29. Пуазейль формуласы. Пуазейль заңы бойынша сұйық стационар аққанда құбырдан ағып өтетін сұйық көлемі оның тұтқырлығы неғұрлым аз, радиусы көп болса соғұрлым көп болады және қысым градиентіне пропорционал. Газдардың ағысын сұйықтың ағысы деп қарастыруға болады, бірақ газдардың тұтқырлық коэффициенті едәуір аз және олардың сығылғыштығы есепке алынуға тиіс. Температура жоғарылағанда, сұйықтардағыдай газдардың тұтқырлығы кемімейді, керісінше аздап артады. Мысалы, су буы үшін температура 00 С-тан 1500 С-қа көтерілгенде тұтқырлық коэффициенті 86*10-6 пуаздан 89*10-6 пуазға дейін кемиді.
Формуласы:
30. Серпімді кернеу. Серпімді деформацияланған дененің энергиясы. Гук заңы. Кернеу және басқа да физикалық шамаларды сипаттауда тензорларды қолдану өте ыңғайлы.
Әр түрлі берілген нүктеден өтетін кернеулердің өзара байланысын көрсету үшін, осы нүктенің маңайындағы денеден кесіп алынған шексіз кіші тетраэдрдың тепе-теңдігі қарастырылады. Дененің қарастырылып отырған нүктесінде тік бұрышты координаталар жүйесінің басы орналасқан делік (16-сурет), оларды 1,2,3 деп және осы осьтердің векторларының проекцияларын сәйкес цифрлық индекстермен белгілейміз. Нормаль бірлік векторымен белгіленген аудан, О нүктесінің маңынан өтіп, координаталық жазықтармен бірге АВСО тетраэдрін құрайды.
16-сурет
Бұл тетраэдрдың қырларына дененің қалған бөліктерінен күштену әсер етеді. dS тең АВС қырының ауданы 1- оське нормаль қыр ауданы dS1 – мен мынадай теңдікпен байданысқандығын ескертеміз.: dS1=1dS, мұндағы ν1- ν мен 1-ось арасындағы бұрыш косинусы. Осыған сәйкес, dS2= ν1dS және dS3= ν1dS; мұндағы dS1, dS2 және dS3 1,2 және 3 осьтерге сәйкес тетраэдр қырларының ауандары. dS аудандағы күштенулерді dS арқылы белгілейміз. - осы аудандағы кернеу вектор.
Деформация (ағылш. deformation) — сыртқы күштер, температура, фазалық түрленуі және ылғалдылықтың т.б. әсерінен пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі барысында дене бөлшектерінің орнын ауыстыруына алып келетін үдеріс.
Деформациялау диаграммасы
Кернеуді арттырғанда деформация әсерінен дене толық бұзылуға алып келуі де мүмкін. Материалдардың деформацияға және әсер етуші күштерге төзімділігі олардың механикалық қасиеттерімен сипатталады. Қандай да бір деформация түріне ұшырауы оған әсер еткен күшпен сипатталады.