«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» кмм



бет2/4
Дата20.10.2022
өлшемі40,96 Kb.
#44330
1   2   3   4

1.Кіріспе


«Фразеология» терминін кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.
Тілімізде қолданылатын және сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркесі және сөйлемшелер бар. Ол сөз тіркесінің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы, көз бояу, жүрегінің түгі бар; Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.
Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым)
1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;
2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.
Фразеологизм Идиома Фраза
Тұрақты сөз тіркестері – тілде екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп, бір ғана мағына беретін сөздер.Жалпы тіл білімінде тұрақты сөз тіркестерін фразеологизмдер дейміз.
Мысалы: ит тұмсығы өтпес ( қалың, ну ); қоян жүрек ( қорқақ ); беті бүлк етпеу ( ұялмау )
Тұрақты сөз тіркестері идиома және фраза болып бөлінеді.
Идиома – тіркес құрамындағы сөздер бөлуге келмейтін мағына
тұтастығы тіркеспен бірге анықталмайтын
сөздер тобы. Мысалы: мұрнын көкке көтеру ( менсінбеу ),
қара қылды қақ жару ( адал ).
Фраза – тіркес құрамындағы сөздердің біреуі болса да
бастапқы лексикалық мағынасын сақтап
тұратын сөз тіркесі. Мысалы: тепсе темір үзеді ( мықты ), бұраң бел
( нәзік, жіңішке бел ), асқар тау ( биік тау ).
Фразеологиялық единицалардың түрлері
Фразеологиялық тұтастықтар (немесе идиомалар) – семантикалық жақтан бөлініп ажырамайтын, біртұтас мағынасы құрамындағы сыңарларының (компоненттерінің ішіндегі сөздерінің) негізгі, номинативті мағынасынан мүлдем алшақ, мүлдем басқа мағына беретін тізбектер. Мысалы: жүрек жалғау; жүрек жұтқан; жүрегінің түгі бар; аузы-мұрны қисаймастан; аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты; үріп ауызға салғандай т.б.
Фразеологиялық бірліктер – құрамындағы кейбір сыңарлары
мағынасынан бүтіндей тіркес мағынасы аңғарылатын тізбектер.
Мысалы: ауырдың үсті, жеңілдің асты; түймедейді түйдей ету;
2
тайға таңба басқандай; соқырға таяқ ұстатқандай; тамырына балта шабу; мақтамен бауыздау т.б.
Фразеологиялық тіркестер – құрамындағы сыңарларының
мағыналары түсінікті, бірақ тілде тек сол қалпында ғана
жұп жазбастан қолданылатын тізбектер. Мысалы: асқар тау; айдын шалқар көл; ата мекен; қыпша бел; қиғаш қас; су жаңа; сүттен ақ, судан таза; су қараңғы.
Фразеологиялық сөйлемшелер – семантикалық жақтан
бөлуге болатын, сырттай қарағанда, еркін тіркес сияқты болып келетін, бірақ тілде сол қалпында қалыптасқан тіркестер. Бұл топқа жататындардың басым көпшілігі мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, қанатты сөздер, афоризмге айналып кеткен тіркестер.
Мысалы: Айдағаның – жалғыз ешкі, ысқырығың жер жарады;
шегірткеден қорыққан егін екпес; көрпеңе қарай көсіл; өгізге
өк деген – өлім.
Əдеби көркем шығарма тілін бейнелеп, жандандырып, нəр беруші тəсілдердің бірі — фразеологизмдер. Фразеология мəселесін ғылыми түрде, теориялық-əдістанымдық тұрғысынан Н.М. Шанский, В.В. Виноградов, І. Кеңесбаев, Ə. Болғанбаев, Р. Сыздық, Ə. Қайдар, Ə. Хасенов, Х. Қожахметова, Г. Смағұлова, Р. Авакова, Қ. Сарекенова т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты ғылыми түрде сараланып, зерттелді. Қазақ фразеологиясының сөздігі құрастырған академик І.Кеңесбаевтің анықтауынша: «Фразеологизмдер – тіліміздің бір бөлінбес бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тəн ерекшеліктер бар. Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланды» Фразеологиялық тіркестер барлық стильдерде де қолданылғанымен, бейнелілік пен экспрессивтілік, негізінен, көркем əдебиетке тəн жəне көркемдік құрал автордың жан дүниесі, шығармашылық идеясымен астасып, көркемдік құралы ретінде қызмет етеді.
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет