№ 24 (1328)
14 маусым
сенбі,
2014 жыл
Шыңғырлау аудандық қоғамдық - саяси газеті
Серпін
Бүгінгі нөмірде:
іссапар
4
7
Газет 1938 жылдан
шығып келеді
Өнерлі отбасының
жеңісі
8
возвращает людям
здоровье
5
Өзекті тақырып
әңгіме болды
Барлық өмірімді Шоқтыбай ауылында өткізіп
келемін. Қиын кездер де өтті, жарқын күндерді де
бастан кешірдік. Осы ауылда тынбастан еңбек
еттім. Еңбегімнің жемісін көріп, талай мақтау,
марапаттарға ие болдым. Халық қалаулысы
атанып, шетелдерде де болуға мүмкіндік алдым.
Өміріме ризамын. Соңғы кезде Шоқтыбай
ауылы жақсы жағына өзгерді. Мектебіміз бар,
клуб, медпункт уақытымен жұмыс істеп тұр.
Халықтың жағдайы жақсы. Менің редакцияға
хат жолдағандағы айтпағым мынау еді:
Ауылды күл-қоқыстан тазалау жұмысы
ерекше жақсы өтті. Қазір ауылымыз тап-таза.
Тазалықтың артында тұрғындардың денсаулығы
тұрғандығын жақсы білемін. Ауылдың сәнін
келтіруге атсалысқан балаларыма, осы істі
бақылауда бағыт берген аудан әкімі Алдияр
Халеловке, округ әкімі Ғ.Жұмағазиевке басқа да
жұмысқа қатынасқан азаматтарға алғысымды
білдіріп, аналық ақ жүрегіммен рахметімді
айтамын.
Мәрзия Тұрғанбаева
Соның бір дәлелі - жуырда оның ауданымыз-
дан ең шалғай жатқан елді-мекен Алмаз
селолық округінде болуы. Алмаздықтармен
кездесіп, бүгінгі күн тақырыбына әңгіме
қозғап, сайлаушыларының өтініш-тілекте-
ріне де құлақ салды. Сол сапарда ауылдағы
мектеп-балабақшадағы бүлдіршіндерге отыр-
ғыштардың жетіспейтіндігін өз көзімен көріп
кеткен болатын. Жақында Мадияр Жеңісұлы
өз сөзінде тұрып балабақшамызға қажетті 30
отырғышты жеткізіп берді. Сонымен қатар,
қаражат жағынан қысылып отырған Гүлсара
Мұхамбетова сынды ауыл тұрғынына қаже-
тіне жарату үшін деп 30 мың теңгені қолына
ұстатып кетті.
Ел сенімін ақтау жолында қарапайым
халықтың өтінішін ескеріп, айтқан сөзінде
тұра білетіндігіне риза болған алмаздықтар
шынайы алғысын білдіруде.
роза КенЖебаева,
алмаз селолық округі мектеп-
балабақшасының әдіскері
Жаһан жаңалықтарымен кеңінен таныс,
заманауи ғылым мен ілімді меңгерген ел ғана
алға озбақ. Ендеше осы маңызды құжат еліміз
үшін өте тиімді деп есептеймін. Алдымен
өз шикізатымыз бен өнімімізді батыл шетке
шығара аламыз. Кәсіпкерліктің көкжиегі
кеңейеді. Жаңа техника мен технологияларды
игеру одақ аясындағы елдермен тәжірибе
алмасу арқылы мүмкін болмақ. Әсіресе, ел
ертеңі жастарымыздың осы үш елді таңдау
арқылы өз білімдерін көтеруге мүмкіндігі мол.
Түйіп айтқанда Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен
іске асқан Еуразиялық экономикалық одақтың
құрылуы елдердің қарапайым тұрғындары
мен ауылдардағы тауар өндірушілерге жаңа
мүмкіндіктер тудыратынына менің де сенімім
мол.
Қ. айЖарыҚов,
Шыңғырлау орта
мектебінің мұғалімі
Елден екі хабар
Пікір
Жарқын болашаққа қадам
Бәрекелді!
Депутат сөзінде тұрды
Жыл сайын жаздың алғашқы айының
бірінші күнімен ілесе келетін балаларды
қорғау
күні
салтанатты
түрде
атап
өтілетін жарқын мерекелердің бірі. Шоқ-
тыбай селолық клубында балаларды қорғау
күніне арналған «Балалардың күлкісі-көркі,
сәні әлемнің» атты мерекелік шара өткізілді.
Қуанышқа толы шуақты мерекені кітапханашы
А. Иманбекова ашып, бүлдіршіндерді құт-
тықтап, жылы лебізін білдірді.
«Ертегілер» әнін шырқаған Алина Аюпова,
«Мереке» әнімен Балауса Молдағали, «Көңіл-
ді күн» әні Айзада Аманованың орындауында,
«Қуыршақтар» биін мың бұрала билеген биші
бүлдіршіндеріміз сахнада өзін-өзі ұстауы, еркін
сезінуімен, көпшіліктің көңілінен шықты.
Концерттік нөмірлер бірінен соң бірі жалғасып,
мерекенің сәнін асқақтата түсті. Сонымен қатар,
көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысушылырдың
орындауында «Шұбар тауық» ертегісі
қойылды.
Меңсұлу ҚайМулДИнова
облыстық мәслихаттың депутаты Мадияр байжанов өз сайлаушыла-
рымен кездесіп, елдің жағдайын, мұң-мұқтажын біле жүруді оң жолға
қойып келеді.
нұрЖанов
б о р а н б а й
Қ а н ғ а л и ұ л ы
1956
жылы
Батыс Қазақстан
облысы, Шың-
ғырлау ауданы,
Шыңғырлау село-
сында дүниеге
келген.
1978
жылы
Орал
қала-сының ауыл-шаруашылық техникумын
«зоотехник» мамандығы бойынша, 1991
жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық
институтын
«зооинженер»
мамандығы
бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Батыс Қазақстан
облысы, Шыңғырлау ауданы, Белогор
совхозының зоотехнигі болып бастаған.
1979-1980 жылдары Шыңғырлау аудандық
ауылшаруашылық басқармасының зоотехнигі
болып жасады.
1980-1986 жылдары Шыңғырлау ауда-
нының
мемлекеттік
инспекциясының
ауылшаруашылық тауарларының сатып алу
және сапасын қадағалау жөніндегі мемле-
кеттік инспекторы қызметін атқарды.
1986-1987 жылдары Шыңғырлау ауданының
мал шаруашылық өнімдерін қадағалау және
б а қ т ы ғ а л и
Ө т е п қ а л и ұ л ы
н а р М а ғ а н -
беТов
1981
жылы Батыс Қа-
зақстан
облысы,
Шыңғырлау ауда-
ны,
Шыңғырлау
селосында дүниеге
келген. 2006 жылы
Батыс
Қазақстан
о б л ы с ы н ы ң
инженерлік технологиялық университетін
«Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша
бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан
облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласында
Қазақстан
Республикасындағы
«ССС-
Сайпем» компаниясы филиалының күзетшісі
болып бастаған.
2004-2005 жылдары Шыңғырлау ауданы-
ның жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы
ЖаҢа ТағайынДаулар
болып жасады.
2005-2006 жылдары Шыңғырлау ауданы
әкімі аппаратының жетекші маманы қызметін
атқарды.
2006-2008 жылдары Шыңғырлау ауданының
кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы
қызметін атқарды.
2008-2010 жылдары Батыс Қазақстан
облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп
басқармасының бас маманы қызметін
атқарды.
2010 жылдың шілде-қараша айлары арасын-
да Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлі-
мінің бастығы лауазымын атқарды.
2010-2014 жылдары аралығында Шың-
ғырлау ауданының кәсіпкерлік, ауыл
шаруашылығы және ветеринария бөлімінің
бас маманы қызметін атқарды.
2014 жылдың 28 мамырынан бастап
Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік бөлімінің
басшысы болып тағайындалды.
Отбасылы, жанұясында 2 бала тәрбиелеуде.
дайындау жөніндегі инспекциясының аға
инспекторы қызметін атқарды.
1987-1996 жылдары Шыңғырлау ауданы
Шыңғырлау совхозының зоотехнигі қызметін
атқарды.
1997-1998 жылдары Шыңғырлау ауданы,
Ново-Петровка селосының «Шыңғырлау»
өндірістік кооперативінің бас зоотехнигі
қызметін атқарды.
1998-1999 жылдары Шыңғырлау ауданы
Ново-Петровка селосының «Шыңғырлау»
өндірістік кооперативінің төрағасы болды.
1999-2012 жылдары Шыңғырлау ауданы,
Қарағаш ауылы, «Қарағаш» ЖШС директоры
лауазымын атқарды.
2012-2013 жылдары Шыңғырлау ауданы
Қарағаш селолық округінің әкімі лауазымын
атқарды.
2014 жылдың 17 ақпан-28 мамыр аралығында
Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік, ауыл-
шаруашылығы және ветеринария бөлімінің
басшысы лауазымын атқарды.
2014 жылдың 28 мамырынан бастап
Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен
Шыңғырлау ауданының ауылшаруашылығы
және ветеринария бөлімінің басшысы болып
тағайындалды.
Отбасылы, жанұясында 2 бала тәрбиелеуде.
Ежелден етене таныс үш ел басшыларының Еуразиялық экономикалық одақ
құрып, келісімшартқа қол қоюын жарқын болашаққа жасалған жаңа қадам
деп бағалауымыз керек. Өз қазанында ғана қайнап, өз шеңберінде ғана айналған
ел дамымайды.
Аудан бойынша 115 мек-
теп бітіруші түлектің 98-і
(85,2%) (72–қазақ тілінде,
26–орыс тілінде) ағымдағы
жылдың 2 маусымында Ақсай
қаласындағы № 4 ЖОББМ
базасындағы № 769 ҰБТӨП
сынақ тапсырды.
ҰБТ тапсыру қорытындысы
бойынша аудандық көрсеткіш
80 ұпайды құраса, өткен 2013
жылдың ҰБТ салыстырғанда
(72,3) 7,7 ұпайға өскендігі
байқалады. Аудан бойын-
ша
2
оқушы
«Алтын
белгі» белгісін дәлелдесе
(Л.Қылышев атындағы ОМ
– Бигалиева Альбина-113
балл, А.Тихоненко атындағы
ОМ – Қалдыбаева Асылай
– 110 балл), 2 оқушымыз
«Үздік аттестат» иегерлері
(Ащысай ОМ – Тайкенов
Дияр – 111 балл, Л.Қылышев
атындағы ОМ – Мухамбетова
Гаухар – 105 балл) атанды.
100 ұпайдан жоғары жинаған
аудан бойынша 10 оқушы
бар. (Л.Қылышев атындағы
ОМ – 4 оқушы, Қуағаш ОМ
- 1 оқушы, Шыңғырлау ОМ
– 3 оқушы, А.Тихоненко
атындағы ОМ – 2 оқушы).
Мектептер бойынша Л.Қы-
лышев атындағы ОМ – 81,1
өткен жылы 74,2 болса 6,9
ұпайға өскен, Шыңғырлау
ОМ – 78,6 өткен жылы 70,4
болса 8,2 ұпайға артқан,
А.Тихоненко атындағы ОМ
– 86,8 өткен жылы 74,2 болса
12,6 ұпайға өссе, Тасмола
ОМ – 74,5 өткен жылы 72,5
болса 2 ұпайға өскен, Белогор
ОМ – 79 ұпай болса, өткен
жылы 82,5 яғни 3,5 ұпайға
төмендеген. Алмаз ОМ – 71,7
өткен жылы 63,8 ұпай болса,
7,9 ұпайға өскен, Ащысай
ОМ – 85,7 ұпай, өткен жылы
77, яғни 8,7 ұпайға артса,
Қуағаш ОМ – 75 ұпай, өткен
жылы – 71,4 болса 3,6 ұпайға
артқандығы байқалады.
ҰБТ қорытынды сынағы
Ережеге сай өтті. Бұл жер-
де өткізілу тәртібінің қатаң
қадағаланғанын баса айтып
өту керек. Әрбір ауди-
торияда министрлік өкіл-
дері қатысып, ҰБТ барысын
бақылап отырды. Сынақтың
өткізілу барысы бейнекамера
бақылауында болды, деген-
мен оқушылар өздерінің
шынайы білімдерін көрсете
алды. Жалпы мінсіз білім
үздіксіз ізденістің, үнемі
оқудың нәтижесі. Мектеп
оқушыларының осы мәселені
үнемі естен шығармағаны
абзал.
Э.алПаМыСова,
аудандық білім
бөлімінің бас маманы
Терең білім –
өмір талабы
Бала білімі–ата-аналар үшін басты мәселе. Бүгінгі уақыт талабы жоғары оқу
орындарына түсу үшін ҰБТ нәтижесінің талапқа сай болуын қалап отыр.
2
ДЕНСАуЛыҚ
Серпін
№ 24 (1328). 14 маусым 2014 жыл
Отбасымыздың ажары, бала-
ларының ардақты анасы Шың-
ғырлау ауданы Қызылкөл ауылы-
ның тұрғыны Нажмеденова Манар
Наурызқызы 2014 жылдың 25
мамыр күні Шыңғырлау аудандық
ауруханасына түсті. Оның да,
қызының да денсаулығына қарап,
жандарын аман алып қалған
дәрігерлер тобына отбасымыздың
атынан ризашылығымызды біл-
діргіміз келеді. Соның ішінде: М.
Байчеркешов, Д.Мендеева, А.Бо-
латова, Л.Исмагулова, Е.Ералин,
Б. Бумабаев, Н.Байгалиева, Қ.Жа-
зықбаев, М.Хамзиев, Ж.Хами-
дуллин, Ә.Мұхамбедьяров, А.Бек-
жанова,
Г.Шашкеева,
Ә.Иса-
галиева, Г.Файзуллина, Б.Базарова,
А.Құрманғалиева,
Б.Шарипова,
А.Карабаева. Егеменді еліміздің
саулығы – ұлт саулығы екенін
ескере келіп, ана мен бала өмірін
сақтап қалған осы ақ халатты абзал
жандарға дендеріне саулық, отбасы
амандығын, еңбектеріне жеміс
тілейміз. Елімізде осындай өз ісіне
жауапкершілікпен қарап, шапшаң
қимылдап, тез шешім қабылдай
білетін білгір дәрігерлер көбейе
берсін!
нажмеденовтер әулеті
Алғысымыз шексіз!
Жуырда Орал қаласында медицина
қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
қарсаңында облыстық спартакиада
өтті. Спорттың алты түрінен өткен
сайысқа 17 команда қатысты.
Тартысты да қызықты ойындар
кезінде жеңіл атлетикадан өткен
жарыста аудандық аурухананың
қызметкерлері Айболат Тәжекенов,
Нұржауған Кишикбаева, Әйгерім
Құмарова жүлделі І-ші орынды
талассыз жеңіп алды.
Жылма-жыл денсаулық саласы
бойынша жоғарғы білімді, орта білімді
мамандар мамандықтарын жетілдіру
жұмыстары жүргізіліп тұрады, аудан
бойынша медициналық кадрлардың
білімін жетілдіру, мамандандыру
мақсатында үстіміздегі жылдың бес
айында 3 дәрігер білімін жетілдірді.
Сонымен қатар аудандық емдеу про-
филактиқалық ұжымдарыңда 46
(38,6%) мамандандырылған кате-
гориялы медбикелер қызмет көр-
сетеді.
Отан соғысының ардагерлері мен
мүгедектері
үнемі
дәрігерлердің
бақылауында. Аудан бойынша 428
мүгедек диспансерлік есепте тұрады,
192-сі алдын ала медициналық
тексеруден өтіп, ем алды. Биылғы
жылдың 5 айында алғашқы рет
мүгедектікке шыққандар саны-7.
2014 жылдың 5 айында туылған
нәресте- 87. Туу көрсеткіші 5,6-
промиль. 2014 жылдың 5 айында
аудан бойынша жалпы өлім-жітім – 50
(3,2 1000 халық санына шаққанда).
Туберкулезбен ауыратын сырқат-
тарды емдеу, туберкулездің алдын
алу мақсатында тиянақты жұмыстар
жүріп келеді.Үстіміздегі жылдың 5
айында жаңадан туберкулез ауруына
шалдыққан аурудың саны– 3. Ауру-
шаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда
2014жылы – 19,5% Туберкулезге
шалдыққандар ішінен асқынған түрі
2012, 2013, 2014 жылдары тіркелмеді.
Жыл басынан бері флюоротексеруден
өткендер саны жоспардан –2181-2084,
95%. Манту реакциясына -46. Айдың
жоспары - 738 болса, орындалғаны-59
(7,9 %), Д есепте - 57, бес айда ауданда
туберкулезге шалдыққан 15 науқасқа
417000 теңге көлемінде әлеуметтік
көмек көрсетілді, 1 науқасқа (15МРП)-
27780 теңге.
Бүгінгі таңда елімізде қатерлі ісік
ауруларының алдын алу, дер кезінде
анықтау бағытымен айтарлықтай
дәрежеде жұмыс жүріп жатыр. Бұл
бағытта да біздің дәрігерлеріміз
қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды
емдеу, қатерлі ісіктің алдын алу
мақсатында аурушаңдық 100 мың
тұрғынға шаққанда 2014 жылы-1597,6
анықталып отыр, Қатерлі ісікке шал-
дыққандар ішінен асқынған түрі-
2, соның ішінде визуалдық түрі-2.
Қатерлі ісіктен қайтыс болғандар
саны-6 (39,0) 2013 жылдың 5 айында-
8(52,2).
Үстіміздегі жылы ВИЧ (АИТВ)
инфекциясымен
5(0,114)
адам
тіркелсе, өткен жылдың 5 айында ВИЧ
(АИТВ) инфекциясымен 7(13,0) адам
есепке алынған.
Алдын ала тексеру (скрининг)
2014 жылдың 5 айында 0-17-
ге дейінгі балалардың мақсатты
алдын-ала қарауға жоспарланғаны-
3566,
қаралғаны-2634
(73,90%),
науқас деп анықталғаны-412 (16%),
сауықтырылғаны- 86 (21%). Ересектер
арасынан қан айналу ауруына жос-
парланғаны-2613 болса, қаралғаны-
1528 (58%), науқас деп анықталғаны-
73(4,7%). Әйелдер арасынан жатыр
мойнының қатерлі ісік ауруына
35,40,45,50,55,60 жастағылар арасы-
нан 487 адам қаралуға жоспарланса,
388 (80%) тексеруден өтіп, науқас деп
анықталғаны-0(0%). Сүт бездерінің
қатерлі ісік ауруына 50,52,54,56,58,60
жастағылар арасынан 466 тұрғын
тексеруден өту керек болса , қарал-
ғаны-466 (100 %), науқас деп
анықталғаны-1(0,2%)
Қант сусамырына мақсатты алдын
ала қарауға жопарланғаны-2613,
қаралғаны-1528 (58,40%), науқас деп
анықталғаны -1, барлығы Д есебі не
тізімге тіркелді. Глаукомаға мақсатты
алдын ала қарауға жоспарланғаны-
1694, қаралғаны-1335(78,80%), нау-
қас деп анықталғаны-4. Тік ішек
қатерлі ісік ауруына мақсатты алдын
ала қарауға жоспарланғаны-1409,
қаралғаны-886(62,80%), науқас деп
анықталғаны -0(0%). Асқазан-өңеш
қатерлі ісігі ауруына мақсатты алдын
ала қарауға жоспарланғаны 1006,
қаралғаны – 645 (64,0%), науқас деп
анықталғаны-2. 2014 жылдың 5 айында
стационарда 612 науқас емделген
(жоспар -520),117 %), кереует жұ-
мысы –118,3.
Барлық дәрігерлік амбулатория
мен аудандық емханада күндізгі
стационарлар
қызмет
көрсетеді.
15 маусым–медицина қызметкерлерінің күні
Кәсіби біліктілік–басты назарда
Соның ішінде аудандық емханада
– 35 төсек орын, Лубен АА – 10 төсек
орын. Күндізгі стационарда барлығы
- 728 науқас емделген (90,5%),
соның ішінде балалар-52. Сонымен
қатар, үйдегі стационарда бес айда-96
науқас емделді, соның ішінде балалар-
14. Аудандық аурухана селолық
округтегі тұрғындарға медициналық
көмекті жақындату, алдын ала тексеру
жұмыстарын жүргізу мақсатында,
жылжымалы дәрігерлік амбулатория
қызмет көрсетеді.
Жылжымалы дәрігерлік амбулатория
2014 жылы 16 рет дәрігерлік көмек
көрсетуге шығып – 8568 адамды
қарады, соның ішінде 970 науқас
айқындалды. Диспансерлік есепке
алынғаны -31 адам. Алгаритм бойынша
ремабильмен тасымалдау ОКС5-
науқас, ОНМК -6 науқас тіркелді.
Тегін
берілетін
дәрі-дәрмектің
игерілуі:барлығы – 9200597,11 теңге,
медициналық
құрал-жабдықтарға
1365500 теңге бөлінді.
Жалпы тұрғындардың денсаулығын
сақтау, науқастарға емделу үшін
қалыпты жағдай туғызу біздің басты
міндетіміз болып қала бермек. Дей
тұрғанмен аурудың алдын алу үшін
тұрғындардың да өз белсенділіктерін
көрсеткендері дұрыс. Жылма жылғы
скринингтік тексерулер кезінде алдын
ала шақыруларға, хабарландыруларға
қарамастан тұрғындардың жайба-
сарлық, шабандық танытулары тек
өздеріне ғана кері әсерін тигізетінін
түсінгендері дұрыс. Осы жолда талмай-
жалықпай еңбек етіп, өз білімдерін
замана талабына сай көтеріп, әрдайым
оқып, ізденуден жалықпайтын әріп-
тестерімді кәсіби мейрамдарымен
құттықтай отырып, еңбектеріне табыс,
жанұяларына амандық тілеймін.
Қылыш ЖазыҚбаев,
аудандық аурухананың
директоры
Ақтөбе медицина академиясының
түлегі Нұргүл акушер-гинеколог
ретінде алғашқы еңбек жолын
Жаңақала ауданында бастап, кейін
біздің
ауданымызға
ауысқан.
Алғашқы күннен өзін білікті маман,
талапшыл жан ретінде көрсете білген
ол әріптестерімен ақылдаса-кеңесе
жүріп тәжірибе жинай бастады.
Ұжымында өз ойын нақты жеткізе
білуімен ерекшеленген ол жұмыс
тәсілінде де ашықтықты жақсы
көреді. Алдына келген науқастарды
байыпты тыңдай отырып, емді
уақытымен
қабылдауды,
өз
өмірлеріне немқұрайлы қарамауды
талап етеді. Жас аналардың күтіміне
де ерекше мән береді. Олардың
дүниеге дені сау ұрпақ әкелуі үшін
барлық мүмкіндікті пайдалануларын
қадағалайды.
Нұргүл
сонымен
қатар, облыс дәрігерлері арасында
да танымал. Білімді маманның қай
жерде де өзін көрсете алатыны
Міне, осындай ісіне берілген
ақ желеңді абзал жанның бірі,
аудандық аурухананың жоғары
санатты терапевт-дәрігері Динара
Джунусова сырқаттарының алғы-
сына ие. 2012 жылы Астана қаласы
Денсаулық сақтау Министрлігі
атынан «жоғары санатты маман»
деген үлкен марапатпен мадақтал-
ды. Ақтөбе медициналық уни-
верситетін бітірген соң жолдасы
Мәлік екеуі жұптары жазылмай көп
жылдан бері аудандық ауруханада
адал да абыройлы қызмет атқарып
келеді. Өмірлік жары Мәліктің де
мамандығы хирург.
-Осы ақ желеңді жандарға
сүйіспеншілік өмірлік таңдауымды
айқындап берді. Мамандығыма
деген махаббатым шексіз. Әр ісіме
ұқыпты болып, емделушілердің
көңілін тапсам деймін. Олар бізге
үлкен үмітпен келеді. Ал біз сол
үмітті ақтауға тиіспіз. Әрине, біздің
атқарып жүрген қызметіміздің
оң нәтижесі болуы үшін білікті
де білімді, өз ісінің маманы
болуы қажет. Біздің ұжымда
да осындай мамандығының
майталмандары, үздігі, жоғары
санатты дәрігерлер баршылық.
Атап
айтсам,
Ұ.Исбулаева,
Г.Есенова, Т.Габдуллиева, Э.Дель-
мұхамбетова, А.уразалина, емха-
наның аға медбикесі Т.Елесбаева,
әдіскерлер
В.Бондарева
мен
Р.Досқазиева,-дейді
жымиып
кейіпкеріміз.
Динараны қашан көрсең де,
шапшаң қимылдап, әр нәрсенің
ретін тауып, әріптестеріне білгенін
айтудан жалықпай, жас мамандарға
үйретіп жүргені. Сырқат жандардың
Үнемі ізденіс үстінде