ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ Тақырыбы:« Бейбіт елдің көк байрағы »
Мақсаты: Қазақ елінің жүріп өткен жолдары, Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен Егемендік жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында білімгерлер бойында білім қалыптастыру, жұртшылық арасында насихаттау
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады
ҚР мемлекеттік гимні
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев әні: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Ұрпаққа жол ашқан, Алтын дән даласы, Кең байтақ жерім бар. Ерліктің дастаны, Бірлігі жарасқан, Еліме қарашы! Тәуелсіз елім бар . Ежелден ер деген, Қарсы алған уақытты, Даңкымыз шықты ғой. Мәңгілік досындай. Намысын бермеген, Біздің ел бақытты, Қазағым мықты ғой! Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Мереке тарихы Алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды.