«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Ғылыми жобаның тақырыбы: « М. Әуезов әңгімелеріндегі
фразеологизмдер»
Гуманитарлық бағыт
Орындаған:Құсайнова Айдана 6 – сынып оқушысы
Жетекшісі:Г.Ш.Казанбаева
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
Мақсаты:
Тіл білімінің фразеология саласына нақты тоқтала отырып, Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдердің мағынасын аша білу.
Ғылыми жобаның зерттеу объектісі – фразеологизмдер, шығу төркіні мен мәнісі, М.Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдерді сараптау.
Міндеті :
Зерттеу жұмысымның мақсатына сай міндеттерін төмендегідей етіп тұжырымдаймын :
Тұрақты тіркестер.
Антонимдік тұрақты тіркестер.
Синонимдік тұрақты тіркестер.
Жағымды мінезіне байланысты фразелогизмдері.
Жағымсыз мінезіне байланысты қолданған фразеологизмдері.
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып талдау
2.Материалдар жинау
3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.
4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру
5.Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау
Нәтижеге жету жолдары :
М.Әуезовтың әңгімелерімен танысады.Тұрақты тіркестердің толық мағынасын ашу , үлгі – өнеге ету . Күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді өз орнымен пайдалансақ – біздің сөзіміз сұлу , тіліміз көркем , ойымыз ұшқыр шығатыны сөзсіз . Бүгінгі жаһандану дәуірде адамды тілі бай көркемдікке , шешендікке , даналыққа баулитын халқымыздың осындай асыл қазынасын өмірде жарату . Сонда жалаң сөйлеу , таяз ойланудан аулақ болып , сыры терең сиқырлы сөздерден жүрегіне қуат алып , тілін сүйетін жаныңа жақын ұрпақтар өсіп жетілмек .
«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
6-сынып оқушысы Құсайнова Айдананың «М.Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдер» тақырыбына жазған ғылыми зерттеу жобасына жетекшісінің
Пікірі
Құсайнова Айдана М.Әуезов әңгімелеріндегі тұрақты тіркестерді зерттеді.Зерттеу барысында тақырыпты барынша қарастырып,көп еңбектенген. Ғылыми жоба мектеп оқушысы деңгейіне лайықты жазылған. Оқушы өзінің зерттеу жұмысында тұрақты тіркестердің мағыналарының көркемдігін саралауда ойын анық жеткізе алған . Тұрақты тіркестердің антонимдік , синонимдік , адамдардың жағымды,жағымсыз мінездерін айқындайтын тұрақты тіркестерді топтастырған. Әр түрлі тұрақты тіркестердің бір - бірінен айырмашылығын табуы да өз орнымен . Дегенмен, оқушы әлі де болса М.Әуезов әңгімелеріндегі тұрақты тіркестерді толық қамтымаған.Алдағы уақытта толық зерттеуді көздеп отыр.Солай болса да, оқушы тілі жетік , көркем , тұрақты тіркестерді толық меңгерген . Тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін тіл анықтамасына сүйене отырып, ашық та айқын көрсете білген .
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
пәнінің мұғалімі Г.Ш.Казанбаева
Жоспар:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
2.1 М. Әуезов әңгімелеріндегі кездесетін фразеологизмдер.
2.2 М.Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдердің ерекшеліктері.
3.Қорытынды.
1
Достарыңызбен бөлісу: |