27. Бекет батыр жырының негізгі мазмұнын ашыңыз


Саяси-әлеуметтік лирика —



бет2/4
Дата12.05.2023
өлшемі25,31 Kb.
#92216
түріПоэма
1   2   3   4
Байланысты:
3.15.27..

Саяси-әлеуметтік лирика — лирикалық жанрдың тақырып мазмұнына қарай бөліп қаралатын,, көбінесе қоғамдық өмірге қатысты маңызды мәселелерді қозғайтын ақынның заманға, халықтың тарихы мен бүгінгі тағдырына көзқарасын білдіретін үлкен саласы.Азаматтық парыз, ар-ождан, қауым алдындағы жауапкершілік, рухани жүк сияқты белгілі бір сәтте қоғам алдында тұрған, яки қоғам көтеріп отырған әр алуан жайлар әлеуметтік лириканың мазмұны бола алады. Әлеуметтік лирикада халықтық, адамгершілік сарындар басым келеді. Оған Абайдың «Мәз болады болысың», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Ішім өлген, сыртым сау», « Қараша желтоқсан мен сол бір- екі ай» өлеңдері мысал болады.
Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған Патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.
«Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Кұр күлемін жымыңдап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы оқырманның дәл көз алдына келмей ме? Осы секілді саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде Абай болыс-билердің адам шошығандай қылығын, қүлқын ғана суреттеп тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады. Қараңғылыққа, надандыққа жаны кұйген Абай дұйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні - ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын... Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей...» Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп. Соның бәріне желі боп тартылып жатқан неғізгі идея - қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімғе, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу; замандастарын еркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді :«Моласындай бақсының - Жалғыз қалдым - тап шыным!..» Бұл ащы шындықта айрықша мағына бар. «Күз » деген өлеңіне ілесе жалғасып, тақырып жағынан ұласа ұштасып жататын «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең, сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді біртұсы. Әуелі қысқа ғана табиғат суреттерін ернектеп, одан шаруа-жайға көшіп, іле мүнан туған қоғамдық қарым-қатынасты суреттейді де, одан алған өзінің ақындық әсерін, азаматтық пікірін қорытады.
«Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Кұр күлемін жымыңдап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы оқырманның дәл көз алдына келмей ме? Осы секілді саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде Абай болыс-билердің адам шошығандай қылығын, қүлқын ғана суреттеп тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады. Қараңғылыққа, надандыққа жаны кұйген Абай дұйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні - ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын... Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей...» Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп. Соның бәріне желі боп тартылып жатқан неғізгі идея - қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімғе, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу; замандастарын еркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді: «Моласындай бақсының - Жалғыз қалдым - тап шыным!..» Бұл ащы шындықта айрықша мағына бар. «Күз» деген өлеңіне ілесе жалғасып, тақырып жағынан ұласа ұштасып жататын «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең, сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді біртұсы. Әуелі қысқа ғана табиғат суреттерін ернектеп, одан шаруа-жайға көшіп, іле мүнан туған қоғамдық қарым-қатынасты суреттейді де, одан алған өзінің ақындық әсерін, азаматтық пікірін қорытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет