Серік НЕГИМОВ,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
27
25 бағдар
Бүгінгі халықаралық жағдайларға байланысты ұстанып отырған
мемлекеттік ішкі-сыртқы саясатымызға да жауапты Абайдан табуға
болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында
жасаған баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
А
байдың шығармашылық мұрасында Батыс пен Шығыс тақырыбы, Түркі
дүниесіне ортақ мұраттар кең орын алады.
Ал, Елбасының Абайдың туғанына 150 жыл толу мерекесінде жан-жүректен, көңіл
тебіренісімен айтқан сөздерінде ұлтқа адалдық, кеңдік пен тереңдік, ең бастысы ақын есімі
мен еңбегін жоғары бағалау, әлемдік орнын айқындау көрінісі бар. «...Мен Абайды бүкіл
дүние жүзіне танытуды өзіме зор міндет етіп алып едім. Жиырма бес сырт елде тойланды.
Бәрі де жоғары дәрежеде өтті... Біз бәріміз Абайдан тәлім алайық, бар мінез-ісімізбен оған
ұқсауға тырысайық. Жаңа өркенді Абай сөзімен тәрбиелейік...», – дейді ол.
Әрине, Абай әлемі мәңгілік әрі шексіз. Бұл бағыт-арналар әсіресе абайтанушылардың
еңбектері мен ізденістерінен айқын аңғарылады. Атап айтқанда, Ә. Бөкейхан, К. Ысқақов,
А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Әуезов, Ж. Аймауытұлы, С. Мұқанов, Ә. Жиреншин,
Қ. Мұхамедханов, Қ. Өмірәлиев, З. Ахметов, Т. Әлімқұлов, А. Нұрқатов, М. Бөжеев,
Р. Сыздық, Ы. Дүйсенбаев, М. Мырзахметұлы, Ж. Ысмағұлов, т.б. Абай әлемін, ақындық
өнерін әр қырынан қарастырды. Бәріне ортақ белгі-ерекшеліктер – ұлттық мұрат
пен адамзаттық мәселелерге басымдық берілетіні. Мұның өзі еліміздің ішкі-сыртқы
саясатындағы негізгі ұстанымдарынан да көрініс береді.
Ақынның: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп басталатын белгілі өлеңін
жеңіл-желпі оқып, үстірт қабылдауға келмейді. Өлеңде ұлт мұратымен бірге оның өмір-
тұрмысы, дәстүр-діні, ұлт пен ұрпаққа қатысты ойлар мен толғаныстар қатар орын
алған. Әсіресе, жақсы мен жаманды айырмау, сөз сырына үңілмеу, күлкі мен ұйқының
мәнін ажыратпау, бірлік пен берекенің түпкі сыр-сипаттарына еркін енбеу туралы
мағыналы ойлары мен келешекке қатысты қағидаттары ұлт мұратын, бейбітшілік пен
жасампаздықты, тұтастық пен тұрақтылықты айқындап, бүгінмен де үндестік тауып
жатыр. Абайдың ұстанымы – барша адамзаттың тату тіршілігі.
«...Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек. Заманға заман күйлемек, Замана
оны илемек». Мұның алыс-жақынға, ішкі-сыртқы саясатымызға да қатысы бар. Ұлт пен
ұрпақ қамы, Тәуелсіздіктің арман-аңсарлары, еңбек қоғамының қағидаттары, адами
құндылықтар, отан мен отбасы, тәлім-тәрбие арналары, сыйластық иірімдері елдік мүдде
аясында көрініс береді. Демек, Абай әлемінен ұлт мұратын, адамзаттық құндылықтарды,
ішкі-сыртқы ахуалды аңғарып-бажайлап, дұрыс бағыт алуға болады.
Рақымжан ТҰРЫСБЕК,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
25 БЕЛЕС
25 бағдар
28
Өзге өскен ел не істесе соны істе, ғылымын, мәдениетін меңгер дейді
Абай. Ол үшін өзгелермен мәдени, экономикалық, саяси араластық
керек, оның аты, бүгінгіше айтсақ, интеграция.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында
жасаған баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
ХХІ
ғасырда төрткүл дүние бұ рын-соңды болмаған ғаламдық аламанға қиқулап
қосылған. Сол аламандағы көп ұранның ішінде ұлттық сәйкестік пен
интеграция туралы дабылдың жаңғырығы басым.
Ұлттық сәйкестік дегеніміз – нақты бір ұлттың ғаламдану жағдайында бәсекелестікке
төтеп беру қабілеті және сол бәсекелестікке тірек болатын ұлттық күш-қуат. Интеграция
– соған қол жеткізуге ықпал ететін көпжақты тиімді байланыстар жүйесі. Бүгінде осы
жүйе мемлекет пен ұлттың өркендеу мүмкіндігінің көрсеткішіне айнала бастады. Егер
сен қазіргі жаһандық экономикалық, техникалық және әлеуметтік-мәдени оң өзгерістерге
дер кезінде бейімделе алсаң, алаөкпе уақыттың шаңын қауып қалмайсың. Сырт қарағанда
барынша түсінікті. Алайда ұлттық сәйкестіктің, әсіресе мәдени-рухани интеграцияның
нәзік тұстары жеткілікті.
Ғасырларға созылған бодандықтан соң тәуелсіздікке қолы зорға жеткен бұрынғы
отар елдер ғаламға ұлттық қанын сұ йылтпай бейімделудің тиімді жолын іздеп тоқсан
толғануда. Дәл осындай сындарлы жылдарда ұлт пен мемлекеттің тағдырын қолына
ұстаған тұлғалардың саяси-рухани біліктілігі мен жаңаша ойлау қабілеті ерекше маңызға
ие. Адамзатқа ортақ өркениетті жатсынып, іштей де, сырттай да тұйықталған елдер
де бар, ғаламдық жаңғыруға ұлттық құндылықтарын сақтай отырып еркін қосылудың
жолдарын тапқандар да жоқ емес. Солардың бірі Қазақстан Республикасы екендігіне
дәлел көп. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық ішкі сәйкестік пен ұлттық
сыртқы мәдени интеграцияны өзара үйлестірудің нақты жолдарын айқын көрсетіп берді.
Негізгі принцип – қазақ ұлтының бай мәдениетін сақтай отырып, адамзаттың әмбебап
мәдени құндылықтарымен ұдайы байыту. Бұл ретте экономикалық-мәдени даму жолын
өзіне үлгі тұтқан елдердің өркениетін талғаммен қабылдап, тарихи дәстүрлеріңмен
үйлестіре алмасаң, рухани тәуелсіздікке ұшырайтының қатаң ескерілген. Елбасы:
«Егер біз мемлекет болып тұрғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа
меңзеп құрғымыз келсе, онда халықтың руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн»
екенін, «Ұлттық сипатқа айналған дәстүріміз бен дүниетанымымызға сырттан келіп
түзету жасағысы келетіндерге жол бере алмайтынымызды» ашық айтты.Сонымен қатар
Президенттің: «Жаһандану процесінде интеграциялық ұмтылыс пен араласу – дамудың
бірден бір векторы» деген байламы – өмірлік мәні зор байлам. Бұл ұлттың ұлы ұстазы –
Абай аманатына адалдықтың белгісі.
Алдан СМАЙЫЛ,
жазушы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
29
25 бағдар
«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» – деген сөз шын
мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарты. Абай сөзін тереңірек
ұғынып, онымен өзгелерді ұялтуға емес, өзімізді өзіміз ұялтуға
тырысайық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында
жасаған баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
А
бай әлемі, мұрасы мен мирасы – ұлттық мақтаныш әрі руханиятымыздың белесті
биігі, таусылмас қазынасы екені анық. Ұлт руханиятында, ел мақтанышы
Абайдың ақындық өнерінде «Сегіз аяқ» өлеңінің әлеуметтік мәні де, көркемдік-
эстетикалық қуаты да айрықша болып табылады.
Өлеңнің тұтас табиғатынан халқымыздың қадір-қасиеті, өмір-тұрмысы, дәстүр-діні,
білім-ғылым нұры, тарих пен танымы, жақсы-жаман ғадеттері, тәлім-тәрбиесі кең
көлемде көрініс береді. Ал, аталмыш өлеңдегі: «...Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең
істің бәрі бос» деген жолдарды қайыра оқып, жіті назар аударған тұста ұлттық колориті
қанық, өмірлік ұстанымы берік, ой-сөз жүйесі айқын, білім-білігі мол, берер дерегі көп,
сыр-сипаты мәнді-нәрлі екені айқын аңғарылады.
Алдымен ұлт ұстыны – тарих, тұлға, тағдырлар хақында келелі де кемел ойлар
қозғалады. Арғы-бергі кезең көріністері, белесті-қазыналы биіктер еске түседі. Адам
әлемі, өмір мен еңбек мұраттары, артық-кем тұстар байыпты сараланады. Халықтық
қасиетіміз бен адами мұраттар, әсіресе кедергі-кемшілікке толы «мінез иірімдері» де
боямасыз-бүкпесіз ашық айтылады. Ортақ кемшіліктер (мысалы, арзан күлкі, еңбексіз
табыс, әсіре мақтаншақтық, мәнсіз іс, сөзге сенгіштік, т.с.с.) мін-сын ретінде еске
алынып, салыстыру-салғастырулар арқылы жүйелі жеткізіледі. Ал, жоғарыда айтылған
«...Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген жолдар жиынтық мәнге ие
болып, халықтық қасиет пен оның мінез қырларын, артық-кем тұстарын дөп басып
тұр. Елдік мұрат-мүдде биік тұғырға көтеріліп, өмір мәні мен еңбек сипатына, тұрмыс
түйткілдеріне назар аударылады. Ақын мұраты мен өлең өрісінен, өрнекті тұстардан ел
бірлігі мен еңбек тынысын дұрыс жолға қойып, отан мен отбасы іргесін берік бекітіп,
өмірлік ұстанымға адалдық таныту алдымен байқалады. Білім-ғылымды меңгеріп,
қоғамдық еңбекке жұмылып, елге қызмет ету ісі басты борыштың бірі ретінде байыпты
баяндалады. Ол үшін, әрине әр қазақ бауыр-дос, жақын-жуық болып, бір бағыт, бір
мүдде, ортақ мақсат төңірегінде берік топтасып, бірлік пен ынтымақтың үлгі- өнегесін
көрсетуі қажет.
Бірлік пен береке, татулық пен туыстық қоғам дамуын, өмір мәнін, адам мұратын,
Отан мен отбасының басты ұстанымын айқын аңғартады. Ақын мұраты бүгінгі күнмен
де табиғи тұтастық тауып тұрғаны анық. Өйткені, ел бірлігі мен қоғамдық келісім –
бейбітшілік негізі, жасампаздық жолы. Ұлт ұстанымы мен ел мүддесінің мәні де осында.
Рақымжан ТҰРЫСБЕК,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
25 БЕЛЕС
25 бағдар
30
Адамзатқа «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты кең ауқымды
бағдарлама қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінен.
АҚШ, Вашингтон қаласы, 4 сәуір, 2016 жыл
Қ
олдарына өз мемлекеттерінің билігі тиген әлемдік көшбасшылардың бәрі тек
бүгінгі күннің саулығын ойлап, өздеріне бұйырған биліктегі конституциялық
мерзімін тыныштықпен атқаруды ғана көздейтін болса, жалпы ғаламдық мәселелер
шешілмеген күйінде қала береді.
Мұны «мен көрмесем – мені де көрмейді» деп санайтын түйеқұстың білігіндей санасыз
шешім деп санаймын. Ондайлардың есімдері биліктен кеткен бойында ұмытылады. Тек
ғаламдық мәселелерді шешуге қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей үлес қоса алған
көшбасшы ғана тарих сахнасында мәңгі қалуға лайықты. Біздің Президентіміз сондай
көшбасшылардың бірі екені даусыз.
Халықаралық ұйымдар, ұлт көшбасшылары қолдамаса, өз бастамаларымен ешқандай
да мәселелерді шешуге құдіреті жетпейді. Оны бүгінгі күнгі БҰҰ шешімдері нақты
көрсетіп отыр. Бір кездері ұлт лидерлері батыл қолдағандықтан, барлық шешімдері де
орындалатын бұл ұйымның бүгінгі шешімдері номиналды құжаттарға айналуда. Мәселен,
бір-ақ Солтүстік Кореяға қарсы қабылданған шешімнің өзін алатын болсақ, іске аспай
қағаз жүзінде қалып отыр.
Н. Назарбаев дүние жүзіне «Соғыссыз әлем» атты ауқымды бағ-дарлама қабылдау
қажеттігін дәлелдеп берді. Бұл – ұлттық соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою
жөніндегі үйлесімді және жауапты іс-әрекеттерді айқындауға тиісті жаһандық стратегия.
Оның үш басты қағидаты төмендегідей деп оларды санамалап берді: біріншіден, қазіргі
кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі.
Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химия лық,
биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару
түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына
алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және
жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер
мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде
түсінуге тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік
пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына
бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек.
Әрине, осындай барынша өзекті тақырып барлық есті саналарға жететіні айқын.
Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты
25 басымдық
25 басымдық
25 БЕЛЕС
32
Әлімсақтан белгілі, ел болудың амалы – ішкі бірлік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында
жасаған баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
«Қ
азақстан» Ұлттық энциклопедиясында маңызды этикалық ұғым ретінде
«бірлікке» мынадай анықтама берілген: «адамдар арасындағы ынтымақтың,
жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Ол белгілі бір топтың,
ұжымның, халықтың, жалпы адам баласының мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан
туындайды».
Түптеп келгенде, мемлекеттің материалдық негізінде жер тұрса, әлеуметтік негізін
халқының бірлігі құрайды.
Бірлікті қамтамасыз ететін факторлар сан алуан. Әліппедегі шағын әңгіме де, көшедегі
жарнама да, бұқаралық ақпарат құралындағы бір ауыз сөз де, адамның есімін бұрмалай айту
да – кез келген «ұсақ-түйек» ұлтаралық бірлікке, ішкі бірлікке сызат түсіруі бек мүмкін.
Мемлекет үшін бірліктің құдіреті сын сағатында жарқырай көрінетінін Кеңестер
Одағының тарихы күмән-күдіксіз дәлелдеді. 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысында
халықтар достығы мен бірлігі Кеңестер Одағын жеңіске жеткізсе, арада жарты ғасыр
өтер-өтпестен сол достық пен бірлікке сызат түскендіктен КСРО атты әлемдік держава
ыдырап, тарих сахнасынан кетті.
Бірлікті сақтау – әркімнің және баршаның міндеті. Мемлекеттің ішкі және сырт қы
саясаты, ұстанған стратегиясы мен құндылықтары халқының мақсат-мүддесіне сай
түзілгенде, өткен тарихпен, болжамды болашақпен үйлестірілгенде бірліктің жасампаз
қуаты арта түседі.
Біздің еліміздегі ішкі бірліктің құқықтық негізін ҚР Конституциясындағы 1-баптың
1-тармағы тиянақтап тұр. «Қазақстан Республикасы, – делінген онда, – өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
Мемлекет адамның мүддесіне қызмет еткен қоғамда бақ пен бақытқа орын табылатынын
ойшылдар ертеде-ақ айтып кеткені белгілі. Осы ұстаным бұзылмаған жағдайда бірлік артып,
елдік әлеует нығаяры сөзсіз. Дей тұрғанмен, қазіргі Қазақстанда ішкі бірліктің тағдыры
мемлекет құраушы халық – қазақтардың қолында екенін де қаперден шығармаған абзал.
Тәуелсіз елімізде білім берудің, мәдениетті дамытудың, тіл саясатын жүзеге асырудың
ұзақ мерзімді бағдарламалары қабылданған. Олардың түпкі мақсаты – бәсекеге қабілетті
ұрпақты бірлік идеясы аясында қалыптастыру. Бірліктің қадір-қасиетін санасымен ұғып,
жүрегіне қондыра алған жас пен кәрі үшін ұлтқа, руға, жерге бөліну еш мүмкін емес.
Ханкелді ӘБЖАНОВ,
Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
33
Біз экономикадағы реформадан қалай бас тартпайтын болсақ,
демократиядан да солай бас тартпаймыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында
жасаған баяндамасынан. Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
1991
жылға дейінгі саналы өмі рі міздегі Кеңес жүйесін екіге бөліп қарастыруға
болады: бірі – демократия жоқ, шамалы экономикалық реформа жасалған
Брежнев заманы да, екіншісі – демократияға да, экономикалық реформаға да толы
Горбачев заманы.
Алайда екі заманға ортақ үрдіс, барлық реформалар КОКП билігі мен қоғамдық меншік
негізінде жүргізілмек болды. Бірақ оның соңы Кеңес Одағының ыдырауына әкеліп,
ғасырлар бойғы арманымыз – Тәуелсіздікке ие болдық!
1992 жылды Тәуелсіз ел ретінде қарсы алдық! Бүкіл әлем Қазақстанды мемлекет ретінде
таныды. Тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарына ие болып, оң-солымызға қарай
бастадық. Кеңес заманында «іріп-шіріп» жатыр деген капиталистік елдермен Тәуелсіздік
алғаннан кейін тығыз байланыс орнату үрдісі басталды. «Іріп-шіріген» елдер мен «жарқын
болашақ – коммунизмге» бет алған кеңес жүйесіндегі рухани және демократиялық
құндылықтар да екі түрлі болды. Қазақстан нарық экономикасының, адам құқығының
басты нәрсе екенін мойындады. Сол себепті алдымызда экономикалық та, демократиялық
та реформалар жүргізу міндеті тұрды.
Осы кезде Қазақстан Президенті реформа жүргізуге батыл кірісті. Колхоз-совхоз іс
жүзінде таратылды, кәсіпорындар өз күнін өзі көруі керек екендігі тайға таңба басқандай
айтылды. Көмек ретінде шет ел инвесторлары көптеп тартыла басталды. Алайда, бір жүйеден
екінші жүйеге кенет ауысқан елде нарық талабына бірден бейімделіп кету, кәсіпкерлікті
дөңгелентіп әкету оңай болмады. Экономикалық реформалар кезінде осы қиындықты да
жеңу керек еді. Оған қоса, демократия бағытында саяси жүйе де өзгеруі тиіс болатын.
Бірақ бұл сол кезеңдегі шынайы ахуал тұрғысынан алғанда, әсіре демократияшылдық әлі
етек-жеңін жинап, қалыптасып үлгермеген мемлекет үшін аса қауіпті еді. Бір ғана мысал –
сол кездері демократиялы түрде сайланған Парламенттің өзі елдің шынайы демократияға
дайын еместігін көрсетті. Демократияны әр адамның әртүрлі түсінуіне орай Парламент
бір күні толыққанды жұмыс істесе, екінші күнін пайдасы жоқ айтыс-тартыспен өткізетін.
Сондықтан болашаққа көз тіккен Н. Назарбаев «Алдымен – экономика, сосын – саясат»
деген қағиданы басшылыққа алды. Және бұл ең дұрыс шешім болды. Экономика дамып,
халық тұрмысы түзеліп, қоғам орныққан сайын саяси өзгерістер де біртіндеп жүзеге асты,
демократиялық құндылықтар орныға бастады. Яғни, біз демократиялық даму үрдісінен
бас тартқан жоқпыз, қайта ақырын жүріп, анық басып келеміз. Қазақстанның бүгінгі саяси
құрылымы, билік тармақтары мен қалыптасқан саяси институттары – соның айғағы. Мұны
әлем елдері мойындап отыр.
Азат ҚОНЫСБЕК,
Германияның «Jumo» өндіріс компаниясының Қазақстандағы өкілі,
инженер-кәсіпкер
25 басымдық
25 БЕЛЕС
34
Демократиялық бостандық жоқ жерде экономикалық бостандық
та болмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған
салтанатты жиында жасаған баяндамасынан.
Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
Д
емократия мен экономика арасында тығыз байланыс бар екені тарихтан белгілі.
Десек те, осы байланыстың шынайы қажеттілігін біз тәуелсіздік жылдары нақты
сезіне бастаған тәріздіміз. Мұны қоғам дамуының тәжірибесі көрсетіп берді.
Кешегі тоталитарлық саяси жүйенің жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастыруға
мүлдем қарсы екендігін, ескі мен жаңаның күресі тек теориялық, идеологиялық
дүниетанымдық мәселе ғана емес, сонымен бірге, бұл шынайы іс-қимылды талап ететін
жаңа философия екендігін пайымдай бастадық.
Авторитарлық режім қашанда адамдардың экономикалық еркіндігін шектейді,
бәсекелестікке жол бермейді. Ал шынайы демократиялық құндылықтарды негізге
алған мемлекет экономикалық еркіндікті басқа еркіндіктерінің негізі ретінде қарайды.
Экономикалық еркіндікті азаматтық қоғам құрудың, кедейшілікпен күресудің, қоғамда
орта тапты қалыптастырудың кепілі деп санайды.
Осы тұрғыдан келгенде демократиялық бостандық пен экономикалық бостандық
арасында тығыз байланыс бар. Десек те, демократия халықтың саяси мәдениеті мен
менталитетінің ерекшеліктерін, олардың даму деңгейін де ескеру қажет екендігін өмірдің
өзі дәлелдеп отыр.
Олай болмаған жағдайда демократия охлакратия мен тобыр билігінің үстемдігіне әкеліп
соғуы әбден мүмкін. Сондықтан, демократия талаптарын ұлттық-мәдени жағдайларға
бейімдеудің маңызы зор.
Елбасы «Алдымен – экономика, сосын – саясат», – дегенде осы ойды Қазақстан қоғамында
қалыптасып отырған экономикалық жағдай мен саяси мәдениет деңгейіне байланысты
алға тартқан болатын. Бұл ой өз маңыздылығын бүгінде жоғалтқан емес. Себебі, өтпелі
кезеңде халықтың материалдық жағдайын түземей, қазақша айтқанда, төрт құбылаңды
түгендемей, кедейшілікті, жұмыссыздықты жоймай, саясат деңгейінде демократиялық
бостандық туралы ой айту уақыттан тыс жасалған асығыстық қадамдардың бірі болар еді.
Бірақ, бұдан ондай қоғамда демократиялық бостандыққа жол жоқ екен деген ой
туындамаса керек. Бұл жерде ой белгілі бір уақыт пен тарихи даму шеңбері көлемінде
айтылып отырғанын естен шығармаған абзал.
Осы тұрғыдан келгенде «Демократиялық бостандық жоқ жерде экономикалық бостандық
та болмайды» деген Елбасының қанатты ойы концептуальдық тұрғыдан бағалануы тиіс.
Төлеуғали БӨРІБАЕВ,
философия ғылымдарының докторы,
профессор
25 басымдық
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
35
Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек
қана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған
салтанатты жиында жасаған баяндамасынан.
Алматы, 9 тамыз, 1995 жыл
Қ
азақстандағы ең жоғары лауазым иесі – Президент. Қолданыстағы Қонституцияда
тиянақталғандай, халық пен мемлекет атынан билік жүргізу құқығы тек
Президентке берілген. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын да Президент
анықтайды. Тәуелсіздік тұсындағы Қазақстанның барша тарихы мен тағдыры
тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың қызметімен ажырағысыз байланысты.
Әрбір президенттік сайлаудан кейін Парламент депутаттарының, Конституциялық
Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы сот судьяларының, арнайы шақырылған қонақтардың
қатысуымен өтетін салтанатты жиында Елбасымыз халыққа ант беретінін отандастарымыз
жақсы біледі. Онда мынадай сөздер жазылған: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге,
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің
өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін».
Берген антынан қылаудай ауытқымаған Ұлт көшбасшысының жанкешті еңбегі
баршаның көз алдында. Біз ұзақ мерзімді болашаққа бағдарлаған «Қазақстан-2030»
Стратегиясында белгілеген көптеген міндеттер мен мақсаттарға мерзімінен бұрын қол
жеткіздік. Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына
қосылды. Жаңа астана бой түзеді. Ең дамыған 30 елдің біріне айналу міндеті орындалуда.
Қоғамда «Мәңгілік ел» идеясы салтанат құрды.
Мұның бәрі айтуға ғана жеңіл, бірақ іс жүзінде кемел парасатты, асқан шеберлікті
әрі орасан қажыр-қайратты талап ететін өте күрделі жұмыс. Ел басқару екінің бірінің
қолынан келе бермейтіні белгілі. Көптің көңілінен шығу, миллиондаған халықтың мұң-
мұқтажын сезіп-білу және соны орындау міндетін әркімдер атқара алмайды. Атам қазақ
«басшы – біреу, қалғаны қосшы болсын» деп бекер айтпаған. Басшы бағыт-бағдарды,
атқарар міндетті көрсетуге, қалғаны бір кісідей сол іске жұмылуға тиіс.
Сондықтан ел қамын жеу тек Елбасының ғана міндеті десек, қателесеміз. Елдің
қамын бәріміз – жас пен кәріміз түгел ойлауға міндеттіміз. Әркім өз саласында қойылған
міндеттерді қалай орындаймын, ел алдындағы биік мақсаттарға жету үшін мен қандай
үлес қосам деген оймен өмір сүріп, нақты іс-әрекеттер жасауға ұмтылуымыз керек.
Ал оның қайнар көзі ізгілікке толы білім мен интеллектуалдық серпілісте екені
баршаға аян.
Достарыңызбен бөлісу: |