№2(74)/2014 Серия филология


Оқу  мүжіп,  кірпігі  құлап,  көзімен  жер  шұқуы,  көзімен  өлшеуі,  тіс  жармауы,  көзінің



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата02.03.2017
өлшемі3,8 Mb.
#5125
1   2   3

Оқу  мүжіп,  кірпігі  құлап,  көзімен  жер  шұқуы,  көзімен  өлшеуі,  тіс  жармауы,  көзінің 

жеткендігі деген метафоралар — абстрактілі мағынаны білдіретін жаңа сөздер; 

  метафораның  бағалауыш  бейне  тудыру  қасиеті,  бағаның  кейіптелуі.  Метафораның 

бағалауыштық  мəнге  ие  болып,  жаңа  мағына  тудыру  қасиеті  жазушылардың  шығармаларында  да 

кездеседі.  Бейнелі  сөздердің  қаламгер  туындыларында  көбіне  кейіпкерлер  сөзінде  орын  алуына 

байланысты,  құбылыстар  мен  заттардың  бағалары,  олардың  бағалауыштық  қасиеттері  оқырман 

танымы нəтижесінде көрінеді. 



Мүмкін  жарты  ғасыр  саз  балшықтай  иленіп,  санасын  сасытып  келген  сары  уайым,  баяғы 

дəуренін, он мың жылқылы болыс болған заманын, көксеген көңіл шынымен-ақ алдаланғаны ма екен 

(«Қайдасың,  қасқа  құлыным», 109-б.).  Тірі  болсақ,  бір  жерде  кездесерміз,  кездеспесек  сыртыңнан 



тілеулес боп жүрермін, маңдайыңнан соры арылмаған бейшара («Сүйекші», 254-б.). Жұрттың бəрі 

қу  боп  кеткен  бе,  шаруақор  пысық  боп  кеткен  бе,  əлде  өзгелер  ақылынан  ақыл  қосып,  жалғыз  бұл 

ғана шапанының етегі дəлектеп мағынасыз тіршіліктің соңына ессіз түскен бе, «осы көкнəр ішуші 

еді ғой» деп үмітпен барған көз таныстарының бірде-бірі ол пəтшаһарды əлдеқашан ұмытқан боп 

шықты  («Тіршілік», 337-б.).  Бал-бұл  жанған  өңінде  үміт  қуанышы  көп  тəтті  сезімнің  лебі  есіп, 

аялы  жанарына  уайым  ұялап,  көпке  дейін  қиял  құшағында  отырды («Қыз  ұзатқан», 54-б.).  Сары 

уайым, өзегіңді тырналап, маңдайыңнан соры арылмаған, тіршіліктің соңына, үміт қуанышы, 

уайым ұялап, ит пəледен сияқты метафоралар бағалауыш, бейне тудырушы жаңа сөздер; 

  метафораның  индивидуальды-авторлық  дүниетануды,  көркем  сөз  атрибуты  екендігін 



жазушы  шығармалары  арқылы  дəлелдуге  болады.  Мен  болсам,  мынау-іштей  егесіп,  сырттай 

ұғыспаймын деп, көзім көр, көңілім жер болып, қақпанға түскен арландай арсыл-гүрсіл жатқаным 

(«Қайдасың,  қасқа  құлыным», 112-б.).  «Көзін  шел  басыпты», — деген  сөзіне  алғашқыда  жүрегім 



мұздап  есімнен  кетпей  жүруші  еді,  кейінгі  кезде  оны  ұмытып,  көз  ауруға  əбден  етім  өліп  алды 

(«Əжем  мен  Емші  жəне  Дəрігер», 346-б.).  Көмейге  сөз  тұншығып,  кеседе  шай  суып  қалды 

(«Тіршілік», 346-б.). 

Бұл мысалдардағы көзім көр, көңілім жер болып, жүрегім мұздап, етім өліп, сөз тұншығып 

сынды метафоралар — оқырман сезіміне бірден əсер ететін, экспрессивті-эмоционалды мəні жоғары 

метафоралар. 

Метафора — көркем шығармаларда ойды астарлы түрде, əсірелеп жеткізу үшін, сонымен қатар 

шығарманың көркемділігін, бейнелілігін арттыру үшін қолданылатын əдебиеттегі тілдік құбылыс. Ол 



Ш.Мажитаева, Н.Нығметова, Г.Хамзина, Г.Бодық 

Вестник Карагандинского университета 



қандай да туындының мағыналық нақышының қасиетін, эстетикалық күшін арттырады. Метафораны 

ойлы, тəрбиелік мəні бар, жалпы  өлең  не  прозалық туынды  баламасындағы  кез  келген  шығармадан 

кездестіруге  болады.  Əдебиетте  көркемдеуіш  құрал  деген  атау  алған  бұл  құбылысқа  берілген 

анықтамалар  өте  көп.  Мысалы, «Метафора  белгілі  бір  ұқсастықтарына  қарай  екі  я  одан  да  көп  зат 

немесе  құбылыстың  бір  атаумен  аталуы.  Бұл  жерде  ұқсастық  дегеннің  ұғымы  кең:  заттар  мен 

құбылыстар  түр-түсі  жағынан  əр  түрлі  болып  келуі  мүмкін:  бір  атаумен  аталатын  зат  немесе 

құбылыстың бірі өмірде бар, нақты, ақиқат болуы, ал дəл сол атаумен беріліп, белгілі бір заттың өзі 

нақты болмауы мүмкін. Бірақ екеуіне де ортақ жайт — жалпы бір ұқсастық атаулы» [3; 144]. 

«Метафора — троптың  бір  түрі,  ұқсастық,  сəйкестік  жəне  т.б.  негізінде  сөздер  мен  сөз 

орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы». 

«Метафора — көркем  шығармадағы  сөздерге  қарағанда  сапалы  түр-бояу,  бедерге  тəн  тəсіл 

болғандықтан,  өз  сөз  зергерлерінің  қолтаңбасын  анықтайтын  тілдік  өрнек.  Тілде  сөз  метафорамен 

түрленіп  өңделеді,  ажарланып  бейнелі  құралға  айналып  отырады.  Кез  келген  шығармада 

метафораның  екі  түрі  кездеседі:  бүкіл  халыққа  түсінікті  тұрақты  ауыс  мағынасындағы  дəстүрлі 

қолданылып  келе  жатқан  метафоралар  жəне  əлі  халықтық  сипат  алмаған,  жеке  автордың  тілдік 

қызметінде өзі шығарып қолданылатын метафоралар» [16]. 

«Тіршілік»  повесінде  адамның  көңіл-күйін, табиғаттың  көрінісін  сипаттайтын метафоралар  өте 

жиі кездеседі. 



Қырсығына  алса  айлап  соғатын  Арыстанды-Қарабастың  долы  желі  бүгін  үшінші  күн 

толастамай қақап тұр. Кейде ол наурызда басталып, сəуірде бір-ақ тыншу табады. Жер қарайып, 

үт кірген соң-ақ қыбыр-қыбыр етіп жапатармағай көктемгі егіс қамына кіріскен барша жұрттың 

апшысы  бидайдай  қуырылып,  тоқшылықта  ұмытқан  жаратушыны  күн  сайын  мың  мəртебе  еске 

алып, бұл қырсықтың көпке созылмай тез бітуін тілейді... («Тіршілік», 314-б.).  

Повесть осындай көрініспен басталады. Мұнда жазушы табиғат пен адамзаттың ара-қатынасын, 

адамдардың табиғатқа бағыныштылығын жақсы бейнелейді. Əуелде табиғат көрінісін суреттей келе, 

одан  халықтың  күйбің  тіршілігіне  ауысады.  Бұл  үзінді  де  метафора,  теңеу,  эпитеттер  де  табылады. 



Айлап  соғатын,  үшінші  күн  толастамай  қақап  тұрған  долы  жел,  өзегіңді  тырналар  мазасыз 

шуыл  табиғат-ананың  адамға  ырық  бермес  долы  күшін  əсірелей,  барынша  жандандыра  суреттейді. 

Арыстанды-Қарабастың  суық  желі  етегін  жұлқып,  омырауын  ашқанына  да  қарамай  ентелеп, 

асығыс  жүріп  келе  жатып  ол  өзінің  дəл  қазіргі  мақсатсыз  сарсылына,  мағынасыз  тіршілігіне  ой 

жүгіртіп: «Рас-ау,  мұным  не  осы?»  деп  өзіне-өзі  сауал  тастамайды,  құдайға  шүкір  құмар  кешіп 

отырған  əлі  таныстарының  парасатты,  тоқмейіл  күйлерін  өзінің  кезбе  халімен  салыстырмайды  да 

(«Тіршілік», 315-б.). Сөйлемде желге тірі жанның қасиетін, əрекетін теңестіріп қойса, келесі мысалда 

табиғат  емес  адам  баласының  белгісіз,  тылсым  жан  дүниесіндегі  ауа  райын  оқырманына  былайша 

жеткізеді: 



Ашу-ызасы мен күйігі əлі бұрқырап, кеудесін көрікке қызған темірдей қарып бара жатса да, 

сол  күйінішімен  араласып  мына  дəрменсіз,  момын  кемпіріне  жүрек  түбінен  бір  жанашыр  сезім 

шақпақ  тастың  ұшқынындай  жылт  ете  қалды  («Тіршілік», 341-б.).  Автор  Молдарəсілдің  бойын 

ашу  кернеп  тұрған  сол  сəттегі  көңіл-күйін  сипаттауда  шебер,  ұтымды  тəсіл — метафораны 

қолданған.  Себебі  ол  кейіпкерінің  жан  дүниесін  дөп  басып  айтып,  психологиялық,  эмоциялық 

жақтарын да айқын көрсетеді. Манадан бері қарқ-қарқ күлкіге қамшы боп жамбас соғып жатқан 



барша алақан сақал біткенді уыстап, бір сəтке тыныштала қалды. 

Д.Исабеков  синекдоха  (жамбас  соғып  жатқан,  сақал  уыстап  тыныштала  қалған  алақан) 

арқылы  бай  не  айтса,  соны  құптап  үйреніп  қалған  көп  жағымпаздарды  алақанға  балап  шебер 

суреттейді. 



...  Молдарəсілдің  де  «үйленсем»  деген  сабау  ұшындағы  түбіттей  желбіреген  нəзік  үміті 

жоқшылық тұтқыны боп кеудесінде талай жыл булығып, бүгін ғана сыртқа жасқана сығалап еді

мына  шалдардың  қуаныш  емес  қайғылы  хабар  естігендей  бастары  кеуделеріне  құлап,  сырқаттай 

ыңырана қалулары оның жүрегін қоян тепкендей дір еткізіп, көкірегін удай ашытты («Тіршілік», 

346-б.). Түрлі теңеулермен астарлана құралған бұл сөйлем авторлық метафораға негізделген. Жігіттің 

үміті  кеудеде  тұтқын  болып  жатуы,  оның  жасқана  сығалауы,  шалдардан  адамгершілік  қасиет  көре 

алмағандығы  көкірегін  удай  ашытуы  оның  бір  ғана  сабау  ұшында  желбіреген  түбіттей  нəзік  үмітін 

бейнелеу, суреттеу үшін құрылған көрініс секілді. 

Қыздың  əке-шешесі  бетімен  жер  басып,  дəл  бүгін  өлік  шығарғандай  үнсіз  отыр  («Тіршілік», 

351-б.).  Əдетте,  фразеологиялық  сөздіктерде  бетіне  шіркеу  түсті,  бетіне  күйе  жағылды,  бетін 



Көркем мəтіндегі метафораның стильдік қызметі  

Серия «Филология». № 2(74)/2014 



айдай  қылды — ұятқа  қалды,  масқарасы  шықты,  қарабет  болды;  бетінің  боздағы  шықты — қатты 

тоңды;  бетінен  алды — көңілін  қалдырды,  қарсы  келді  деген  мағыналарда  дəстүрлі  метафоралық 

тіркес болып қолданылса, жоғарыдағы сөйлемдегі бетімен жер басты тіркесі үнсіз, қайғы жамылып, 

төмен қарап отырды деген жаңа мағынада қолданылып тұр. «Автордың сөз ауыстыру, «метафораны 

жаңарту»  байырғы  дəстүрдің  түрлерінен  бөлек  каналдарын  табу  мəнері  тілдің  стилистикалық 

ресурстарының қайнар көзі болып табылады» [17]. 

Яғни бұл жерде жазушы дəстүрлігін алмастырып, авторлық метафора жасады десе болады. 

 дəстүрлі метафора өз орнымен, өзгермей қолданылады. 



Қызымыз  қашты;  бетімізге  салық  екені  рас,  бірақ  жат  босағаны  аттатпай  жолдан 

қайырдық,  онымыз  əбүйір  («Тіршілік», 330-б.).  Бұл  тіркес  бетіне  күйе  жағылды,  немесе  бетіне 

кіреуке  болды  деген  тіркестермен  синонимдес,  мағыналас.  Яғни  ұятқа  қалдырды,  намысқа  тиді 

дегенді білдіретін тіркес. 



Тіршіліктің  əр  күнге  бөлінген  ыстық-суығы  мен  ауыртпалығы  қанша  салмақты  болса  да,  сол 

ауыртпалық жүрегін қанша тырмалап, көзін жас буса да ол меңіреу үйіне сүйретіліп кіріп, беймаза 

түнді  жастық  құшақтап  өткізген  соң-ақ  көкірегіндегі  кірбің  сібірлеп  атқан  таңдай  бірте-бірте 

сейіліп,  орнынан  тұрғанда  бəрін  ұмытушы  еді,  бірақ  дəл  осы  жолғы  қалжыңға  қайып  тігілген 

кемісту мен қорлық жілік басына үймелеген сарысудай ертеңгілік көзін ашқанда да көңілінен кетпей 

кіркілдеп  тұрып  алды.  Оянған  бетте  аяққа  мінген  қанға  сіңді  қасиетін  бүгін  ұмытып,  кірпігін 

бағана ашса да көрпесіне көміліп əлі жатыр. Қарақшылар сабап кеткен айдаушыдай бойы дел-сал 

(«Тіршілік», 330-б.).  Өзіне  жақын  дос,  жанашыр  ағайын-бауыр  деп  есептеп  жүрген  адамдарынан 

есіткен ащы мысқылдардан соң Молдарəсілдің күйі осылай суреттеледі. Бұл үзіндіде бір сөз артық не 

кем  қолданылмаған.  Жалпы,  адамның  көңіл-күйі — кейде  өзге  түгіл  өзің  де  толық  сипаттап  бере 

алмайтын ғажайып құбылыс. Ал мына үзіндіден автордың кейіпкер көңілінің түкпірінде қандай сезім 

тығылып жатқанын дөп басып айтып, шебер сипаттап бергендігінен оның өзі де сол кейіпте болып, 

сондай  сезімді  бастан  кешіргенін  байқаймыз.  Сол  ауыртпалық  жүрегін  қанша  тырмалап,  көзін 

жас буса да... Қай заманда болсын кімнің басына түссе де əр түрлі аталып, бір мағына беретін, дəл 

солай  əуре-сарсаңға  салатын,  тағдырдың  адамға  тарту  еткен  осындай  «сыйлығын»  қайғы-қасірет, 

жоқшылық,  қорлық-зорлық  т.б.  толып  жатқан  синонимдермен  алмастыруға  болады.  Бұл  тіркесте 

нақты  ауыртпалық  деп  аталған  сөз  зұлымдық  бейнесіндегі  бір  тірі  күштің  адам  жүрегін  тырнап 

тұрғандығы байқалады. 

Сояу-сояу қозапаяның сұйық жалыны дүрілдете сорған суық желдің жемі боп қара қазанның 

түбін  жалап  қана  өтіп  жатыр  («Тіршілік», 332-б.).  «Дəулетбайдың  қызы  қашып  кетіпті»  деген 

хабар күйген жүннің иісіндей төңірекке тез тарап, қойнау-қойнауда керенау жатқан жалқау елді 

бір сергітіп өтті. Тосын хабар қайдан шығар екен деп бір құлағын желге түріп жүретін əңгімешіл 

əйелдер  осы  төрт  ауыз  сөзді  мың  құбылтып  бір  тəуліктің  ішінде  екі  тəулік  тыңдасаң 

жалықпайтын сан түрлі хикаялар туғызды. 

Метафора  көбіне  теңеумен  астасып  жатады.  Жоғарыда  келтірілген  мысалдар — соның  дəлелі. 

Алғашқы  сөйлемде  қазанның  түбін  жалап  жатқан  жалынды  астарлап,  суық  желдің  жеміне  теңесе, 

кейінгісінде хабардың тез таралуын күйген жүннің иісіне ұқсатады. Ал бұл абзацта автор адамның 

қырық  түрлі  қырының  тағы  біреуі — əйелдердің  өсекқұмар,  сөзуар  жағымсыз  жағын  бейнелейді. 

Олардың  қылықтарын  құлағын  желге  түріп  жүретін  əңгімешіл  əйелдер  деп  дөп  басып,  əрі 

авторлық метафора жасайды. Дəулетбайдың шаңырағы омырылып ортасына түскен кез əйелдер үшін 

əңгіме құраудың  жақсы  сылтауы болды. Сол  əңгіменің əрбірін, əр сөзін беруі, бергеннің өзінде нақ 

бір келіншектің аузынан шыққан сөздерді тізіп жазғандай сенімді, «өсек жанрына» келтіре отырып, 

баяндағаны  тіпті  таң  қалдырады.  Бұл  үзінді  əйел  адамдарды  сынаған  болса,  төмендегі  мысал, 

керісінше, ер адамдарды, оның ішінде дəулеті тасқан байлардың ашуланшақ мінездерін көрсетеді: 

«Он бесінде отау иесі» дегенді қанына бек сіңіріп басқа уəжге құлақ аспай үйренген кеудесіне 

нан пісіретін шырт етпе қазақтар Дəулетбайдың: «Қызым əлі жас, он сегізге толмай күйеуге бере 

алмаймын», — деген  жауабын  қорлады,  менсінбедіге  жорып  қасқыр  ішіктерін  жүре  киіп, 

томсырайып аттанған. Кейбіреулері көрінеу көзге жөнсіз жанжал шығарып, өзінен басқа дəулетті 

құда таба алмайтындықтарын айтып, төсін қызарғанша соғып, насыбайларын ер үстінде қақшып 

атып,  атына  кесірлене  қамшы  басқан  («Тіршілік», 334-б.).  Шын  мəнінде,  көптеген  шығармаларда 

бейнеленетін  сол  қысыр  замандағы  қазақтың  қыңыр,  айтқанынан  қайтпайтын,  озбыр,  кейде  зұлым 

байлары  үнемі  өз  дегендерін  істететін.  Ал  терезесі  өздерімен  тең  Дəулетбай  секілді  байға  тістері 

батпағандықтан, төсін қызарғанша соғып, кеуделерінде нан піспегенде қайтсін. 



Ш.Мажитаева, Н.Нығметова, Г.Хамзина, Г.Бодық 

10 


Вестник Карагандинского университета 

Сонымен  қатар  мұнда  белгілі  бір  күйде  тұрған  адамның  бет-ажары,  іс-əрекеті  де  метафора 

арқылы беріліп тұр. Мысалы: 

Қыздың  ағасы  көзі  ұясынан  шығып,  аузын  ашқан  бойы  сілейіп  қатты  да  қалды.  Жирен  жүзі 

отқа  түскен  ақ  терідей  қарайып,  жылқы  еріні  жыбыр-жыбыр  етті  де,  қолындағы  қамшысын 

көтеріп, «о, шұбар жылан!» деп қарындасына тап берді. Осы кезде қыздың анасы құстай ұшып кеп 

қызы мен қамшысының ортасына тұра қалды («Тіршілік», 344-б.). 

Қызын көргенде шешесі өзін-өзі ұстай алмай, «ботақаным-м» — деп тұрмақ боп ұмтыла беріп 

еді, күйеуі оған жеп жіберердей оқты көзімен ата қарап: «Отыр омалып!» дегенде зəрлі дауыс оны 

төбесінен  басып,  бөстегіне  қайтадан  сылқ  еткізді.  Оның  аналық  жүрегінің  суға  түскен  кесектей 

езіліп,  бауыры  бордай  үгітіліп  бара  жатқанын  ешкім  елеген  жоқ,  елеген  сыңай  да  танытпады, 

бəрінің  баққаны  Дəулетбайдың  аузы.  Ол  да  ұзақ  тостырған  жоқ,  қалың  қабағын  бір-екі  рет 

түйістіріп алды да, қызына бір қарап қойды... («Тіршілік», 343-б.). 

Қорыта  келгенде,  прозадағы  тұтас  көркем  ойдың  жасалып  шығуын,  З.Қабдоловтың  сөзімен 

айтқанда, «мидың  мың  градустық  домнасында  құрыштай  қорытылып  шыққан  сөздердің» 

үйлесімділікпен беретін ерекше əсері деп танимыз [2; 196]. 

Прозадағы əрбір сөз — көркем сөз, ал  əрбір көркем сөз — көрікті ойдың көрінісі. Жазушылар 

шығарманы  көркем  түрде  оқырманға  жеткізу  үшін  метафораларды  шеберлікпен  қолданады. 

Қаламгерлер тіліндегі метафоралар көркемдігімен, бейнелілігімен, терең мазмұнымен ерекшеленеді. 

Көпшілікке таныс сөздер мен сөз тіркестерін өзге қырынан танытып, сөздерді ажарлып айшықтауда 

авторлар  талғампаздық  танытады.  Автор  қолданысындағы  метафоралар  тосындығымен, 

жаңалығымен қатар, бейнелілігімен ерекшеленеді. 

Жоғарыда  келтірілген  мысалдардан  метафораның  көркем  шығарма  тілінде  қаншалықты 

маңызды  рөл  атқаратыны  анықталды.  Ана  тіліміздің  дамуы,  толысуы  тіл  қорымыздағы  сөз  санын 

молайтумен  ғана  емес,  бұрыннан  бар  сөздердің  мағынасын,  мəндік  иірімдерін  кеңейту  арқылы  да 

байитыны  белгілі.  Бұл  салада  метафораның  да  үлесі  зор.  Оның  өзі  тілдің  көркемдігін,  əсерлілігін 

арттыра түседі. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1  Жұмалиев  Қ.Ж.  Қазақ  əдебиеті  тарихының  мəселелері  жəне  Абай  поэзиясының  тілі. — 2-т. — Алматы: Қазақстан 

көркем-əдебиет баспасы, 1960. 

2  Қабдолов З. Сөз өнері. — Алматы, 1983. 

3  Əдебиеттану терминдер сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1999. — 227 б. 

4   Сүлейменова Э., Мадиева. Г. т.б. Тіл білімі сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1988. — 220-б. 

5  Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. — Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. — 124-б. 

6  Балақаев М. Қазақ əдеби тілі. — Алматы, 1991. — 259-б. 

7  Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. — Алматы, 1966. — 205 б. 

8  Аханов А. Тіл білімінің негіздері. –Алматы, 2002. — 158-б. 

9  Қасым  Б.  Қазақ  тіліндегі  заттың  күрделі  атауларының  теориялық  негіздері:  Филол.  ғыл.  д-ры ...дис. — Алматы: 

Қазақ ун-ті баспасы, 2002. —255-б. 

10  Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 63-б. 

11  Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. — Астана, 2005. — 119-б. 

12  Сыбанбаева  А.  Метафораның  тілдік  болмысы  жəне  концептуалды  метафоралар. — Алматы:  Қазақ  ун-ті  баспасы, 

2002. — 22-б. 

13  Зайсанбаева Г. Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі: Филол. ғыл. канд. ... автореф. — Алматы, 2002. — 

24-б. 


14  Серғалиев М. Стилистика негіздері. — Алматы, 2006. — 141-б. 

15  Əлкебаева Д. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы. Монография. — Алматы, 2005. — 116-б. 

16  Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі. — Алматы, 1960. — 78-б. 

17  Саткенова Ж.Б. Б.Соқпақбаев шығармаларындағы метафораның танымдық сипаты / ҚазҰУ хабаршысы. Филол. сер. 

— 2005

. — 


№ 4.— 95-б.

 

 



 

 

 



Көркем мəтіндегі метафораның стильдік қызметі  

Серия «Филология». № 2(74)/2014 

11 

Ш.Мажитаева, Н.Ныгметова, Г.Хамзина, Г.Бодык 



Стилистическая функция метафор в художественном произведении 

Статья  посвящена  стилистическим  функциям  одного  из  тропов — метафоры,  часто  используемой  в 

художественной  литературе,  в  том  числе  в  прозаических  произведениях.  Авторами  подробно 

охарактеризованы  способы  образования  метафор  и  их  виды.  Приведены  различные  определения 

метафоры  в  лингвистике  и  литературоведении.  Систематизированы  и  проанализированы 

метафорические употребления, собранные из художественного текста. На материале художественных 

произведений  авторами  доказано,  что  метафоры  выполняют  важную  стилистическую  функцию  в 

языке художественного текста. 

 

Sh.Mazhitaeva, N.Nygmetova, G.Hamzina, G.Bodyk 



Stylistic function of metaphors in a work of art 

Article is devoted to stylistic functions of one of ladders — the metaphor which is often used in fiction, 

including in prosaic works. Authors in detail characterize ways of formation of metaphors and their types. 

Give various definitions of a metaphor in linguistics and literary criticism. In article the metaphorical uses are 

systematized and analyzed, which are collected from the art text. On a material of works of art authors prove 

that metaphors carry out important stylistic function in language of the art text. 

 

References 



1  Zhumaliyev K.Zh. Questions of history of the Kazakh literature and language of works of Abay, 2-vol., Almaty: Kazakhstan 

publ. house of fiction, 1960, р. 364. 

2  Kabdolov Z. // Word art, Almaty, 1983. 

3  Dictionary of literary terms, Almaty: Ana tili, 1999, 227 p. 

4  Suleymenova E., Madiyeva G. etc. Dictionary of linguistic terms., Almaty: Gylym, 1988, p. 220. 

5  Salkynbay A., Abakan E. Lingvistichesky explanatory dictionary, Almaty: Sozdik-Dictionary, 1998, p. 124. 

6  Balakayev M. Kazakhsky literary language, Almaty, 1991, p. 259. 

7  Hasanov B. The metaphorical uses in the Kazakh language, Almaty, 1966, 205 p. 

8  Akhanov A. Fundamentals of linguistics, Almaty, 2002, p. 158. 

9  Kasym B. Theoretical bases of difficult names in kazakh language: Dis. ...dok. Phil. sciences, Almaty: Kazakh university 

publ., 2002, p. 255. 

10  Iskakov A. Modern Kazakh language, Almaty: Ana tili, 1991, p. 63. 

11  Konyrov T. Kazakh comparisons, Astana, 2005, p. 119. 

12  Sybanbayeva A. Language nature of metaphors and conceptual metaphors, Almaty: Kazakh university publ., 2002, p. 22. 

13  Zaysanbayeva G. Сognitive aspect of metaphorical names: thesis abstract, Almaty, 2002, p. 24. 

14  Sergaliyev M. Fundamentals of stylistics, Almaty, 2006, p. 141. 

15  Alkebayeva D. Pragmatika of stylistics of the Kazakh language: Mongrafiya, Almaty, 2005, p. 116. 

16  Zhumaliyev K. Questions of history of the Kazakh literature and language of works of Abay, Almaty, 1960, p. 78. 

17  Satkenova Zh.B. Bull. of the Kazakh national universityPhilology ser., 4, 2005, p. 95. 

 

 



 

 

 



 

А.С.Əділова, Ф.Бейсен 

12 


Вестник Карагандинского университета 

ƏОЖ 81’42:811.512.122’373.2 

А.С.Əділова, Ф.Бейсен 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 

(E-mail: adilova2010@mail.ru) 

Годонимдер — халық өмірінің тарихи, мəдени жəне ақпараттық коды 

Мақалада  қазақ  ономастикасының  маңызды  жəне  елеулі  бір  саласы — топонимдердің  табиғи  жəне 

жасанды  түрлері  қарастырылып,  жасанды  атаулар  көбіне  идеологиялық  мақсаттарға  қызмет  ететіні 

көрсетілді.  Қала  ономастикалық  кеңістігінің  бір  түрі — годонимдер  халық  өмірінің  тарихи,  мəдени 

жəне  ақпараттық  коды  ретінде  сипатталды.  Годонимдер  заман  талабына,  қоғамның  талап-тілектері, 

сұраныс-сұранымдарына  сай  өзгеріп,  құбылып,  түрленіп  отырады,  сондықтан  мақала  авторлары 

Қарағанды қаласының годонимдері де реконструкциялауды қажет етеді деп қорытады. 

Кілт сөздер: ономастикалық бірлік, онимдердің ментальдік-танымдық сипаты, əлеуметтік-тарихи код, 

годонимдер, мемориалды годонимдер. 

 

Тілдік  бірліктердің  үлкен  шоғыры — жалқы  есімдерді  зерттеумен  айналысатын  дербес  ғылым 



саласы ономастиканың жалпы ғылым көкжиегінде иеленетін орны сүбелі, себебі тілдік бірліктердің 

арасында  жалпы  есімдер  немесе  аппелятивтерге  қарағанда  саны  біршама  көп  онимдер  тек 

лингвистика саласының ғана нысаны емес, пəлсапа, əлеуметтану, тарих, жағрапия секілді ғылымдар 

үшін де айрықша маңызға ие. Аталған лексемаларды зерттеп-зерделеу бірталай ғылымдар үшін ортақ 

іс  болып  табылады.  Бұл  турасында,  ертеде  айтылса  да,  өз  маңызын  əлі  де  жоймағандықтан,  белгілі 

лингвист Б.В.Горнунгтың төмендегідей пікірін келтіре кеткен артық емес: «В целом все собственные 

имена  являются  частью  словарного  состава  языка  и  предметом  лексикологии  как  лингвистической 

дисциплины. Как же можно отрицать исключительное и безраздельное право лингвистов изучать то-

понимы? Как можно от словарного состава языка отсечь какую-то часть и говорить: лингвистика мо-

жет изучать одни части лексики и не должна изучать других ее частей... Право лингвистов на изуче-

ние топонимов как одной из категорий языка не снимает специфики развития топонимов, их смены, 

специфики географического распространения типов и т.д. Все это настолько зависит от внеязыковых 

факторов, что заставляет топонимиста быть не только лингвистом. Вместе с тем это дает право и ис-

торику, и географу, и этнографу заниматься топонимикой, но только при условии полного владения 

лингвистическими методами» [1]. 

Жалқы есімдердің қызметін формальді түрде идентификациялау не индивидуализациялау жəне 

дифференциациялау  деп  ажырататын  болсақ,  онимдердің  ғалам  не  универсумды  танытудағы 

танымдық  немесе  гносеологиялық  қызметі  мəселесінің  иірімі  əлдеқайда  кең  жəне  ономастикалық 

бірліктердің  ментальді-когнитивтік  сипаттарын  айқындау  қазақ  тіл  білімінің  күн  тəртібіндегі  өзекті 

мəселелердің бірі болып табылады деп айтуға болады. 

Өткенді зерделеу, тарихи, ұлттық ескерткіштер мен жəдігерлерді, ғасырлар тоғысында тірнектеп 

жиылған тарихи жəне мəдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау жəне тарихта есімдері алтын 

əріптермен қашалған қайраткерлердің есімдерін халық жадында қайта жаңғыртып, ұрпақтан ұрпаққа 

жеткізіп отыру жəне ұмыт қалдырмау бүгінгі күн, бүгінгі ұрпақ үшін ең маңызды басымдықтардың 

бірі  болып  табылатыны  сөзсіз. «Сөз  де  сырсандық  тəрізді.  Сəті  түсіп,  кілті  табылғандай  болса,  көп 

нəрсені  баян етіп, халықтың өткендегі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп 

тұрады», — деп ғалым Н.Уəли айтқандай, лингвистика пласттарының бірі ономастиканы бірден-бір 

таным құралы, ал онимдерді тарихи, мəдени, əлеуметтік ақпараттарды өз бойына жинақтаған кодтар 

деп  атаудың  толық  негізі  бар.  Ресейлік  ономаст,  белгілі  лингвист  В.А.Никонов  бұл  турасында: 

«Первый  закон  антропонимики,  как  и  всей  ономастики, — историзм», — деген  екен [2; 7]. Бұл  өз 

кезегінде жалқы есімдердің тарихилық аспектісін тағы бір мəрте айғақтай түседі. 

Жалқы  есімдердің  сипаты  мен  құрылымына  географиялық,  идеологиялық,  тарихи, 

дүниетанымдық, əлеуметтік, мəдени, экстралингвистикалық  факторлар  əсер  етеді. Тілдік  нəтижелер 

— жалқы есімдерде көрініс тапқан экстралингвистикалық факторлардың бірі — билингвизм, немесе 

қостілділік. Жалпы Қазақстан Республикасы, соның ішінде Қарағанды қаласы полимəдениетті аймақ 

болып  табылатындықтан,  номендердің  тұлғасы  мен  семантикасына  тарихи  жағдайлар  мен 



Годонимдер — халық өмірінің тарихи, мəдени ...  

Серия «Филология». № 2(74)/2014 

13 

глобализацияның  жемісі  болып  табылатын  билингвизм  жəне  көптілділік  құбылыстары  əсер  ететіні 



ақиқат. 

«Информация  каждого  имени  «добывается»  с  помощью  лингвистических  средств», — дейді 

белгілі  тілтанушы  А.В.Суперанская.  Сол  себепті  онимдер  ең  алдымен  лингвистикалық  ілімнің 

нысаны деп айтып өткен жөн [3]. 

Жалпы  ХХ  ғасырдың 30-жылдарында  ғылыми  мəртебе  иеленген,  ал  ХХ  ғасырдың 50–60-

жылдарында қазақ тіл білімінде кеңінен зерттеле бастаған ономастика көп қырлы, көп қабатты сала. 

Атаулар адам өмірінің барлық аяларын қамтиды жəне олардың саны апеллятивтерге қарағанда басым 

түседі.  Онимдер  екі  негізгі  топ — антропонимдер  жəне  топонимдер  деп  жіктелсе,  ал  олардың  өз 

ішінде  жік-жікке  тарамдалу  үдерісі  байқалады.  Мысалы,  егер  тау,  таулы  алқаптардың  аттары — 

оронимдер  не  елді  мекендер  атауларын  қарастырумен  айналысатын  ойконимия  саласында  біршама 

зерттеу  еңбектері  бар  болса,  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінде  əлеуметтік-экономикалық 

қажеттіліктерге орай, коммерциялық ұйымдардың көбеюі нəтижесінде ономастикалық кеңістікке жиі, 

белсенді  түрде  кіріге  бастағанына  байланысты  микротопонимия  құрылымдары  эргонимия  жəне 

урбанонимия секілді онимдік категориялар зерттеле бастаса да, өз ішінде жіктелу тəн ономастикалық 

кеңістік құраушылары əлі де болса келелі еңбектерге, тың жаңалықтарға зəру. Урбанонимнің бір түрі 

болып табылатын, қала ішілік желілік (линейные) нысандар — даңғыл, көше, бульвар, т.с.с. атаулары 

годонимдер,  қоғамдық  тамақтану  мекемелерінің  аттары  менсонимдер  не  орден,  медаль  жəне  түрлі 

төсбелгілер  атаулары  біріктірілетін  фалероним  терминіне  қатысты  ақпарат  қатары  мардымсыз, 

сондықтан жан-жақты зерттеуді қажет етеді деуге болады. 

Негізінде, «қазақ топонимиясы — географиялық жалқы атаулардың жай ғана жиынтығы емес, ол 

ментальдік  факторларды  көрсететін  ономастикалық  деңгейдің  лексикалық  бірліктерінің  жүйесі. 

Мəселен,  көшпелі  қазақ  пен  малшы  табиғатқа  жəне  географиялық  ортаға  өзінің  шаруашылық 

қажеттілігіне  қарай  қалыптасады,  сондықтан  да  топонимдерде  тек  табиғат  пен  географиялық  орта 

ғана  емес,  осы  табиғат  пен  оның  объектілерінің  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет