26. Асан қайғы өмір сүрген дәуір.
Ж:14ғ
27. Шалкиіз есіміне байланысты пікірлер.
Өзге түркі тілдес халықтарға қарағанда шығармалары қазақ арасында ең көп сақталған жырау есімі «Шалгез» аталып кеткен. (Сал — кез, Шәлі — киіз аталуы туралы аңыздар). Шын аты Телағыс екен.
28. Қазтуған жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
Қазтуған Сүйінішұлы шамамен ХV ғасырда Астрахань облысына қарайтын Красный Яр қаласының төңірегінде, Бозан, Ақтұба өзендерінің бойында дүниеге келген. Көшпелі тірлік салтын ұстанған ықпалды әулеттен шыққан. Айтулы жорық жырауы, әскербасы, батыр болған. Ел арасында "Қарға бойлы Қазтуған" атанып кеткен.Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.
Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды. . Қазуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалды. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде "Бұдырайған екі шекелі", "Алаң да алаң, алаң жұрт", "Белгілі биік көк сеңгір" атты толғауларын атауға болады. Дегенмен, бұл шығармаларының өзі-ақ Қазтуған жыраудың қазақ әдебиеті тарихының төрінен орын алуына негіз бола алды Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоныстың қасиеттерін асыра ардақтайды.
29. Үмбетей жыраудың Бөгенбай батырға арналған толғаулары.
Үмбетей жырау- елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың,Бөгенбай" деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей:
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақшәуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың
-деп, халқына Бөгенбайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсететі. Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың - Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
30. Бұқар жыраудың «Тілек» толғауын жатқа айтыңыз.
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Ең шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың.
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шар-тарап,
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы қудай саңқыған,
Назыменен күлдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.