Қабылдаған: Изтелеу Б. Тақырыбы: «Кемпірқосақ тобы»



Дата15.11.2023
өлшемі0,53 Mb.
#123911


Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Орындаған: «6В01508-Химия-Биология» мамандығының 4 курс студенті Дауылбаева Р.
Қабылдаған: Изтелеу Б.
Тақырыбы: «Кемпірқосақ тобы»
Мақсаты:

Әр оқушы (бастапқы топта) тыңдайды және (түрлі-түсті топта) сөйлейді.
Ұйымдастыру:
Топты қимылдауға және талқылауға орын қалдыра отырып, стандартты орналастыру.
Жаттығудың сипаттамасы:
Оқушылар талқылау үшін (бұл бастапқы топ) тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызады.
Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріліп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар бастапқы топ қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта өз тобына оралады.

Мысалы: 4 топ болса егер, 1 – топта: Қазан төңкерісі жайлы қысқаша мәлімет оқып, келесі топқа түсіндіреді. 2- топ тыңдайды. 3-топ: Ақпан төңкерісі жайлы ақпаратпен танысып, 4-топқа түсіндіреді. Осыдан соң, орын алмасады. Тыңдаған топтар түсіндіреді. Кейін оқушылар жаңа топта не талқылағандарын айту үшін «бастапқы топқа» қайта оралады. Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады. Оқушы осы әдіс арқылы – басқа оқушыны тыңдауға және өз үйренгенін немесе білгенін түсіндіруге дағдыланады. Бір сабақтың аясында бірнеше мәліметпен танысады, яғни Қазан; Ақпан, Желтоқсан, КСРО-ның ыдырауы сияқты тақырыптардан бір сабақта хабардар болады.

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
Рефлексия

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет