектебі

ҚОЛӨНЕР – СЫРЛЫ ӨНЕР

Ұлы  Жеңіс.

Отанымызды

қорғап  қалу

үшін  көптеген  адам  өмірі  қиылған Ұлы

Жеңіс. 


Міне,  70 жыл  артта  қалды. Бақытты

ұрпақ  ашық  аспан  аясында  өсіп  келеді.

Осы  күнге  жеткізген Ұлы  Отан

соғысының  ардагерлері  бəріміздің  есі-

мізде.

Соғыс  ардагері  Бекмағамбетов  Рахат



1920  жылдың  20  тамызында  Тельман

ауылында  шаруалар  отбасында  дүниеге

келген. Ата-анасынан  ерте  айырылған

ардагер  ағасының  қолында  өсіп,  баста-

уыш  сыныпты «Спаск»  заводына  тиесілі

мектепте  бітіреді. 1931  жылы  ағасымен

бірге  Балқаш  қаласына  көшкен  Рахат

аға 9 жылдық  білім  алып,  Қарағанды

қаласындағы  тау-кен  техникумына  оқуға

түседі. 1940  жылы  Совет  армиясы

қатарына  шақырылады. 1940  жылдың

қазан  айынан  1941  жылға  дейін Рахат

Бекмағамбетов  168 дивизияда  атқыштар

қатарында  əскери  борышын  атқарады.

Ал  1941 жылдан  1945 жылға  дейін 731

атқыштар  полкі  қатарында  соғысқа

қатысады. 1944  жылдың   5 қыркүйегінде

731  атқыштар  полкінің,  205 Корель

майданының  атқыштар  полкінің № 46

бұйрығымен «За  отвагу»  медалімен,

əскери  тапсырмаларды  аса  өжеттілікпен

орындағаны  үшін “1  дəрежелі Отан

соғысы”  орденімен  марапатталады.

Курск  майданында  соғысқан Рахат

Бекмағамбетов  1945  жылы  жарақат

алып, 1946  жылдың  1  мамырында  əскер

қатарынан  босатылып,  соғыстан  2

топтағы  мүгедек  болып оралады.

Партия  қатарындағы  Бекмағамбетов

Рахат 1946  жылы  Қарағанды  қаласының

қалалық  советінде  қызмет  атқарады,  ал

1950  жылы № 10 Сталин  сайлау  округі

бойынша  Шахтинск  қаласы

еңбекшілерінің  жергілікті  Советінің  депу-

таты  болып  сайланады

Рахат  аға 1967  жылдан  бастап Энтузи-

аст  совхозында  қызмет  атқарады.

Еңбектегі  жетістіктері үшін  1988  жылы

Қарағанды  қаласының  жоғарғы Совет

президиумының  ұсынумен  медальмен

марапатталады.

Бекмағамбетов  Рахат  жұбайы  Ибраева

Шолпанмен  9  бала  тəрбиелеп  өсірді. 

Əр  балаға  əке  орны  бөлек.  Бүгінде

Бекмағамбетов  Рахат  өмірден  озған. Ұлы

Жеңіске  70  жыл  қарсаңында  əкелерін

еске  алу  құрметіне ардагер  Рахат

Бекмағамбетовтың  балалары  мен

С.Сейфуллин  атындағы  орта  мектебінің

ұжымы  аудандық  спорт  бөлімінің  келісі-

мімен  2015  жылдың  6  мамырында  фут-

болдан  турнир  өткізді.

Турнирге Көбетей, Майоровка, Шахтер,

Пржевал  ауылдарының  жəне  Киевка

кентінің  жастары  белсенді  түрде

қатысты. Турнирді  С.Сейфуллин

атындағы  орта  мектебінің  директоры

А.Е.Балабиев  ашып,  сөзді  ардагер Рахат

Бекмағамбетовтың  балалары  мен  неме-

релері  жалғастырды.

Турнир  қызықты өтіп, үлкен

бəсекелестікпен  өз  мəресіне  жетті. Əр

команда  бар  күшін  салып,  өзін

жоғарыдан  көрсетуге  тырысты,  бірақ

жеңіс  ең  күштілерге  ғана  тиесілі. Ойынға

қатысқан  Ахмет ауылы  жастар  коман-

дасы 1 орынға,      Киевка кентінің      жа-

стар  командасы 2 орынға,   Майоровка

ауылының     жастар  командасы 3  орынға

ие  болды. Ардагер  Рахат

Бекмағамбетовтың  балалары 1,2,3 орын

алған  командаларды кубокпен,  медаль-

дармен жəне мақтау  қағаздарымен мара-

паттап,  ақшалай  сыйлықтар  тапсырды.

(1 орын -  10000 (он мың) теңге,     2 орын-

8000 (сегіз мың) теңге, 3 орын – 6000

(алты мың ) теңге. Ойында  белсенді

түрде  қатысқан ойыншылар  Шерубаев

Айдос (Киевка кенті), Кусаинов Айдос

(Майоровка ауылы), Мухамеджанов Тимур

(Ахмет  ауылы) ерекше  аталып  өтті.

Ойын  соңында  əр  ауылдан  келген  жа-

стар  үшін  түскі  ас  ұйымдастырылды.

Əкелерінің  аруағын  сыйлап,  еске  алу

турнирін  өткізген  Бекмағамбетовтер  от-

басына  алғысымыз  зор.  Ардақты  да

сыйлы  отбасынан  шыққан  осындай  аза-

маттар  əрқашанда  көп  болсын.

Келешек  еліміздің  дархан  даласы кең,

аспаны  ашық  болсын. Жұдырықтай

жұмылған, білектей  біріккен  кең пейіл

қазақ  елі  жасай  берсін.



К. С. Тукешов,            

С.  Сейфуллин  атындағы  ОМ 

Футболдан  турнир

Əке  мəртебесі

Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы,

көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға.

Қоғам ауысқан сайын оның өзіне тəн

құндылықтары мен тəрбие бағыттары

өзгеретіні белгілі. Қазақ халқы өзіне лайық

ұрпақ өсіруді, оның бойына адалдық,

тазалық, қоғамның болашағына еңбек

етуге құштарлық сияқты мінез-құлықты да-

мытуды, ата-ана мен дəстүрді сыйлауды

əуелден-ақ өзіне мұра тұтқан. 

Баланың бойындағы табиғи қасиеттер,

адамгершілік құндылықтары отбасында,

мектепте, əлеуметтік ортада нəрленеді,

толысып, əрленеді. Соңдықтан жазғы де-

малыс лагерінде балалардың

сауықтырылуы жəне қазіргі таңда туындап

отырған мақсаттарға орай өскелең

ұрпаққа білім мен тəрбие беру мəселесін

жан-жақты жетілдірудеміз.

Біздің балалар үшін демалыс уақыты

ерекше орнымен есте қаларлық дүниенің

бірі. Сондықтан, оқушылардың жазғы де-

малыс уақыттарын дұрыс ұйымдастырып,

денсаулығын нығайтып, іс-шараларға бел-

сенді қатыстырып, қөңіл-күйлерін көтере

отырып, өмірге қызығушылығын ояту,

өмірді сүюге тəрбиелеу мақсатында біздің

мектепте балалардың жазғы сауықтыру

лагері ұйымдастырылып, 1 маусым – Ба-

лаларды қорғаудың халықаралық күніне

орай «Гүлдер» жазғы сауықтыру алаңы

мерекелік ертеңгілік өткізді. Жетекшісі -

Е р м е к о в а

Н ұ р г ү л

Сейілқызы ме-

т е п а л д ы

д а я р л ы қ

т о б ы н ы ң

мұғалімі.

Бұл күнгі «Бар

м е й і р і м і м і з

б а л а л а р ғ а »

атты мерекелік

бағдарламада

б а л а л а р

бойларындағы

б

а



р

қабілеттерін,

ө н е р л е р і н

ортаға салып, көрермендерді өздерінің

əсем əндері мен билері арқылы қуанышқа

бөледі. Балалардың көңілін көтеретін

ойындар жүргізілді. Сондай-ақ «Альде-

ран» шаруа қожалығы балаларға

базарлық ретінде шағын сыйлықтар сый-

лап, жылы-жылы тілектерімен

бүлдіршіндер жүзіне күлкі сыйлады. 

Əр баланың жүзіндегі сыңғырлаған

күлкісі ауылымыздың берекесі мен бірлі-

гін, қуанышы мен қадірін, ата-аналардың

арманын, ұстаздарын үмітін жалғай біле-

тін ерекше бір қасиет деп айтсам, артық

айтпаспын. Сондықтан ортамызда тəй-тəй

басып жүрген бүлдіршін балапандарымыз

аман болып, еліміздің туын көкке көтере

білетін азамат пен азаматша болып

тəрбиеленіп, халықтың қалаулысы бола

білсін деген тілектеміз. 



Қ.Қ. Жүнісбек,

Д.Шалабекұлы атындағы негізгі 

мектеп мұғалімі

Бар мейіріміміз балаларға!

В советское время

интеллек т уальная

игра «Что? Где?

Когда?» была одной

из престижных. В этой

игре участвовали

такие великие умы того периоды, как

Груздь, Поташёв, Мухин и другие. Ведь

участники обладали боль-

шим умом, смекалкой, же-

лезной логикой. Вопросы

игры были из различных

областей науки.

Сейчас не секрет, что

наше подрастающее поко-

ление увлекается зачастую

только новыми техноло-

гиями, при этом они забы-

вают об энциклопедиях,

научных книгах. В этом году

наша школа, в целях рас-

ширения кругозора уча-

щихся, запустила проект

этой старой, но очень инте-

ресной и познавательной

игры. К 550-летию образо-

вания Казахского ханства и

70-летию Великой Победы

мы провели кустовой тур

интеллектуальной игры «Что? Где?

Когда?». 

В игре участвовали команды 4-х школ:

Пржевальская СШ, СШ им.К.Шайменова,

Кировская СШ и Путь – Ленинская СШ.

Игра проходила в 3 тура, в каждом - по ви-

деовопросу, и в 1-ом туре был черный

ящик.  После каждого тура школа, на-

бравшая наименьшее число очков, поки-

дала игру. В финале за переходящий

кубок боролись учащиеся нашей школы и

СШ им.К.Шайменова. Вопросы были, на

мой взгляд, интересными и в то же время

заставляющие задуматься, напрячься и

принять правильный ответ.  Победу в этой

игре одержали хозяева.

Несмотря на дух соперничества, игра

проходила в дружеской и доброжелатель-

ной атмосфере. По итогам игры были от-

мечены лучшие игроки команд и их

руководители. Так, лучшими игроками

стали Тусупова Гульзат (Пржевальская

СШ), Табысбек Мейргуль (Кировская СШ),

Рысмагамбетова Жанна (СШ им.К.Шайме-

нова).

На следующий учебный год мы плани-



руем проведение игры на районном

уровне, где будут вопросы из различных

отраслей науки и школьных предметов.

Хотим поблагодарить своих коллег за по-

нимание, теплую поддержку и участие в

данном мероприятии. 

Г. Тусупова

Учитель истории Пржевальской СШ                               

Возвращая традиции…

Мектеп тынысы


6  бет

6  маусым  2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

Əуесқой ойыншылар арасында баскет-

бол ойынын жақсы меңгерген спортшылар

жетерлік. Бұл, əрине, куантады. Қазір осы

спорт түрімен айналысам деген

жастардың ынтасы жоғары. Біз оларды

қолдап, қызығушылығын арттырып,

кəсіпқой ойыншы болуына жағдай жаса-

уымыз керек.

30 мамыр күні Бұқар жырау ауданының

Қушоқы кентінде Ұлы Жеңістің 70

жылдығына орай Бұқар жырау ауданы

əкімінің кубогы үшін ер балалар арасында

баскетбол ойынынан  жарыс өтті.  7 ау-

даннан жиналған спортшылар  спорттық

дайындықтарының  деңгейін жəне спортқа

деген құштарлықтарын көрсетті. 

Бұқар жырау ауданының Қушоқы кенті

əкімі Қ.Н. Құсайынов жəне осы айтулы ша-

раны ұйымдастырушы Бұқар жырау жа-

стар ісі жөніндегі орталығының директоры

Мадина Машенова жалынды сөздерімен

жарысты ашып, оларға сəтті бастау,

қызықты жарыс ойынын тіледі.

Нұра ауданының намысын қорғауға

барған  Жақсыбаев Нұрлан, Шүлембаев

Ернар, Ермек Қайырхан, Ақылбаев Бекет,

Тұраров Мади, Бабич Павел сияқты спорт-

шыларымыз Нұра ауданының ішкі саясат

бөлімі мен Киевка кенті əкімі аппаратына

жол шығындарын көтергендері үшін жəне

жеке кəсіпкер Асқар Ұябековке  қаржылай

демеушілік көрсеткені үшін шексіз

алғыстарын білдіреді.

Бұл спорт оқиғасының басты мақсаты

жастарды спортпен жүйелі айналысып

тұруға тарту,  бос уақытты ұйымдастыру

жəне салауатты өмір салтын насихаттау,

балалар мен жасөспірімдер арасында

құқық бұзушылық, маскүнемдік жəне

нашақорлық көріністерінің алдын алу мен

олардан сақтандыру болды. 

Баскетбол турнирі  жеңімпаздарын

марапаттаудың салтанатты рəсіміне де

келіп жеттік. 

Финалдық ойындардың қорытындылары

бойынша республика деңгейінде

Қарағанды облысының намысын қорғап

жүрген  команда  алға шықса, екінші

орынға үздік ойын көрсете білген Нұра жа-

старынан құралған команда ие болды,

үшінші орын Бұқар жырау ауданының

командасына бұйырды.

Үздік ойыншылар қатарында біздің Нұра

жастары командасының ойыншысы

Нұрлан Жақсыбаев  бағалы сыйлықпен

жəне дипломмен марапатталды.

Бұқар жырау ауданының жастар ісі

жөніндегі орталығы жеңіс иелерін қол жет-

кізген жетістіктерімен құттықтап, басқа ау-

дандардан  келген командалар мен

олардың тəлімгерлеріне баскетбол турни-

ріне қызығушылық танытқандықтары үшін

алғыс білдірді.

Мақпал Жұматаева,

Жастар ісі жөніндегі орталық 

директоры

Жастар саясаты

Нұра жастары жүлделі оралды

Президент Н.Ə.Назарбаев: «Мемлекет-

тік рəміздер – еліміздің егемендігі мен

тəуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл

рəміздер біздің мемлекетіміздің өткені,

бүгіні мен болашағы арасындағы

байланыстың жарқын бейнесі» деген еді.

Бұл күні ауыл кітапханасында «Ел рухын

көтерген мемлекеттік рəміздер»  атты

дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Атал-

мыш шараға  ауыл əкімшілігі, мəдениет

үйінің қызметкерлері мен  мектеп

оқушылары қатысты. Алдымен

рəміздердің шығу тарихы  таныстырылды.

Шара  барысында    қатысушылар Отан ту-

ралы өз ойларын ортаға салды.

Рəміздерге арналған слайд көрсетіліп,

кітап көрмесі ұсынылды. Əрі қарай «Жа-

уабын тап» викториналық ойыны екі тілде

өткізілді. Қатысушылар қойылған

сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды.

Бұл шараның отансүйгіштікке, адамгерші-

лікке, Отанына, халқына адал қызмет

етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Əнұранын

қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін,

тарихтағы маңызы жайлы  білуге

тəрбиелеуде маңызы зор болды. 

Шара соңында еліміздің əнұраны орын-

далды. Ауыл əкімі Мапруза Нұртайқызы

белсенділік танытып, айрықша көзге

түскен қатысушыларды Мемлекеттік

рəміздер күнімен құттықтап,

қатысушыларға ат салысқандары үшін

алғысын білдірді, сыйлықтар тарту етті. 

Тарихи ақпарат легіне тоқталсақ: Мем-

лекеттік елтаңбаның авторлары - танымал

суретшілер Жандарбек Мəлібеков пен

Шота Аман Уəлиханов.

Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең,

босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.

Елтаңба авторлары осы сөздерді

басшылыққа алған. Қазақстан

Республикасының Елтаңбасы көгілдір

түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесі-

нен тұрады. Одан жан-жаққа күн сəулесі

тəрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен

уықтар біздің Отанымызда тыныштықта

жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген

халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан

Республикасы Елтаңбасының бір бөлігі

ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның

жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты

өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың

белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан»

деген жазу республиканың атын көрсетеді.

Масақ - Отанымыздың байлығы іспеттес.

Тудың авторы Шəкен Оңдасынұлы    Ни-

язбеков - белгілі монументші-суретші.

Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік

төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман-

есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы

сəулесін шашқан алтын күн – тыныштық

пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері

қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген.

Туда қыранның орын алуы тəуелсіздік

алған Қазақстан қыран сияқты биікте бол-

сын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын

деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек

салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік си-

патын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Кез келген мемлекеттік рəміздердің ең

маңыздысы – Əнұран. Əнұран

мемлекеттің салтанатты əні. Əнұранды

түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын

қойып айтады. Бұл мемлекетке деген

құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын

бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын,

мың жылғы тарихын осы əнге сыйғызған.

Мемлекеттік Əнұранның авторы Шəмші

Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен

Нəжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік рəміздер - халқымыздың

рухын, ұлттық салт-санасын,

қаһармандығы мен даналығын,

болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін

ерекше құнды белгілер.



Г. Кошкумбаева,

кітапханашы

4 маусым - Мемлекеттік рəміздер күні

Ел рухын көтерген 

мемлекеттік рəміздер

23 мамырда Мүтəш Сүлейменов орта

мектебінде  «Бастауышым – балбұлағым»

атты бастауышпен қоштасу кеші 4 сынып

жетекшісі Г.Рахимбекованың

ұйымдастыруымен өткізілді. Кеш мақсаты

білімнің сара жолы бастауыштан бастала-

тынын,бастауышта алған білімнің негіз

болып қаланатына көз жеткізу, бастауыш

сыныбымен,алғаш қолына қалам ұстатқан

алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта

буында дəріс беретін ұстаздармен таны-

стыру, əр баланың ерекшелігін таныта от-

ырып, сəт-сапар тілеу, білім берер ордасы

- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге

деген құштарлығын арттыру, өз Отанының

адал ұлы мен қызы болуға тəрбиелеу бо-

латын.


«Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың

қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры

ұстаздардың қолында», - деп  елбасы

Н.Ə.Назарбаев айтқандай, ұстаз оқушыға

мектеп табалдырығын аттағаннан  бастап

білім нəрін төгіп, үлкен өмірге білімді де бі-

лікті тұлға болып

аттауына сүбелі

үлесін қосады.

О с ы н д а й

ұстаздардың бірі

- 15 түлекті

қанаттандырып

о т ы р ғ а н

Гүлбаршын Ра-

х и м б е к о в а .

Ұстаздық шебер-

лігі мен баланы

баурап алатын

қ а с и е т і м е н

о қ у ш ы л а рд ы ң

сүйіспеншілігіне

бөленіп, жазу

мен оқуды

ү й р е т к е н

ұстаздарымен

түлектері де

қ и м а с т ы қ п е н

қоштасты. 

Бастауыш түлектерінің қоштасу кешімен

мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі

орынбарасы Ғ.Хасенов құттықтап, ақ ті-

лектерін жаудырды. 

Бастауышпен қоштасқан балаларымызға

жоғарғы сыныптарда да үздік оқып, баста-

уыш сыныпта алған негізгі білімдерін да-

мыта беруіне тілектеспіз.

Ата-аналар комитетінен 

Сағдат Исманова,

М.Сүлейменов атындағы ОМ

Қош бол, бастауышым!

1 маусым - Балаларды қорғау күні елі-

міздегі ең бір айтулы мерекелердің бірі

деуге болады. Себебі бұл мерекеде

жүздері шаттыққа толы, қуанышты да

бақытты балбөбектерді көресіз. Оларды

мерекелерімен құттықтап тұрғанда, бал-

бұл жанған жайдары балғын жүздерінен

тек шаттық пен қуаныш көресіз, мерекенің

мəн-мағынасын онша түсінбесе де, бүгін

бір айтулы күн екенін, алдыңғы толқын

аға-апаларының оларға деген ерекше  ақ

адал сезімдерін олар өздерінше сезіне бі-

леді. Міне, осындай бөбектердің шат

күлкісіне толы балалар мерекесі Кертінді

ауылында да тойланып өтті. Мерекелік іс-

шара «Балдырған» балалар алаңында

өткізілді. Ауылдық Мəдениет үйінің мектеп

ұжымымен бірлесе өткізген бұл іс-шарасы

өте тартымды да қызықты, мағыналы

болып шықты. 1 маусым күні «Балдырған»

балалар алаңында ауылдың үлкенді-кішілі

бар баласы жиналды деуге болады.

Таңертеңгі сағат 10.00-ден ауыл өңірін

əнге бөлеген сазды əуендер мерекелік

көңіл-күйді еселей түсті. Сағат 11.00-де

«Бақытты балдəурен» концерттік

бағдарламасы басталып, үлкендер тара-

пынан құттықтау сөздер айтылып жатты.

Сыңғырлаған əсем дауысты Жұмабаева

Əдемі мен Сайрам Берекенің орындаған

əндері көпшілік көңілдерінен шықты. Мың

бұрала билеген кішкене бүлдіршін

қыздардың да биі өте тартымды болды.

Іле ауылдық балалар кітапханасының кі-

тапханашысы Төлеубаева Əлияның да-

йындауымен өткізілген «Ойлы болсаң,

ойлап көр» жұмбақтар сайысы, асфальтқа

туған жер

т а қ ы р ы б ы н д а

сурет салу, арқан

тартыс жəне де

басқа ойын түрлері

ұйымдастырылды.

Əр сайыс бойынша

оза шапқан

б ү л д і р ш і н д е р ге

Əлия Оразбайқызы

өз тарапынан

бағалы сыйлықтар

мен тəттілер

үлестіріп, ауыл

əкімдігі атынан

Мақтау қағаздарын

табыстады.

Өткізілген балалар

мерекесінің бір

ерекшелігі - жан-

жақтылығында еді.

Тақыр алаңда

ұлттық ойындар жанашыры, Мүтəш

Сүлейменов атындағы орта мектеп дирек-

торы Айдос Диханұлы асық атудан бірін-

шілік өткізіп жатса, дене тəрбиесінің

мұғалімі Досполова Рымкүл көп функцио-

налды кортта спорттық ойындардан сайы-

стар өткізіп жатты.

Екі-үш сағатқа созылған мерекелік іс-

шара ауыл өңірін сазды əуенге бөлеуімен

қатар сыңғырлаған бүлдіршіндердің

күлкісімен əсерлі болып есте қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет