№2(74)/2014 Серия филология



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата02.03.2017
өлшемі3,8 Mb.
#5125
1   2   3
қабылдануы  бейнеленеді» [4; 20] деп  көрсеткен 

қазақстандық  ғалымның  пікірінше,  қазақ  ономастикалық  кеңістігінің  концептілік  жүйесінде 

«кеңістік»  концептісі  ерекше  мəнге  ие,  яғни  ол  (кеңістік)  адам  өмір  сүретін  негізгі  орта  əрі  адам 

санасында өмір сүріп, бейнелетін ментальді бірлік, сондықтан онда диахронды, синхронды тұрғыда 

сан  алуан  өзгерістер  болып  жататыны  сөзсіз.  Қазақ  халқының  көркемдік  ойлау  жүйесіндегі  мифтік 

кезең  тарихи  ойлау  жүйесімен  алмасқандықтан,  шаруашылық  пен  қоныстану  түрі  өзгергендіктен, 

кеңістік  басқа  формаға  ие  болады,  яғни  Е.Керімбаев  айтқандай,  ұзақ  уақыт  бойына  «табиғи  түрде 

қалыптасқан  Қазақстанның  тарихи  топонимикалық  жүйесі  жаңа  дəуірде  «жасанды»  атаулар  əсерін 

бастан кешіруде, ал мұның салдары теріс жағдайларға жиі əкеліп соқтырады» [5]. 

Қазақ  халқы  да  урбанизация  үдерістерін  бастан  кешіріп  жатқандықтан,  көптеген  топонимдер 

жасанды  болды.  Бұл  жағдайда  халықтың  тұрмыс-тіршілігі,  болмыс-бітімі,  дүниені  қабылдауы, 

құндылықтары  мен  географиялық  ортаның  түрлі  белгілері  ескерілуі  қиын  еді.  Мəселен,  Қазақстан 

картасында  бертінге  дейін  көрсетіліп  тұрған  Ермак  топонимі,  картаға  енбеген  жүздеген  Петровка, 

Миньковка, Сочи сияқты елді мекендердің атаулары осындай жасандылықтың көрінісі. 

Қала кеңістігі шектеулі болғандықтан, ондағы нысандар бір бағытта, белгілі бір желі бағдарында 

салынатыны  белгілі.  Бұл  ретте  ономастиканың  динамикалы  əрі  нəзік  ярусы  урбанонимдерді  белгілі 

бір дəуір символы болып табылады деп айтуға болады. 

В.А.Никонов: «Личные имена существуют только в обществе и для общества, оно и диктует не-

умолимо  выбор  их,  каким  бы  индивидуальным  он  ни  казался.  Личные  имена  социальны  все  и 

всегда», — дей  отырып [2; 7], тіл  білімінде  «жалқы  есім — əлеуметтік  таңба»  деген  постулат 

ұсынған,  яғни  онимдік  қабаттардың  біршамасы,  əсіресе  мақаламыздың  өзегі  болып  отырған 

годонимдер (гр. hodos — «көше» жəне onyma — «есім», «ат») — қалаішілік желілік объектілер: көше, 

даңғыл,  гүлзар  атаулары  қоғамның  талап-тілектері,  сұраныс-сұранымдарына  сай  өзгеріп,  құбылып, 

түрленіп отырады. 

Қазақ  ономастикасының,  Қазақстан  ономастикалық  кеңістігінің  практикалық  тұрғыда  əлі 

жетілдіруді  қажет  ететін,  сын  көтермейтін  тұстары  аз  емес. 1990 жылы  құрылған,  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметі  жанындағы  Республикалық  ономастика  комиссиясы  жəне  соған  қарасты 

жергілікті  органдардың  еңбек-əрекеттерінің  нəтижесі  бұл  саладағы  біршама  алға  басу, 

ілгерілеулерден  көрінеді,  алайда  қазақ  ономастикасындағы  өзгерістерді  бір  ыңғайға  келтіру,  белгілі 

бір  талаптарға  сəйкестендіру  əлі  де  болсын  тың  реформаларды  қажет  етеді.  Осы  орайда  Қарағанды 

топонимикалық аймағының годонимдері біраз ой-тұжырым жасауға, пікірге негіз бола алады. 



А.С.Əділова, Ф.Бейсен 

14 


Вестник Карагандинского университета 

ХХ  ғасырдың 30-жылдарында  Ресейдің  отаршылдық  саясаты  қазақтың  апайтөс  сахарасында 

құлашын  кеңінен  сермеп,  тамырын  тереңге  жайған  тұста  қала  статусын  иеленіп,  масштабты 

индустриялық  аймақ  болуға  бет  бұрған  Қарағанды  қаласының  годонимдерін  кеңестік  дəуірдің 

символы, россияцентристік идеологиялық көзқарас кодталған таңбалар деп əбден айтуға болады. Осы 

ретте  белгілі  топонимист  Э.М.Мурзаевтың  кеңес  дəуіріндегі  Орта  Азия  республикалары 

топонимдерінің  жасалу  жолдары  туралы: «Следует  сразу  же  отметить,  что  идеологической  и 

политической  информативностью  обладают  в  большей  или  меньшей  степени  все  без  исключения 

колониальные топонимы» [6], — деген орынды пайымы ойға оралады. 

Кеңестік  дəуір  топонимдерін  жасауда  негізгі  тұрғындар  (қазақтар)  өздері  өскен  ата-жұртында 

жаңадан ұйымдастырылып жатқан елді мекендерге ат, атау беруден сырт қалды. Атаулардың басты 

тобын  колониалды  топонимдер  құрады,  ал  ана  тілінде  қойылған  атаулардың  өзі  белгілі  бір 

идеологиялық мақсаттан асып кете алмады. 

Қарағанды  қаласының  ономастикалық  (топонимиялық)  кеңістігінің  құрамдас  бөлігі  болып 

табылатын  годонимдерге  назар  аударып,  зер  салып,  аталмыш  номинациялардың  символикалық, 

семантикалық,  лексикалық,  стилистикалық  қырларына  талдау  жасайтын  болсақ,  субъективизм 

жемісі, «үйретінді»  менталитет  құралы  болып  табылатын  коммунистік  рухтағы  атауларға  тап 

болатынымыз  жасырын  емес.  Еліміз  егемендік  алып,  мемлекетіміз  өз  алдына  жеке  отау  құрып 

тəуелсіздік  алып  отырған  заманда  жалғыз  Қарағанды  емес,  бүкіл  мемлекетіміздің  ономастикалық 

ландшафты егемендікке лайық ұлттық бейнеге ену жолында біршама қадам ілгері басуы керек, əлі де 

болса. 

Кеңес  өкіметі  заманында  көшелерді  алып  державадағы  үкімет  басшылары  мен  большевиктер 



партиясы  көсемдерінің  есімдерімен  атау,  яғни  мемориалды  атаулар,  белең  алған.  Сол  себепті 

Қарағандының лингвомəдени кеңістігінен орын алған годонимдердің дені қызыл көсемдердің атымен 

аталды.  Трансантропонимизация  үдерісі  арқылы  жасалған  бұндай  номинациялар  годонимдік 

кеңістіктің 30 пайызын құрайды. Жəне осы көрсеткіштің едəуір бөлігін жоғарыда аталған идеология 

жаршыларының  есімдеріне  телінген  атаулар  иеленіп  отыр.  Қаламыздың  түкпір-түкпіріндегі  бұндай 

атаулар  төмендегідей:  Алалыкин,  Белинский,  Вавилов,  Гапеев,  Карбышев,  Костенко,  Кривогуз, 

Лебедев,  Мичурин,  Нахимов,  Суворов,  Чкалов  көшелері,  т.т.  Қала  тұрғындарының  бірен-сараны 

болмаса,  бұл  тұлғалар  жайында  қандай  да  бір  ақпары  бар  деп  ойлауға  бола  қоймас.  Тек  жіті  назар 

салып, ой елегінен өткізіп, энциклопедия не үйреншікті «көмекшімізге» айналған Wikipedia-ға жүгіну 

арқылы  ғана  көше  атауының  мотивациясына  көз  жеткізе  аламыз.  Белинский,  Достоевский, 

Менделеев, Вавилов, Мичурин сынды əлемдік ғылымға үлес қосқан тұлғалар есімдерінің қаламыздың 

ономастикалық кеңістігінен орын тепкені үлкен наразылық тудыра қоймас, алайда Гапеев, Костенко 

жəне қала тарихына ешбір қатынасы  жоқ Лебедев, Карбышев, Кривогуз, Чкалов сынды атаулардың 

не  керегі  бар  деген  заңды  сауал  туындайды  осы  тұста.  Ал  Кривогуз  көшесінің  атауында  тіпті 

тұлғаның инициалдары көрсетілмеген. Бұл көше қазақ даласында советтік билікті орнатушылардың 

бірі,  большевик  Феодосий  Кривогуздың  есімімен  аталса  керек.  Теміртау  қаласында  да  осы  секілді 

факт  тіркелген.  Тұрғындар  көшелерінің  аты  Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  Лебедев  текті 20 

жауынгерінің қайсысының құрметіне қойылғанын білмейді екен. Қарағандыда да Лебедев көшесі бар. 

Ол  ЕДС  жауынгері,  ұшқыш  Семен  Лебедевтің  атымен  аталады.  Герман  Алалыкиннің  Қарағанды 

қаласындағы  алғашқы  дəрігер  болғандығынан,  Александр  Гапеев  Қарағанды  көмір  кендерінің 

шекараларын  анықтап  берген  геолог,  О.Карбышев  əскери  инженер,  профессор,  əскери  ғылымдар 

докторы  болғанынан,  ал  Костенконың  біраз  жылдар  бойы  Қарағанды  көмір  тресінде  басшылық 

қызмет  атқарғанынан  қала  тұрғындарының  көпшілігі  бейхабар.  Халықтық  атауларға  үңілер  болсақ, 

қазіргі  Əлімхан  Ермеков  атындағы  көше  бұрын  кеңестік  билікті  орнатушы,  революционер  Феликс 

Дзержинскийдің атында болған, Бұқар жырау даңғылы Совет, оған дейін Сталин даңғылы деп аталса 

керек,  ал  С.Ерубаев  атындағы  көше  бұрын  С.М.Кировтың  құрметіне  қойылса,  қазіргі  кездегі 



Аманжолов  көшесі  Силовтың  ат

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет