Использование стилистико-лексических средств в поэзии Махамбета
В научных трудах «Язык казахской поэзии XV–XIX веков», «Жанр и стиль казахской поэзии» извест-
ного ученого К. Омиралиева говорится о выдающихся представителях казахской литературы — Бу-
харе жырау и поэте Дулате. Параллельно с ними всесторонне рассмотрены поэтический язык, жанр и
стиль великого поэта Махамбета Отемисова. При сравнении вышеназванных образцов поэзии автором
обнаружено влияние предыдущей устной традиции на творчество поэта, особенно это подтверждается
произведениями «Соғыс» и «Мінкен ер», в которых автор прослеживает явное влияние эпической по-
эзии. Особое внимание уделено географическим понятиям, специфике казахского кочевья, а также
приведены примеры и выводы относительно использования арабских и персидских слов в творчестве
Махамбета.
Sh.А.Shortanbaev
The stylistic-content usage of words in Makhambet poetry
In the scientific works such as «Kazakh language and poetry of XV–XIX centuries», «Genre and style of Ka-
zakh poetry» famous scientist K.Omiraliyev described outstanding representatives of Kazakh literature
Bukhar zhyrau and Dulat. In the same works author compared with Mahambet’s poetry. While comparing
samples of the poetry author found the influence of oral literature in the works of the poet and proved it with
the exact example of «Sogys», «Minken er.» The author saw epic poetry in these verses. And as the author
paid special attention to the geographical concept and made its examples and conclusions on the use of Ara-
bic and Persian words. Also article discusses the style of language used as forms.
References
1 Zhumaliev K. Kazakh epos and problem in Kazakh literature, Oral: Agartyshi, 2010, р. 378.
2 Umiraliyev K. The genre and style of Kazah poetry, Almaty: Gylym, 1983, 237 p.
3 Madibay K. The golden age of Kazakh literature, Almaty: Cennye bumagi, 2012.
4 Umiraliyev K. The language of Kazakh poetry in the XV–XIX century, Almaty: Gylym, 1976, 239 p.
5 Sharip A. Kazakh poetry and national idea, Almaty: Bilim, 2000, 336 p.
Серия «Филология». № 2(78)/2015
27
ƏОЖ 81
Ə.О.Ыбырайым
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
(E-mail: azimchan23@mail.ru)
Қазақ тіліндегі ресми-іскерлік стильдің қалыптасу,
даму кезеңдері
Мақалада қазақ тіліндегі ресми-іскерлік стильдің, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы мен
мемлекеттік тілде іс жүргізу үлгілерінің қалыптасу, даму тарихы қарастырылды. Мемлекеттік тілде іс
қағаздарын жүргізудің тарихы алты кезеңге жіктеліп, əр кезеңге сəйкес құжаттардың тілдік белгілері
мен əлеуметтік қызметі айқындалды. Сондай-ақ елімізде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын
кеңейтуге бағытталған ресми-нормативтік құжаттарға талдау жасалған. Ол құжаттардың кемшіліктері
мен жетістіктері жан-жақты зерттелген.
Кілт сөздер: мемлекеттік тіл, тілдік жағдаят, іс қағаздары, ресми-іскерлік стиль, ресми құжаттар,
жолдау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы.
Мемлекеттік тіл — мемлекеттік сəйкестіктің басты нышандарының бірі. Əлеуметтік-
лингвистикалық модель тұрғысынан алғанда, ол, ең алдымен, осы мемлекеттегі сан алуан ресми
қарым-қатынастар жүзеге асатын тіл. Яғни, заң актілерінің, іс қағаздарының, қызметтік-іскерлік
жазбалардың, ресми, оның ішінде халықаралық қарым-қатынастың, сот істерін жүргізудің тілі.
Мұның өзі қазақ тілін дамыту, оның қолданылу аясын кеңейту мəселесі бірыңғай
этнолингвистикалық немесе əлеуметтік-лингвистикалық сипат шегінен асып, аса ауқымды саяси-
əлеуметтік проблемалар санатына қосылғандығын көрсетеді. Еліміздегі тіл тұтынушыларды
мемлекеттік тілге үйренуге ынталандыратын ішкі жəне сыртқы факторлар мен уəждерге ғылыми-
сараптамалық талдау жасаудың қажеттілігі, мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуымен
байланысты қалыптасқан тілдік жағдаятты, тілдік сəйкесімділік проблемаларын зерттеу – бүгінгі тіл
білімінің өзекті мəселелерінің біріне айналып отыр.
Қазіргі кезде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес мекемелерде мемлекеттік тілдің қолданылу
аясының кеңейіп, іс жүргізу үлгілері қалыптасып, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының біршама
өсіп келе жатқаны байқалады. Дегенмен, бұл үрдіс бір күнде пайда бола қойған жоқ, ол бірнеше
ғасырдан астам уақыт даму, қалыптасу тарихын бастан кешірді. Қазақ тіліндегі ресми-іскерлік
стильдің жетілу процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
I-кезең. Тіліміздегі ресми-іскерлік стильдер өз бастауын XVII ғасырдағы қазақтың хан, сұлтан,
билердің орыс империясы мен басқа да көрші мемлекеттердің əкімшілік орындарына жəне бір-біріне
жазысқан əрқилы сипаттағы қағаздары мен хатарынан алады.
Бұлар көбіне өтіну, ескерту, мəлімет беру сияқты құжаттар мен хаттар болып табылады. Тіл
жағынан алғанда, бұл құжаттар арнаулы кеңсе тілінің үлгілеріне жатады. Мұнда татар тілінің
элементтері басым болып, Орта Азия тілдеріне тəн архаизмдер мен арабизмдер кең қолданылады.
Аталмыш құжаттардағы сөздердің басым бөлігі қазақ тілінікі емес, онда ортаазиялық əдеби тіл мен
татар тілінің элементтері қамтылады. Грамматикалық формалар да ортағасырлық түркі жазба
тілдерінің нормаларына тəн. Сондай-ақ бұл құжаттардағы тағы бір стильдік белгі — əрбір сатыдағы
əкімдерді дəріптеп атайтын тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Мысалы: бийук
мартабалу, ғизатлу, хурматлу, шафағатлу т.б. Дегенмен осы тұста көптеген жаңа ұғымдардың
атаулары пайда болып, тұрақтана бастады. Мысалы : саудагер — купец, мал — товар, елші — посла-
нец, депутат, Сахара — степь, əкім — начальник, аманат — заложник, тұтқын — пленник жəне т.б.
[1; 240].
ІІ-кезең. ХIХ ғасырдың II-жартысында қазақша ресми-іскерлік стиль тілдік, стильдік жағынан
біршама тұрақталып, өз алдына жеке дербес стиль болып қалыптасты. Ол бұрынғы ресми құжаттар
мен ресми хат-хабарлар тілінің негізінде дамыды. Біраз өзгерістерге ұшырап стильдік жағынан
жетілді. Ең алдымен, бұл стильді көрсететін үлгілердің түрлері мен адресаттары өзгерді. Бұрын сөз
болып отырған жанр материалдары негізінен ресми хаттар, арыздар, шағымдар жəне патша өкіметі
тарапынан жергілікті билеушілерге жіберілген бұйрықтар түрінде болса, енді бұл аталғандармен
қатар, патша өкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлық, нұсқау, ереже, үндеу сияқты іс қағаздар
Ə.О.Ыбырайым
28
Вестник Карагандинского университета
үлгілері көбейе түсті жəне олардың барлығы дерлік аударма болып келеді. Бұл ресми қағаздардың
бірқатары хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке арналған мазмұнда болып
келгендіктен, олар мерзімді баспасөз бетінде немесе жеке басылым болып жарияланатын болды. Осы
бағытта сол кезде шығып тұрған «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті»
сияқты бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады.
Академик Р.Ғ.Сыздықова осы кездегі ресми жəне іс қағаздар стиліндегі материалдарды мазмұны
мен адресатттарына қарай бірнеше топқа жіктейді. Ең алдымен, патша үкіметі (ең жоғарғы органнан
бастап жергілікті əкімшіліктерге дейін) тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар (указы, распоряже-
ния, приказы), ережелер (положения), екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық,
анықтама т.б. құрайды. Үшінші топта ресми орындарға жеке адамдар жазған арыз, хабарлау сияқты
материалдар қаралуға тиіс [1; 245].
ІІІ-кезең. ХХ ғасырдың басында қазақ мерзімді баспасөз құралдарының дамуына байланысты
ресми-іскерлік стиль лексикасы, орфографиясы, морфологиялық құрылымы жағынан нормаланып,
жетіле түсті. Дегенмен ортағасырлық түркілік элементтер əлі де болса негізгі қызмет атқарып келді.
Тек Қазан төңкерісінен кейін ғана қазақ тілінде іс жүргізу ісі қолға алынып, тіл тазалығы үшін үлкен
күрес басталды.
1923 ж. 22 қарашасындағы Орынборда жарияланған «Тіл туралы» Декретте қазақ, орыс тілдеріне
бірдей мемлекеттік тіл мəртебесі берілді. Қоғам қайраткері С.Оразалинов: «Осы бір баптың кейіннен
қазақ тілінің өрісін тарылтып, маңдайына сор болып жабысқанын», — ашына жазады [2; 17]. Бірақ
бұл кездегі құжаттарда қазақ тілінің мəртебесін көтеретін көптеген шаралар да белгіленді. 1924 ж.
26 маусымында Еңбек халық комиссариаты «орыс қызметкерлерін қазақ немесе қазақ тілі мен жа-
зуын білетін қызметкерлермен алмастыру жөнінде» хат жіберіп, «Мемлекеттік мекемелер мен
кəсіпорындарда қазақ тілінде іс жүргізуде жұмысшылар мен қызметкерлердің санын молайту жəне
қазақ тілі мен жазуын білетін мамандармен алмастырудың тəртібін күшейту жөнінде» Қаулы
қабылдайды. Сондай-ақ БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті 1933 ж. 4 сəуірінде батыл қадамға барып,
төмендегі жоғарғы мемлекеттік мекемелердің қазақ тіліне көшуін жоспарлайды:
1) ҚазОАК;
2) Ағарту халкомы;
3) Денсаулық сақтау халкомы;
4) Əділет халкомы;
5) Жұмысшы-шаруа милициясы [2; 18].
Осы Қаулыны жүзеге асыру барысында ҚазОАК мен ХКК түрлі ынталандыру шараларын да
қолданған. Мəселен, қазақ тілінде еркін сөйлейтіндерге 10 %, іс жүргізе білетіндерге 15 % үстеме ақы
төленсе, ал жоғары оқу орындарында қазақ тілінде дəріс оқитын оқытушылардың еңбекақысына 25 %
қосымша қосылған. Тіпті, 1934 ж. Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ мектептерінен басқа мектеп-
терде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» Қаулысы да шығады.
Осы құжаттарды іске асыру барысында қыруар шаруа атқарылып, қазақ тілінде іс жүргізу қолға
алынды. Қазақ тілі ортағасырлық түркілік элементтерден тазартылып, лексикалық тұрғыдан дамып,
біраз терминдер атау ретінде қалыптасты. Сондай-ақ морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік
құрылымы жағынан бір ізге түсіп нормаланды. Бұл тұрғыда, əсіресе, қазақ тіл білімінің алғашқы
ғылыми негізін қалаған белгілі қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамбетұлы,
Қ.Жұбанов, тағы басқалар сияқты тұлғаларды ерекше айтуға болады. Алайда бұл жұмыстар түрлі
əлеуметтік, саяси себептердің салдарынан аяқсыз қалып, қазақ тілі ескерусіз қалды. 1941 ж.
1 тамызда жоғарыда аталған жеңілдіктерді қайтып алу жөнінде Қаулы шықты. Осыдан кейін-ақ қазақ
тілінің көші түзеле қоймады. Қазақ тіліне төніп келе жатқан қауіпті алғашқылардың бірі болып,
даңқты батыр Б.Момышұлы байқады. Батырдың қырағы көңілі мен көреген ақылы 1944 ж. елде
болған аз ғана күнде осы қатерді нақ басып тани білді жəне оған деген өз қарсылығын жариялап та
үлгерді. Қазақтар арасындағы тілдік бөліну, міне, осы жылдардан-ақ бастау ала бастады.
Ал, 1955 ж. 4 маусымда Министрлер Кеңесі Төрағасының Жарлығымен ҚазССР Оқу
министрлігінде орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін міндетті түрде оқытудан босату жөнінде
нұсқау берілген. Бұл онсыз да халі мүшкілге айнала бастаған қазақ тіліне шығарылған қатаң үкім еді.
Осыдан кейін-ақ солтүстік облыстардағы мыңдаған қазақ мектептері жабыла бастады.
ІV-кезең. 1957 ж. ҚазССР Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу жөнінде тағы да Қаулы
қабылдайды. Бұл іс те əуелде қызу қолға алынады да, кейіннен бəсең тартып, жетпісінші-сексенінші
Қазақ тіліндегі ресми-іскерлік…
Серия «Филология». № 2(78)/2015
29
жылдары мүлдем тоқталып қалады. Оған қатал жүйе жүргізген, бұра тартқан солақай саясаттың
ықпалы тимей қалмағаны анық.
V-кезең. Міне, осындай ұзақ жылдарғы қара түнектен кейін қазақ тіліне деген жарық сəуле алғаш
рет 1989 ж. түсті. Осы жылы 22 қыркүйекте «ҚазССР-індегі Тілдер туралы Заң» қабылданды.
Көптеген айтыс-тартыстан, ұлтжанды азаматтарымыздың табанды талабынан кейін осы Заңда «Қазақ
тілі — ҚазССР-нің мемлекеттік тілі» болып жарияланды. Бұл — ұлт жанашырлары мен халықтың сол
кезеңдегі саяси-əкімшілік, психологиялық-моральдiк жағынан үлкен жетістігі мен жеңісі жəне ірі
қуанышы еді.
Алайда бұл Заңда қазақ тіліне ресми мемлекеттік тіл мəртебесі берілгенмен, оны қолдануды
жақсарту мен дамытудың нақты тетіктері көрсетілмеді. Билік тарапынан ана тілімізге деген көзқарас
пен қамқорлық өзгеріп, тұтасқан сең бұзылғанмен, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы əлі де көп
шектеулі еді. Жазушы С.Оразалиновтің сөзімен айтсақ, бұл заң «тілдердің сіңісуі жөніндегі солақай
саясатқа біржола нүкте қойған жəне Қазақстанда тұратын барша халықтар тілінің тең дамуына бағдар
түзеген заң болды. Бірақ ол тілдерді дамыту шараларының қалай жүзеге асырылу керектігінің келе-
шек жолдарын толық айқындай алмады» [2; 21].
VІ-кезең. Осылайша шеттетіліп, қолданылуы жағынан шектеліп қалған тілімізге 1989 ж.
мемлекеттік тіл мəртебесі берілгенімен, ана тіліміздің еңсесінің көтеріліп, мемлекетіміздің төріне
шыққаны тек еліміздің тəуелсіздік алғанынан кейін болды. Еліміз Тəуелсіздік алғаннан кейін ана
тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде дамуы мен нығаюына бағытталған көптеген ресми құжаттар
қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық
қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу
жəне іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді
меңгеру — Қазақстан Республикасының əрбір азаматының парызы», — деп, ана тіліміздің
мемлекеттік тіл ретіндегі мəртебесі құқықтық тұрғыдан толық негізделген [3].
1996 ж. 4 қарашада бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы»
елдегі тіл ахуалының баяу өзгеруі себептерінің бірі ретінде мемлекеттік тілдің барлық жерде пайда-
лануын қамтамасыз ететін тетіктің болмауы аталған еді. Кейінгі уақытта бірқатар жаңа құжаттар
қабылданды. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. 5 қазандағы
Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», 1998 ж. 14
тамыздағы № 769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж.
8 қаңтардағы № 16 Қаулысымен бекітілген «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың
тəртібі туралы ереже», «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001–2010, 2011–2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламалары бар.
«Қазақстан Республикасындағы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының» қабылдануы мемлекеттік тілде іс жүргізудің көлемі мен сапасын
арттыруға ерекше серпін беріп, мемлекеттің тіл саясатындағы жаңа бағыттарын белгіледі жəне бұл
салада атқарылатын оң істерге негіз болды. Бағдарламаның басты мақсаты — Қазақстанда тұратын
барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде
мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметі мен қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат.
Бұл бағдарлама қоғам өмірінің барлық саласында тілдерді дамыту мен қолданудың жəне
мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауда туындайтын өзекті проблемаларды
шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады. Бағдарлама көзделген барлық іс-
шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың
басымдығына негізделген жəне азаматтардың рухани-мəдени жəне тілдік қажеттіліктерін
толыққанды қанағаттандыруға бағытталған жəне онда атқарылатын іс-шаралар төрт бағытқа
топтастырылған:
«Бірінші бағыт — мемлекеттік тілді меңгеру. Оны іске асыру Қазақстанның барша
азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды
көздейді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар — мемлекеттік тілді оқыту əдіснамасын
жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту жəне мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру.
Ə.О.Ыбырайым
30
Вестник Карагандинского университета
Екінші бағыт — мемлекеттік тілді көпшілікке тарату жəне оның қолдану аясын кеңейту. Оған
қол жеткізудің алгоритмі мемлекеттік тілдің беделін арттыру мен қолдану аясын кеңейту жөніндегі
жұмысты жүзеге асыруды меңзейді.
Үшінші бағыт — қазақстандықтардың тілдік мəдениетінің деңгейін арттыру. Бұл, ең алдымен,
əкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз етуді көздейді.
Төртінші бағыт — лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Мұнда,
ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді» [4].
Осы ресми құжаттардың нəтижесінде қазіргі кезде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес мекеме-
лерде мемлекеттік тілдің қолданылу аясының біршама өсіп келе жатқаны байқалады. Мемлекеттік
тілдің Қазақстанды туған елім, өз жерім дейтін барлық этнос өкілдері мен диаспоралар үшін
қажеттілікке айналуына Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаев та елеулі еңбек сіңіріп келеді. Елбасымыз
халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауларында мемлекеттік тіл мəселесіне ерекше көңіл бөліп, оның
даму бағыттарын айқындап отырады. Мəселен, 2003 ж. «Ішкі жəне сыртқы саясаттың 2004 жылғы
негізгі бағыттары» атты Жолдауында руханият пен білім беру салаларын дамытудың аса маңызды
құрамдас бөлігі ретінде ауқымды жобалардың басын қосатын «Мəдени мұра» бағдарламасын іске
асыруды ұсына отырып, оның төртінші мақсаты ретінде «мемлекеттік тілде əлемдік ғылыми ойдың,
мəдениет пен əдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жа-
сауды» ұсынса [5; 163], 2005 ж. «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жо-
лында» атты Жолдауында мемлекеттік тілді барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы
ретінде танып, оны одан əрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек екенін баса айтты [5; 206]. Ал,
2008 ж. «Қазақстан халқының əл-қуатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты
Жолдауында еліміздегі «Тілдің үш тұғырлылығы» мəдени жобасын іске асыруды жеделдетуді талап
ете отырып, «бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту
сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды» жəне қазақ тілін оқытудың үздік, инновациялық,
əдістемелік құралдарын, сапалы оқулықтарын əзірлеу үшін жауапты тиісті органдарды нақты
шешімдер қабылдауға міндеттеді [5].
Міне, осылайша еліміздегі тілдердің, əсіресе мемлекеттік тілдің өсіп-өркендеуін, даму
бағыттары мен қолдану шеңберін үнемі назарда ұстап, оған барынша қолдау көрсетіп келген Елба-
сымыз өзінің 2011 ж. Жолдауында да тілдерді дамытуға ерекше көңіл бөліп, мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын кеңейту үшін нақты міндеттер жүктеп отыр. Нұрсұлтан Əбішұлы «бүгінде
мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесінің басым көпшілікті құрауын»
«Тəуелсіздігіміздің орасан зор жетістігі» ретінде бағалай келіп, мемлекеттік тілді білетін
қазақстандықтардың санын 2017 ж. 80 пайызға жеткізуді көздесе, 2020 ж. 95 пайызға жетуді
міндеттейді, ал он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп
шығатыны көңілге қуаныш сеуіп, мемлекеттің тілдің жарқын болашағына деген үлкен сенім
қалыптастырады. Бұл Жолдауда Елбасымыз мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға қатысты айқын
міндеттер мен нақты мерзімдерді белгілеп берсе [6], 2012 ж. 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»
Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тіл туралы
жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызда одан əрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға
тиіс» екенін атап көрсетті [7]. Ал, 2014 ж. 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз
Мəңгілік Елімізбен бірге Мəңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете
білгеніміз жөн» деп тіл туралы дауға нүкте қойды [8].
Іс жүргізу құжаттарын қамтитын ресми-іскерлік стильді тілші-ғалымдар үш топқа бөліп
қарастырып жүр. Олар: заң шығарушылық, дипломатиялық жəне əкімшілік-кеңселік. Осы үш
бағыттағы қазақ тілінің қолданылуын талдап көрелік. Əкімшілік-кеңселік стильге түрлі
мекемелердегі іс жүргізу құжаттары жатады. Бұл бағытта мемлекеттік тілдің қолданылу аясының
біршама кең таралғанын атап айтуға тиіспіз. Алайда оның проблемалары да жетерлік. Мəселен,
көптеген мемлекеттік емес ұйымдар мен ірі бизнес-компаниялары, жекелеген министрліктер іс
жүргізуді əлі де қалыптасқан дəстүрмен ресми тілде жүргізіп отырса, ал кейбір мекемелер
мемлекеттік тілді тек аударма тіл ретінде ғана қолданып отыр. Мұндай аударма тілдің мəселесі заң
шығарушылық стильде де қалыптасқан үрдіске айналған. Бүгінге дейінгі қабылданған
заңдарымыздың барлығы ресми тілде дайындалып, мемлекеттік тілге тек аударылумен шектеліп келе
жатыр. Бұл жерде академик Ə.Қайдардың «мемлекеттік тілді аудармамен байыта алмаймыз» деген
тұжырымын еске сала кеткен, артық болмас. Ал, сыртқы қатынасты қамтитын дипломатиялық стиль-
Қазақ тіліндегі ресми-іскерлік…
Серия «Филология». № 2(78)/2015
31
де ана тіліміз əлі босағадан да сығалай алмай жүр. Басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау бары-
сында бірде-бір министрлік пен ірі компаниялар мемлекеттік тілді қажетсініп отырған жоқ. Соңғы
кездері қазақ тіліндегі заң мəтіндерінің стилистикасы туралы ғылыми зерттеулер аз да болса жарық
көре бастаса, дипломатиялық стильдің тілдік-жанрлық ерекшеліктері мен ғылыми-танымдық
негіздері туралы мəселелер əлі де өз кезегін күтіп жатыр. Бұл мəселелерді зерттеу — қазақ тілі
стилистикасының болашақтағы міндеті.
Əдебиеттер тізімі
1 Сыздықова Р.Ғ. Қазақ əдеби тілінің тарихы. — Алматы: Ана тілі, 1993.
2 Оразалинов С. Қазіргі кезеңдегі тіл саясаты жəне мемлекеттік тілді мемлекеттік органдарға енгізу проблемалары //
Тіл жəне қоғам. — 2003. — № 1.
3 Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. — 1997. — 11 шілде. — [ЭР].
Қолжетімділік тəртібі: adilet.zan.kz
4 Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. — Астана, 2011. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: adilet.zan.kz
5 Елбасы жолдады — елі қолдады. — І-т. — Астана: Күлтегін, 2008. — 299-б.
6 Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. — Тараз: Сенім, 2011. — 17-б.
7 «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2012 жылы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы. — Тараз: Жамбыл Press Service,
2014. — 66-б.
8 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. — Тараз: Жамбыл Press Service, 2014. — 13-б.
А.О.Ибраиым
Достарыңызбен бөлісу: |