25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Леонид ПИТАЛЕНКО,
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, 
белорус этномәдени бірлестігінің төрағасы

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
11
25 бағдар
Қазақтың өзіндік ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық 
жасау – менің Президенттік те, перзенттік те парызым. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл
Е
лбасы «қазақтың өзіндік ұлттық қасиеттері» деп сан ғасырлық тарихымен биік 
ұлтымыздың ықылым замандардан бергі қалыптасқан шұрайлы тілі мен өзіндік 
ғажап ерекшеліктері бар салт дәстүрлері және де өзге де ұлттық құндылықтарын 
меңзеп отырғаны даусыз. 
Кіндік Азияның кең байтақ сайын даласында сандаған ғасырлар бойы салтанат құрған 
ұлы бабаларымыз елдік пен береке-бірлікті ту етіп, ұрпақтан ұрпаққа мәңгі мұра боларлық 
баға жетпес асыл руханият пен мәдениет қалыптастырды. Негізінен ұлы көшпенділер 
өркениеті егіншілік пен саудасы қатар жүріп, қатар дамыған қала мәдениетінің тұсынан 
өркен  жайды.  Ол  бірте-бірте  елдігіміздің  рухани  қазығына,  ұлтымызды  ұйытатын  ең 
құдіретті құндылықтарға айналған болатын. 
Патшалық  Ресейдің  үш  жүз  жылдан  астам  үстемдік  жүргізген  кезеңінде,  яғни 
бодандықтың  қамытын  еріксіз  киген  қилы  замандарда  отаршылдар  өз  уысындағы 
бұратана халықты мәңгі құлдана беру үшін қолданатын ең бір қанқұйлы қатыгез тәсілі – 
ең  алдымен  сол  халықтың  тарихын  ұмыттыру,  төл  мәдениеті  мен  салт  дәстүрін,  әдет 
ғұрпын  ойрандау,  ұлттық  сана-сезімін  аяқ  асты  ету,  ең  соңында  келіп  тілінен,  ділінен, 
дінінен  айырып,  ешқашан  басы  бірікпейтін  мәңгүрт  тобырға  айналдыру  болса,  біздің 
қазақ халқы да осы теперішті әбден көрді. Ал мұны көрген халықта Отан, ұлт деген киелі 
ұғым бола да бермейді. Осы құрылтайда Елбасы: «Әрине, бодандықтың аты бодандық. 
Патшалық  Ресейдің  отаршылдығы  басқа  елдердің  отаршылдығынан  асып  түспесе  кем 
түскен  жоқ.  Ұланғайыр  даламыз  империяның  меншігіне  айналды.  Дініміз  тәрк,  тіліміз 
ғаріп, мәдениетіміз мүшкіл, өзіміз мүскін халге ұшырадық» – деп халқымыздың аса ауыр 
рухани апатқа ұрынғандығын да айтқан болатын. 
Елбасы айтып отырған сол рухани апат түрлі рухани дерттің өршуіне әкеліп соқты. 
Ұлт көшбасшысы өзінің ата дәстүрінен ажырап қала жаздаған халқымыздың еңсесін 
тіктеп, рухын көтеріп, отаршылдық ойрандаған өзіндік ұлттық салт-сана, қасиеттерінің 
қайта қалыптасуы жолында аянбай тер төгумен келеді. Ел тәуелсіздігінің арқасында 
орнында бардың бәрі де біртіндеп оңалып келеді. Сол үшін де Елбасының дана саясаты 
өзінің туған еліне мәңгілікке бағдаршам болады деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы өзінің Президенттік парызын да, перзенттік парызын да лайықты 
атқарып, еліміздің халқына бағыт-бағдар беріп, үнемі жақсылыққа жетелеп келеді. 
 
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, 
Парламент Сенатының депутаты, 
саяси ғылымдар докторы, профессор

25 БЕЛЕС
25 бағдар
12
Халқымыз  ұлтаралық  жарастықты,  сыртқы  дүниемен  өзара  тиімді 
ынтымақтастықты жүзеге асыра алса ғана өзінің өркениетті мемлекетіне 
ие бола алады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл
Т
әуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап елімізде этносаяси, рухани-саяси 
және  ұлттық  реформалардың  дұрыс  жүргізілуіне  байланысты  қалыптасқан 
ұлтаралық  татулықтың  тұрақтылығы  әлем  сахнасында  Қазақстанның  беделін 
арттырды. 
Бүгінде ел келешегін әріден ойлайтын Елбасымыздың кемел саясатының негізінде, 
ұлт пенен ұлыстардың бірлік-ынтымағының ұйтқысы болған мәртебелі қазақ халқының 
ылтипаттығы мен кеңдігінің арқасында, ынтымақтың ошағы маздап, тұрақтылықтың 
туы  тігілді.  Елімізде  барша  қазақстандықтар  бір  мақсатқа  жұмылдырып,  ортақ 
отанымызды жасампаз ұлы істермен биік белестерге көтеру мақсаты тұр. 
Себебі, еліміздегі бірлік, татулық, этносаралық ынтымақ пен келісім – тұрақтылықтың 
кепілі. Ал тұрақтылық – дамудың кепілі, біздің қауіпсіздігіміз, баспанамыз, отбасымыз, 
әл-ауқатымыз,  тыныштығымыз.  Ол  –  бейбіт  өмір,  тұрақты  жұмыс,  ата-аналарымыздың 
денсаулығы,  болашақ  ұрпағымыздың  бақыты,  әке  мен  ананың  салтанатты  қуанышы, 
болашаққа деген сенімі. 
Сонымен  бірге,  бізге  әлемдегі  өркениетті  елдермен  ұлтаралық  мәдени  қатынас-
тардың  қалыптасқаны  керек.  Елбасының  көпвекторлы  саясаты  бізді  барша  елдермен 
байланыстырып,  танытып  отыр.  Бүгінде  еліміз,  халқымыз,  өскелең  ұрпағымыз 
халықаралық деңгейде әйгіленіп, беделі артты. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату 
болса ас көп» дейтін қазақ халқы – қоғамдағы бірлік мен келісімінің арқауы. 
Елбасымыз өзінің Жолдауында тұтас әлемнің дамуына тұсау болатын қауіпті дүниелер 
бар екендігін ескертіп, осы жаһандық деңгейдегі бес бірдей сын-қатерлерге баға беріп, 
олардың біздің де мемлекетімізде болу ықтималдығына баса назар аударып жүр. Мәселен, 
экстремизмді, зорлық-зомбылықты жүйесіз пайдаланатын ойыншылардың бас көтеруі, 
санкциялық  валюталық  сауда  соғысы  барлық  елдердегі  проблемаларды  ушықтыра 
түсуде. Жаһандық тәртіптегі дағдарыс пен әлемдік экономиканың тұрақсыздығы даму 
жолымызда  жаңа  талаптар  қойып  отыр.  Қазіргі  заман  талабы  ойынша,  уақыттың 
қандай  сынағы  болса  да,  қол  жеткен  жетістіктерімізді  қорғап,  абыройлы  биіктерге 
көтерілу үшін сыртқы дүниедегі саясатымызды бірлік, татулық, бейбітшілік жолымен 
тығыз байланыстыруымыз керек. Елбасы атап көрсеткендей, ең басты құндылығымыз, 
тәуелсіздігіміздің тірегі – ел бірлігін көздің қарашығындай сақтай білуіміз қажет. 
 
Қазақбай ҚАСИМОВ, 
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, 
философия ғылымдарының докторы

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
13
25 бағдар
Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл
Б
іздің  халқымыз  –  ежелден  ой  баққан  ойшыл  да  дана  халық.  Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылдың 30 қыркүйегінде 
Алматыда  өткен  Дүние  жүзі  қазақтарының  тұңғыш  құрылтайының  салтанатты 
ашылуында айтқан осы бір ауыз сөзінен де сол ойшылдықты аңғарар едім. Заманның 
шынайы  ұстанымын  Елбасы  бір  ауыз  сөзбен  тұжырымдай  білді.  Бұл  сөз  қашан 
болсын өзінің маңызын жоймақ емес. 
Елбасы ой жарыстыру арқылы халқымыздың бүгінгі жаһандық бәсекеге қабілетті болу 
жайын айтып отыр деп ұғынғанымыз абзал. Жалпы, бәсекелестік дегеніміз біздің қазақ 
үшін жат қасиет емес. Әуелден бір-бірімен бәсекелес бола білген халқымыз бірінен-бірі 
өнер, білім, ақыл, ой-парасат жағынан озудан гөрі дүние байлығын жинаумен бәсекелесіп, 
оның соңы бақталастыққа ұрындырған кеселге айналып кеткен кезі де болды. 
Елбасының енді айтып отырған бәсекелестігінің жөні де, ұғымы да, табиғаты да, тарихи 
сипаты да басқа. Қолынан өнері тамған, ғылымы мен білімі асқан дүние халықтарының 
жақсыларымен  жарысайық,  солармен  бәсекеге  түсейік!  Әлем  көшінен  қалып  қоймау 
жағын мықтап ойлайтын кез бен кезең туды. Елбасы өз халқының басты бір жанашыры 
ретінде ұлтымыздың ұл-қызын еңбек етуге баулып, үйрету керектігін және байлық пен 
бақ та еңбекте екендігін айтып келеді. 
Бәсекелестікке  қабілетті  халық  зиялылығымен,  терең  білімінен  ерекшеленуге  тиіс. 
Мемлекет  басшысы  болашаққа  жасаған  бағдарларында  осындай  қағиданы  ұстанады. 
Қай  салада  да  ойы  озық  жұрттың  үстемдігі  басым  болады.  Егер  зиялыларының  білімі 
кемел, ой-жүйесі нақты болса, шағын елдер де шапшаң дамып, іргелі елдердің қатарына 
қосыла  алады.  Әлемдік  тәжірибеде  мұның  мысалдары  жеткілікті.  Ғылым  мен  техника 
адам  айтқысыз  дамыған  қазіргідей  кезеңде  қара  күшке  салып  жеңіске  жетем  деудің 
ешқандай  қисыны  жоқ.  Атамыз  қазақтың  «Білекті  бірді  жағар,  білімді  мыңды  жығар» 
деген қағидасынан нәр алған Елбасымыз өзгелерден ақыл мен парасат, білім мен білік, 
өре мен өнер арқылы озуды міндеттеп отыр. Әсіресе, татулық пен тұрақтылықты ту еткен 
Қазақстанға бұл ауадай қажет. 
Елбасының  осы  айтқаны  –  замана  ақиқаты!  Мемлекет  басшысы  басқалармен  «ой 
жарыстырудың»  алғы  шарттарының  бәрін  жасап,  үнемі  қолайлы  жағдай  туғызып 
келеді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан, білімімен дараланған ұландар шетелдің 
таңдаулы университеттерінде оқып жүр. Олар – еліміздің ертеңі. Демек, біз бұл жарыста 
көштен қалмаймыз.
Жабал ЕРҒАЛИ, 
Парламент Сенатының депутаты, 
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

25 БЕЛЕС
25 бағдар
14
Біз бойымыздағы озығымыздан үйреніп, тозығымыздан жирене 
білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайының салтанатты 
ашылуында сөйлеген сөзінен. Алматы, 30 қыркүйек, 1992 жыл
Е
лбасы халқымыздың тарихын зерделеп, әдет-ғұрпы мен салт дәстүрін қастерлеп, 
ана тілін үйреніп, әдебиеті мен мәдениетін әспеттеп, ән-жыры мен күйін тыңдап 
өскен ұрпақ қана зерделі болып өсерін, халқымыздың ұмытылған, уыстан шығып 
кеткен асыл қасиеттерін, ана тілімізді үйрену, солардың нәрін қайыра бойға сіңіру – 
ұлтымыздың  ұлт  түрінде  сақталып  қалуының  сенімді  бір  жолы  екендігін  үнемі 
айтып  келеді.  Бұл  –  Мемлекет  басшысы  халқын  сүйетін,  өз  ұлтын  қадірлейтін 
қайраткер екендігінің дәлелі.
Ел  тағдырын  тереңнен  ойлайтын  Президент  болашақ  дамуымызға  кедергі  келтіруі 
мүмкін жайттарды еске салып қоюды ұмытпайды. Сонымен қатар, оны түзеудің жолдарын 
да  көрсетеді.  Осындай  тиянақты  тұжырымдардың  бірі  –  жоғарыда  айтылғандай, 
«бойымыздағы  озығымыздан  үйреніп,  тозығымыздан  жирену».  Ғасырлар  тезінен  өткен 
қазақтың  ұлттық  салт-дәстүрлері  әлемдік  мәдениеттің  озық  үлгілерімен  теңесе  алады. 
Ұлтымыздың  бауырмалдық,  қонақжайлық,  кеңпейілділік,  достыққа  адалдық  секілді 
қасиеттері күллі халық тарапынан әлдеқашан мойындалған. Тағдырдың жазуымен еліміз 
бен жерімізді паналаған түрлі ұлттарға төрін беріп, барын бөліп, шаңырағының астына 
паналатқан  қазақтың  мейірбандығы  –  ерекше  құбылыс.  Бұл  артықшылығымыз  біздің 
өркениетті әрі еңселі ел болуымыз ға кеңінен жол ашады. Тұрақты ел болудың кепілі – 
береке мен бірлікті сақтау. Ал қазақтың өзге ұлттармен татулыққа бейім тұратыны оның 
қанына сіңген қонақжайлық қасиетінен деуге болады. Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі 
өркениетке есік ашу үшін ел-жұрттың бойында сақталып келген кейбір келеңсіздіктерден 
арылу  керек.  Ептеген  жалқаулық,  еріншектік,  ауа  жайылушылық  секілді  дағдылар  кез 
келген халықты ілгері бастай қоймайды. Мемлекет басшысы «тозығымыздан жирене білу 
керек» дегенді осы тұрғыдан айтып отыр. 
Расында да, біз еңселі ел боламыз десек, өзіміздің қалың тарихымыз және де ешкімнен 
кем  түспес  мәдениетіміз  бен  өнеріміз,  ешкімнен  ұялмайтын  салт-дәстүріміз  бар  ел 
екендігімізді әлемге танытатын кезеңде тұрмыз. Адам баласының бойындағы әдеп пен 
сыйдан туындап жататын адамгершілік қасиеттердің де уақыт ағымына сәйкес дамитыны 
ақиқат. Сондықтан да, адамзаттың сол бір даму жолында халқымыз өз бойына уақыт, 
өркениет әлемі әкелген жақсы қасиеттерді санасына сіңіріп, қолына ұстап қалу жайын 
ойлағанымыз да абзал. Елбасы үнемі осыны айтумен келеді!
Жабал ЕРҒАЛИ, 
Парламент Сенатының депутаты, 
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
15
25 бағдар
Бүгінде  Орталық  Азияда  қоян-қолтық  жатқан  бауырлас  елдердің 
бәрінің  мүддесі  біреу.  Ғасырлап  күтіп,  әзер  қолы  жеткен  азаттықтан 
айрылып қалмау. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  
Ордабасы тауында Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күніне 
арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен. 28 мамыр, 1993 жыл
А
дам мен адамды, халық пен халықты, мемлекет пен мемлекетті тоғыстыратын 
ең қадірлі қасиет – ортақ тағдыр үшін жауапкершілікті сезіну, кемел келешек 
жолында мүдделес болу. 
Орталық  Азияны  ежелден  мекен  еткен  байырғы  халықтардың  бүгінгі  ұрпағы  саяси 
аренада өзіндік сүрлеуі бар дара мемлекеттер болып қалыптасты. Жаһандану иірімімен сәт 
сайын құбылған мынау әлемде тілі мен мәдениеті, өркениеті мен руханияты бір тамырдан 
тараған бауырлас елдерді мүдде ортақтығы жақындастырады. Бір бірімен шекаралас жатқан 
елдерді  ғасырлап  күткен,  әзер  қол  жеткен  азаттықты  қолдан  шығарып  алмау  мәселесі 
алаңдатады. Бұл туралы осыдан 23 жыл бұрын береке мен бірліктің басы атанған қасиетті 
Ордабасы тауында өткен жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еді. 
Арада жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, Елбасы айтқан сәулелі ой өз құндылығын 
жойған  жоқ.  Біле  білсек,  бүгінгі  арайлы  азаттыққа  біз  оңайлықпен  жеткен  жоқпыз. 
Еркіндіктің ақ таңын аңсаған қаншама адам жазықсыз опат болып, сол дәуірдегі сұрқия 
саясаттың құрбанына айналды. 
Бүгінде  Тәуелсіз  елімізде  ата-бабамыз  талай  ғасыр  армандаған  бірлік  пен 
тыныштықтың  ерекше  үлгісі  қалып тасты.  Елімізде  орнаған  ырысты  ынтымақ  пен 
берекелі бірліктің арқасында орасан жетістікке қол жеткіздік. Тәуелсіздіктің арайлы 
таңын қарсы алған еліміз алғашқы жылдардан-ақ барлық азаматтар мойындаған бірлік, 
бейбітшілік, келісім ұғымдарын жалпыға ортақ рухани құндылықтар деп айқындадық. 
Барша этностар ел иесі – қазақ ұлтының маңына ұйысты. Тегі бөлек болғанымен тілегі 
бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір тұтас халық болдық. 
Бүгінде,  Қазақстанның,  Тұңғыш  Президент  –  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлының 
басшылығымен, Тәуелсіз ел ретінде, дамудың даңғыл жолына түскені – өмір шындығы. 
Біз, іргелі табыстардың іргетасы саналатын, тарихи серпілістер күтілген егемендіктің 
үшінші  он  жылдығының  да  орта  тұсына  жақындадық.  Осы  уақыт  аралығында  еліміз 
ішкі-сыртқы саясатта, экономикада, әлеумет пен қоғамның өзге де салаларында толайым 
табыстарға жетті.
Татулық, достық, сыйластық – осыдан 25 жыл бұрын Орталық Азия елдерімен тәуелсіз 
мемлекет ретінде тығыз экономикалық һәм саяси, дипломатиялық әрі визасыз байланыс 
орнатқан  Қазақстанның  басты  құндылықтары.  Біздің  бағындырған  белестеріміз  бен 
жеткен  жетістіктеріміз  –  өзара  түсіністіктің,  ең  бастысы,  Қазақстанға  тән  салиқалы 
саясат пен берекелі бірліктің жемісі деп білемін. 
Розақұл ХАЛМҰРАДОВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары

25 БЕЛЕС
25 бағдар
16
Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау – әрбір қазақтың, Қазақстанды өз 
Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ордабасы тауында Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күніне 
арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен. 28 мамыр, 1993 жыл
Е
лбасы  тәуелсіздіктің  алғашқы  күндерінен  бастап  ел  бірлігі  мен  ынтымағын 
сақтау  біздің  табысқа  жетуіміздің  басты  кепілі  екендігін  үнемі  айтып,  әлі  де 
осы қағиданы қайталаудан бір танбағанын көріп отырмыз. Мұның түпкі мәні мен 
мағынасының маңыздылығын бізге ұлы уақыттың өзі ұқтырғандай болды. 
Бізді Елбасы әрдайым бірлікке шақырып, ел тыныштығы ең әуелі өзіміз алаңдамай 
өмір сүріп, алда тұрған міндеттерді жүзеге асыру арқылы мына дүбірлі дүние дүрмегінің 
шаңын қауып қалмас үшін, ел болып қалу үшін, егемендікті ұстап тұру үшін керектігін 
айтумен келеді. Ел тыныштығы – тәуелсіздігіміздің тұрақты болуының кепілі. 
Біздің  Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев  қалыптастырған  көп  этносты  бүгінгі 
Қазақстанның өзара түсіністік және ынтымақтастық жағдайындағы көпұлттылық пен 
көпконфессиялық  жүйесі  әлем  жұртшылығын  қызықтырып  отырған  құндылықтар 
болып саналады. Ұлтаралық қарама-қайшылықтар мен түрлі көзқарастарды ортақ бір 
мүддеге – татулық пен бірлік мүддесіне тоғыстыра білген Назарбаевтың саясатын әлем 
мойындады. Бұл да – Қазақ елінің абыройы!
Тәуелсіздік  –  біздің  ең  басты  құндылығымыз.  Ол  құндылық  –  мемлекеттің  атауын 
иеленген қазақтардың да, елдегі өзге ұлттардың да ортақ игілігі. Атамекенімізде қазақпен 
бірге ғұмыр кешіп жатқан, Қазақстанды Отаным деп санайтын барлық ұлттың тағдыры 
Тәуелсіздіктің тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да олар да Тәуелсіздікті ең 
қастерлі дүниесі ретінде бағалайды. Көп ұлтты мемлекетте тыныштық пен татулықты 
сақтау  алысты  болжайтын  көрген  саясаткердің  ғана  қолынан  келеді.  Осыған  орай 
Елбасының  өзі  құрған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  ұлттар  достығының  ұйтқысына 
айналды.  Бұл  тек  біздің  елімізде  ғана  қолға  алынған,  әлемге  үлгілі  татулық  моделі 
екені баршаға мәлім. Жиырма жыл бұрын ойластырылған саясат өз жемісін берді. Елде 
Қазақстан  үшін  мақтаныш  сезімін  оятатын  патриотизм  қалыптасты.  Тәуелсіздік  туын 
берік ұстауға кепілдік беретін алғы шарттың бірі – осы.
Біздегі  ұлтаралық  саясаттың  адал  ниетпен  жүргізіліп  отырғандығына  ешкімнің  де 
күмәні болмауы керек. Ел бірлігін сақтауды әр қазақстандық тәуелсіздік алдындағы өз 
жауапкершілігі деп санағаны абзал. Тәуелсіз еліміздің тұтастығы мен бірлігін көзіміздің 
қарашығындай сақтаудың тарихи сәті бұл! 
Жабал ЕРҒАЛИ, 
 Парламент Сенатының депутаты, жазушы, 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
17
25 бағдар
Жер  жақындығы  тағдырың  мен  тарихыңды  жақындастырмай 
қоймайды. Тағдыр жақындығы мүдде жақындығын туғызады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ордабасы 
тауында Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күніне арналған 
салтанатты жиында сөйлеген сөзінен. 28 мамыр, 1993 жыл
Е
л мен елдің, мемлекет пен мемлекеттің ынтымақтасуына немесе одақ құруына 
бірден-бір себепкер нәрсе – мүдде жақындығы. Ортақ мүдде болған жағдайда 
ғана өзара тиімді байланыс орнатуға болады. Есте жоқ ерте заманда солай болған, 
қазіргі күні де солай. 
Жалпы, мүдде жақындығы көбіне-көп жер жақындығынан, көршіліктен туындайтыны 
да ақиқат. Қатар қонып, құдайы көрші болған елдердің бірінсіз бірінің күні жоқ. Өйткені 
сауда-саттық,  барыс-келіс  арқылы  бірінде  жоқты  бірінен  алып,  кем-кетігін  толтырып 
отырады. Мұны бүгінгі тілмен айтсақ, өзара тиімді ынтымақтастық дейді. 
Қазақстан  ежелден-ақ  оңтүстігінде  –  өзбек  және  қырғыз  жұртымен,  шығыста  – 
Қытаймен,  солтүстікте  Ресеймен  шекаралас  көрші  болғандықтан,  көне  тарихымыздың 
аталған елдердің тарихымен түйісетін тұстары көп. Хандық дәуірді айтпағанда, бертіндегі 
Кеңес  одағының  құрамындағы  жетпіс  жылда  тіпті  тарихымыз  да,  тағдырымыз  да 
ортақтасып  кеткені  есте.  Жер  жақындығы  тарихың  мен  тағдырыңды  жақындастырмай 
қоймайтындығының бір дәлелі осы болар.
Кеңес одағының құрамына ерікті-еріксіз кірген елдердің барлығы дерлік азаттыққа қол 
жеткізуді  іштей  аңсағаны  анық.  Оңтайлы  сәт  туғанда  Балтық  елдерінің  бірінші  болып 
Тәуелсіздігін жариялауы, кейіннен қалған одақтас республикалардың да жеке-жеке дербес 
елге айналуы – соның айғағы. Яғни, сол кезеңдегі тағдыры ортақ елдердің мүддесі де ұқсас 
болды. Ол – тәуелсіздікке қол жеткізу. 
Содан бері де ширек ғасырға жуық уақыт өте шықты. Бастапқыда әркім өз жолымен 
кеткенімен, жаңа дәуірде жеке жүріп даму мүмкін еместігі де айқындалып қалды. Заман 
мүлде өзгеріп, күн тәртібіне жаһандану және интеграция мәселесі шықты. Оларға ілесе 
аракідік әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс деген құбылыстар бой көрсететін болды. 
Осындай-осындай жайттарға байланысты Еуразия құрлығында қоныс тепкен көршілес, 
бірақ бір-біріне тәуелсіз елдердің күн тәртібіндегі мәселелер тағы да ұқсас болып шықты. 
Ол  –  экономикалық  ықпалдастық  мәселесі.  Мұны  бірінші  болып  түсінген  Қазақстан 
Президенті  осыдан  20  жыл  бұрын  Еуразиялық  экономикалық  интеграция  идеясын 
ұсынғаны мәлім. Осы өміршең бастама оның мәнін түсініп, мүдделестігін білдірген үш 
ел – Қазақстан, Беларусь және Ресей арқылы жүзеге асты. Қазір аталған үш ел шекарадағы 
кедергілерді алып, өзара тауар, қаржы және қызметтің еркін айналымына жол ашты. Алып 
нарық пайда болып, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер туды. Мүдде 
жақындығы деген – осы. 
 Әйгерім АРАЛБАЕВА, 
заң ғылымдарының кандидаты

25 БЕЛЕС
25 бағдар
18
Қырандар түлегін қияға самғатып баулитыны аян. Біз де жеткіншек 
ұрпағымызды босбелбеу тірлікке емес, басқалармен бірдей бағын сынап, 
есесін жібермейтіндей нар тәуекел мен іскерлікке тәрбиелегеніміз лазым.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ордабасы тауында Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күніне 
арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен. 28 мамыр, 1993 жыл
Қ
азақстан  халқының  негізін  құрайтын  халықтың  елеулі  бөлігі  –  жастар.  Қазір 
14-29  жас  аралығындағылар  республика  халқының  30%-ға  жуығын  құрайды. 
Мектептерде 2,5 миллионнан астам бала, лицей мен колледждерде 0,6 миллионнан 
астам қыз-жігіттер оқып жатыр. Жоғары оқу орындарындағы студенттер саны да 
осы шамалас. Еңбекке тартылған жастар аз емес. 
Жастардың  қоғамдағы  рөлін  арттыруға  бағышталған  «Болашақ»,  «Жасыл  ел», 
«Дипломмен – ауылға», т.б. мемлекеттік бағдарламалар Елбасының қолдауына сүйену 
арқылы жүзеге асуда. «Жас Отан» жастар қанаты өскелең істердің басы-қасында жүр. 
Қазақстан жолына жастар салған олжа қомақты әрі оның көлемі жыл сайын ұлғайып 
келеді. Қазақстан жастарының ерекше көзге түсіп, үздік нәтижеге қол жеткізген саласы, 
біріншіден, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары. Екіншіден, спорт. Үшіншіден, 
Астана құрылыстары. Қазақстанның жаңа тұрпаттағы Қарулы Күштері мен құқық қорғау 
органдары  тәуелсіздік  тұсында  қалыптасты.  Еліміздің  қауіпсіздігі  мен  тыныштығын 
кірпік  қақпай  күзетіп  тұрғандар  да  жастар.  90-шы  жылдардың  басында  қалалар  мен 
ауыл-селолардағы криминалдық ахуал мейлінше асқынғаны белгілі. Сол келеңсіз үрдісті 
жоюда құқық қорғау органдарындағы жас қызметкерлер сан рет өліммен бетпе-бет келіп, 
өшпес ерліктер жасады, тіпті өмірлерін де қиды.
Спорттағы  әлемдік  додада  жеңіс  тұғырына  көтеріліп  жүргендер  –  тегіс  жастар. 
Зілтемірші И. Ильин, мәнерлеп сырғанаушы Д. Тен, былғары қолғап шебері С. Сәпиев, 
балуан Д. Тұрлыханов Қазақстанның көк туын желбіреткенде орда бұзар отызға да толмаған 
болатын.Астанадағы зәулім үйлер, сұлу ғимараттар, көшелер мен алаңдар, саябақтар мен 
көпірлер жастардың қолымен тұрғызылғаны айдай ақиқат. 
Демек, Елбасымыз тәуелсіздіктің елең-алаңында күн тәртібі қойған міндет негізінен 
жүзеге асты. Бірақ, бұл жеткіншек ұрпаққа қатысты мәселе жоқ деген сөз емес. Жастарды 
жұмыспен қамту, оларды заманауи кәсіпке баулу, бәсекеге қабілетті білім мен білік иесіне 
айналдыру діттеген межесіне әлі де жетпей жатыр. 
Жалпы, жастар мәселесі, ұрпақаралық сабақтастық пен жалғастық үйлесімі кез келген 
мемлекетке тән. Оның оңтайлы шешілуі қоғамның алға басуына серпін береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет