баспасөзінің терминологияны қалыптастырудағы атқаратын рөлі жəне жалпы ұлттық
мəдениет пен ғылым дамуында алатын орны айрықша болып отыр.
Ж.Д.Рапишева, М.Қ.Жүнісова т.б.
14
Вестник Карагандинского университета
Əдебиеттер тізімі
1 Сыздықова Р. Сөз құдіреті. — Алматы: Санат, 1997. — 81-б.
2 Сыздықова Р. Тілдегі жаңалықтардың сыры неде? // Ана тілі. — 1991. — № 50. — 17-б.
3 Володина М.Н. Прагматическая функция слова-термина в сфере общественно-политической коммуникации // Жур-
налистика и культура русской речи. Материалы междунар. конф., 17–19 апреля, факультет журналистики МГУ. — М.: Изд.
Моск. ун-та, 2003. — С. 40.
4 Крысин Л.П. Языковое заимствование как проблема диахронической социолингвистики // Диахроническая социо-
лингвистика. — М.: Наука, 1993. — С. 55.
5 Князева Г.Ю. Понятие ассимиляции заимствований и методика ее исследования // Лингвистика и методика в высшей
школе. — Вып V. — М., 1970. — С. 45.
Ж.Д.Рапишева, М.К.Жунусова, З.К.Сейдахметова, А.Ю.Кишенова
Особенности употребления терминологической лексики
в средствах массовой информации
В статье рассмотрены особенности употребления терминов и новых слов в средствах массовой
информации (СМИ). Проанализированы термины и терминоупотребления, новые заимствования из
других языков. На основе языкового материала авторами определены важнейшая роль и место СМИ в
формировании и развитии, систематизации и кодификации терминологии казахского языка. Сделан
вывод о том, что средства массовой информации служат основным средством нормализации и
унификации терминов, а в расширении функций государственного языка важное место занимают
развитие и систематизация терминологической лексики.
Zh.D.Rapisheva, M.K.Zhunusova, Z.K.Seydakhmetova, A.Yu.Kishenova
Features of the use of terminological lexicon in mass media
In article features of the use of terms and new words and mass media are considered. Terms and a
terminoupotrebleniye, new loans from other languages are analyzed. On the basis of language materials
authors defined the major role and a place of mass media in formation and development, systematization and
codification of terminological lexicon of the Kazakh language. Authors of article draw a conclusion that mass
media serve as the main means of normalization and unification of terminology, and in expansion of
functions of a state language the special place is taken by development and systematization of terminological
lexicon.
Referenсes
1 Syzdykova R. The greatness of the words, Almaty: Sanat, 1997, 81 p.
2 Syzdykova R. Ana тіlі, 1991, 50, p. 17.
3 Volodina M.N. Journalism and culture of the Russian speech. Materials international conf., April, 17–19, Faculty
of journalism of MSU, Moscow: Publ. house of the Moscow university, 2003, p. 40.
4 Krysin L.P. Diachronic sociolinguistics, Moscow: Nauka, 1993, p. 55.
5 Knyazeva G.Yu. Linguistics and a technique at the higher school, V, Moscow, 1970, p. 45.
Серия «Филология». № 2(78)/2015
15
ƏОЖ 811.512.122’373.62
Ə.Н.Насыритдинова
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана
(E-mail: asemgul_kazatu@mail.ru)
Техникалық терминологиядағы омоним-терминдер
жəне олардың қолданыс ерекшеліктері
Мақала техникалық терминология жəне олардың қолданылу ерекшеліктері мəселелеріне арналған.
Тіл білімінің бір саласы ретінде терминологияда да осы ғылымға тəн ерекшеліктердің бəрі кездеседі.
Сонымен бірге терминология өз ішінде тіл білімінің барлық заңдылықтарын дерлік қолданады.
Осындай заңдылықтардың бірі болып табылатын омонимия құбылысы термин саласына да тəн.
Терминологиядағы омонимдер салааралық жəне жүйеаралық деп бөлініп, жалпы қолданыстағы дəл
осылай дыбысталатын сөздерден ерекшеленеді. Терминологиядағы омонимдер түрлі мағынаға ие
болуымен қатар, түрлі терминологиялық жүйеде қолданылуы керек. Автор техника саласындағы
омоним-терминдерге талдау жасап, аударма оқулықтардағы олардың қолданысына тоқталды.
Кілт сөздер: техникалық терминология, терминдену, омонимия, көпмағыналылық, термин.
Терминологияда салааралық терминдер тобының өзіндік орны бар. Олар, аты айтып тұрғандай,
бірнеше салаға ортақтығымен ерекшеленеді. Əр салада атқаратын өзіндік қызметі болғанымен,
жалпы терминологияда оларды омоним-терминдер деп атау қалыптасқан. Омоним-терминдер барлық
сала терминологиясына тəн. Қазақ тіліндегі техникалық терминдер де даму үдерісін басынан өткеріп,
омонимдік сипатқа ие бола алды. Лингвистер омонимдердің болу себептерін атап өтуде. Атап айтсақ,
В.В.Виногрaдов осы жасaлу тəсілінің өнімсіздігін атaй келе, «омонимдердің біршама аз бөлігі
біртұтас лексеманың бірнеше омонимдік бірліктерге семантикалық ыдырауы арқылы жасалған» деп
тұжырымдайды [1]. А.А.Реформатский туынды омонимия үдерісінің едəуір белсенділігін айта келіп,
орыс тілінде «шеттен енген кірме сөздер арқылы пайда болған омонимдердің саны басым» екендігін
алға тартады [2]. В.И.Абаев омонимдердің жасалуына қарай оларды этимологиялық (шығу тегі əр
түрлі сөздердің дыбыстық сəйкес келуі), семантикалық (көпмағыналы сөздің ыдырауы) жəне
сөзжасамдық (сөзжасамдық үдеріс нəтижесінде сөздердің үйлесуі) деп бөледі [3].
Лексикалық омоним-терминдер, яғни басқа тілдік таңбамен мағынасы сəйкес келмегенімен,
бірақ дыбысталуы жағынан сəйкес келетін терминологиялық таңбалар арқылы ерекшеленеді.
Дəстүрлі түрде олар екі негізгі — салааралық жəне жүйеаралық омоним-терминдерге бөлінеді.
Салааралық омонимдер — қайта ойлауға ұшыраған жəне басқа ғылымның термин жүйесіне
кірген бір ғылым саласының терминдері. Салааралық омонимия үшін екі міндетті сипат тəн:
терминдердің түрлі анықтамалары болуы жəне осы терминдер түрлі терминологиялық жүйелерде
қолданылуы тиіс. Зерттеуші А.К.Мұсағұлова көптеген жағдайларда салааралық омонимдердің қатар
жүруі олардың латын түбірінен жасалуынан мүмкін болып отырғанын айтады [4].
Мəселен, техникалық жəне бизнес саласы терминологиясының омонимдеріне тоқталсақ:
«Амортизация» (amortisatia — төмендеу) — арнайы жабдықтардың көмегімен қозғалыс, əрекет
кезінде соққы, сілкіністің күшін жұмсарту. Техникалық термин ретінде «амортизация» ұғымына
осындай анықтама берілсе, бизнес саласының термині ретінде «амортизация» (amortisatia —
төмендеу) — негізгі қорлардың (құрылғылардың, машиналардың, құрал-жабдықтардың) өзгеруі
салдарынан олардың құнының біртіндеп төмендеуі, сондай-ақ жаңарту мақсатында негізгі қорлардың
құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыру деген мағынаға ие.
«Ремиз» (remiso — өзек) сөзі техникалық термин ретінде — ұршық жіптері салынатын
жұтқыншақтың түзілуінде негіздің жіптерін көтеру мен түсіруді орындайтын тоқу станогының
техникалық тетіктерінің жиынтығы. Ал бизнес термині ретінде «ремиз» (remiso — өзек) — биржа
маклерінің құнды қағаздардың маклері мен сатып алушысы арасындағы делдал тұлғаға төлейтін
комиссиялық сыйақысы.
Өсімдіктану жəне техника салаларының омоним-терминдеріне мысал ретінде «желкен» сөзін
қарастыруға болады.
Мəселен, жалпы қолданыстағы «кеменің, қайықтың жүруіне көмек болу үшін мачтаға керілген
қалың матаны» білдіретін «желкен» сөзі өсімдіктануда гүлдің «ең ірі жоғарғы күлтежапырақшасы»
Ə.Н.Насыритдинова
16
Вестник Карагандинского университета
деген ұғымды білдіреді. Бұл терминнің жалпы қолданыстағы мағынасына сай техника саласында да
қолданылатыны белгілі. Бұндай омоним-терминдердің қай салаға қатысты екенін тек белгілі бір
контекст аясында ғана анықтай аламыз. Сондықтан да мұндай терминдерді талдау барысында
контекст деңгейінде қарастырған жөн.
Техника саласындағы көптеген төл терминдеріміз жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі
арқылы жасалып, жалпы тіл білімі саласында омонимдік қатар құруда. Ал ондай жалпы
қолданыстағы сөздердің қатарынан терминдік сипат алғандарды да жеке-дара күйінде қай мақсатта
(термин не қарапайым қолданыста) жұмсалып тұрғанын айқындау мүмкін емес. Олардың да нақты
қолданыс шеңберін тек тіркес не сөйлемдегі мағынасына қарап саралаймыз. Мəселен, физика
саласында «жылдамдық қарқынының уақыт бірлігі ішінде өзгеруін көрсететін физикалық шама»
мағынасындағы «үдеу» термині бар. Аталған термин бұл жерде, əрине, зат есім орнында жұмсалып,
грамматикалық жағынан зат есім қызметін атқарады. Сонымен қоса «бір нəрсенің қалыпты шамадан
артуы, ұлғаюы, күшеюі» мағынасында етістік тұлғалы «үдеу» сөздің жеке тұрғандағы грамматикалық
мағынасын аңғару мүмкін емес. Оны тек сөздің аталған мағыналарында жұмсалған мəтін не сөйлем,
сөз тіркесі аясында бақылаймыз. Мəселен, где А
1
— амплитуда аналога ускорения на участке разгона
[5; 101] сөйлемінің мұндағы А
1
— үдеу аналогінің амплитудасы [6; 79] қазақша нұсқасында аталған
сөздің терминдік сипаты анық аңғарылады.
Яғни, омонимия құбылысы жалпы қолданыстағы сөздік қорда да, терминологиядық қорда да
орын алады. Аталған екі үдерістің ара-жігін айқындаған ғалым В.Виноградов жалпы əдеби тілде
сөздің бұл үдеріспен жасалуы ұзақ уақыт қалыптасатынын, ал терминологияда бұл жолмен жасалған
терминдердің қалыптасуы үшін ұзақ мерзімнің қажеті жоқтығын айтса [7], В.П.Даниленко ғылым
тілінде семантикалық тəсіл арқылы жасалған терминдердің жалпы терминге қойылатын барлық
сұранысты өтеп отырғанын айтады [8]. Бұл пікірді қолдаған Ш.Құрманбайұлы: «Терминологиядағы
семантикалық тəсілдің жалпы тілдегі тағы бір басты айырмашылығы — жалпы əдеби тілде сөз
мағынасының алмасуы арқылы жаңа сөздің жасалуы жалпы лексикалық өріс ішінде, яғни тілдің
үлкен жүйесінің шеңберінде, болып жататын процесс болса, терминологияда бұл процесс тілдің екі
жүйесінің арасында немесе терминологиялық өрістер арасында жүріп жатады» [9], — деп қорытады.
Яғни, жалпы қолданыстағы сөз белгілі бір ғылым саласының термині болып қабылданып,
терминологиялық қорға өтеді. Мəселен, жалпы əдеби қолданыстағы «құлындарды байлау үшін екі
қазыққа кере тартылған арқан» деген мағынаны білдіретін «желі» сөзі электроэнергетика саласының
«белгілі бір кеңістікке энергияны таратуға арналған жүйе» мағынасын қабылдап, аталған ғылым
термині ретінде қалыптасты. Бұл сөз «мəліметтерді компьютерлер арасында жеткізетін бір-бірімен
телеқатынас құру құралдары», яғни «компьютерлік желі», мағынасындағы термин ретінде
информатика саласында да қолданылады. При передаче больших мощностей (например, нескольких
десятков мегаватт) в реальных линиях передач КПД составляет практически 0,94–0,97, а U
2
лишь
на несколько процентов меньше U
1
[10]. Нақты желілерде (мысалы, бірнеше ондаған мегаватт)
үлкен қуаттарды беруде ПЭК η = 0,94–0,99 болса, ал U
2
кернеуі U
1
-ден бірнеше пайызға (процентке)
кіші болады [11; 116]. Бұл сөз мəліметтерді компьютерлер арасында жеткізетін бір-бірімен
телеқатынас құру құралдары, яғни компьютерлік желі, мағынасындағы термин ретінде
информатика саласында да қолданылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда
вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады [12; 169]. Распространение вирусов
становится наиболее широким в случае, когда ПЭВМ соединены в единую сеть [13; 150]. Аталмыш
мысалдардағы алғашқы «желі» терминінің қалыптасуына əдеби тілдегі «желі» сөзінің «екі қазық
арасына кере тартылатын арқан» деген мағынасы уəж болып тұр. Ал «компьютерлік желі»
терминінің негізінде энергетика саласындағы терминнің мəні жатқанын аңғару қиын емес. Яғни, екі
сала термині өзара терминологиялық омонимияға жол беріп тұр.
Сондай-ақ ақпараттық технология ғылымындағы «файл жазбасының дербес мағынасы бар
қызметтік бөлігі, яғни кесте түріндегі базаның бір бағанасы» жəне «экранның белгілі бір мақсатта
пайдаланылатын бөлігі» мағыналарында қолданылатын «өріс» сөзіне «Қазақ тілінің түсіндірмелі
сөздігінде» мынадай түсінік беріледі: 1) ауыл маңынан шалғайлау, оты мол, мал жайылымдық жер
[14; 659]. Сонымен бірге бұл сөздің механика саласындағы «векторлық өріс», «магниттік өріс»,
«кернеулер өрісі» сияқты тіркесті терминдер жасайтынын білеміз. Яғни, «өріс» сөзінің термин
ретіндегі қолданыстарының мағынасына жалпы халықтық тілдегі «өріс» сөзі уəж болып, белгілі бір
жұмысқа, əрекетке, мақсатқа арналған орын, кеңістік, бөлік, аймақ, аудан деген ұғым беріп тұрғанын
байқаймыз.
Техникалық терминологиядағы омоним-терминдер…
Серия «Филология». № 2(78)/2015
17
Информатика саласына қатысты аударма еңбектен мысал келтірсек:
Алдымен «Адрес» өрісін қарастырайық. Бұл өрісте ҒТР адресі былай теріледі: ftr://ftr.relcom.ru
[12; 365]. Прежде всего рассмотрим поле «Адрес». В этом поле набирается ардес ҒТР в виде
ftr://ftr.relcom.ru» [13; 348].
Тіліміздегі сөздердің мағыналық жағынан дамуы негізінде жасалған мұндай терминдерді
конверсия үдерісінің нəтижесі деуге болады.
Ендеше, жоғарыда ғалым айтқандай, əдеби тілдегі сөздер терминологиялық қорға еніп, осы
жүйенің мүшесіне айналып отыр.
Ал қызмет ұқсастығына екі ғылым саласында да қолданылып жүрген «жетек» сөзін жатқызуға
болады. Аталмыш сөздің қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігіндегі мағынасы «арбаның, шананың
алдына орнатылған, ат жегілетін оқағаш; ноқта, шылбыр тəрізді бас жіптен ұстап ертіп жүру» болса,
техника саласындағы жетек сөзінің мағынасы «машиналар мен механизмдерді іске қосатын
құрылғы». Ерте кезеңдегі көлікті жүргізу əрекетінің атауы қазіргі таңдағы машиналар мен
механизмдерді жүргізетін құрылғыға жанама уəжділік арқылы балама болып тұр. Ендеше «жетек»
сөзінің тіл білімінің бір қорынан екіншісіне ауысуына атқаратын қызметі негіз болып отыр.
Сонымен бірге «адам баласына тəн ой, ес» мағынасындағы «жады» сөзі кезінде психология
термині ретінде қолданылса, кейіннен психология саласынан техника саласына өтіп, компьютер
техникасының ақпаратты сақтау жүйесінің көлемін білдіретін термин ретінде бекітілген.
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
микропроцессор;
оперативті есте сақтаушы құрылғы, немесе жедел жады;
тұрақты есте сақтаушы құрылғы;
қоректену блогы мен мəлімет енгізу-шығару порттары [12; 31].
Системный блок ПЭВМ содержит:
микропроцессор;
оперативное запоминающее устройство;
постоянное запоминающее устройство;
блок питания и порты ввода-вывода [13; 27]
Өңделуге тиісті кез келген мəлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік
дискілерден) жедел жадына жазылады [12; 35].
Любая информация при обработке предварительно переписывается компьютером из внешней
памяти (с магнитных дисков) в оперативную память [13; 30].
Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жады (Cash)
немесе бүркеме-жады деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін
аралық дəнекер жады ретінде пайдаланылады [12; 37].
Cash (кэш-память) — это особая высокоскоростная память процессора. Она используется в
качестве буфера для ускорения работы процессора с ОП [13; 32].
Осы сөз арқылы іс жүргізуде жадынама (памятка) атауы бар екендігін айта кету керек.
Жəне де «белгілі бір затты қысып тұру үшін сыртынан айналдырып ұстатқан темір шеңбер»
мəніндегі «құрсау» сөзінің қызметтік ұқсастығына, пайдалану мақсатының сəйкестігіне байланысты
орыс тіліндегі «обод» сөзінің нақ аудармасы болып тұр. Себебі «Орыс тілінің түсіндірмелі
сөздіктерінде» «обод» сөзіне берілген түсініктеме: 1) тартып тұратын шеңбер түріндегі доңғалақтың
сыртқы бөлігі; 2) қандай да бір шеңбер түріндегі құралдың бөлшегі дегенге саяды.
ПЛ-5-35 жартылай аспалы плугтың артқы тіреуіш доңғалағы жер жырту тереңдігін
реттеуге арналған. Тиісті тереңдікке қою үшін тіректе белгілер жасалынған. Артқы тіреуіш
доңғалағы тіректен, тұтқыштан, жартылай осьтен жəне доңғалақ дискілі құрсаудан тұрады [15].
Колесо опорное заднее полунавесного плуга ПЛ-5-35 предназначено для регулировки глубины
пахоты. Для установки необходимой глубины пахоты на стойке нанесены деления. Колесо опорное
заднее состоит из стойки, державки, полуоси и обода с диском колеса [16].
Техника саласында жүк машинасының қорабы термин түрінде «шанақ» деп қабылданған.
Аталған сөздің терминдік қатарға өтуіне оның жалпы қолданыстағы нұсқасының мағынасы əсер
еткен. Жалпы қолданыстағы «шанақ» сөзі мынадай түсінік береді:
1) қобыз, домбыра тəрізді ішекті музыка аспаптарының үшбұрышты я домалақша келген дүмі;
2) диірменнің астық құйылатын немесе ұн төгілетін жəшігі;
Ə.Н.Насыритдинова
18
Вестник Карагандинского университета
3) арбаның қорабы;
4) өңделген теріден істелген сусын құятын үлкен ыдыс;
5) өсімдіктің гүл қауашығы [14; 901].
Осы мағыналарының ішінен «арбаның қорабы» мағынасындағы нұсқасына сай терминге
ауысқан бұл сөзде басқа мағыналардың да көрінісі жоқ емес. Сонымен бірге бұл терминнің музыка
саласына да тəн екенін білеміз. «Шанақ» сөзінің көрсетілген мағыналарына ортақ белгі — белгілі бір
заттың сыртын қаптап тұратын дүние екендігі. Яғни, əр түрлі екі салаға тиесілі терминдер өзара
омонимдік қатар құрады.
Сөздердің метафоралануы арқылы термин қалыптасу тек біз сөз етіп отырған терминдену
тəсілінде ғана емес, терминжасамның морфологиялық, синтаксистік, калькалау сияқты барлық
тəсілдерінде де байқалады. Себебі бір ұғымға ат беру оның басқа ұғымдармен ұқсастыру, шендестіру
жолымен іске асады. Ал ұқсастырудың өзі метафоралық құбылыс екенін ескерсек, қосымшалармен де
сөздердің бірігу, тіркесу əдісімен де жасалған терминдер сипатында басқа бір атаумен салыстыру
жатады.
Терминолог-ғалым Ш.Құрманбайұлы тіл білімінде бұл үдерістің əр басқа аталып жүргенін сөз
етіп, талқылай келе, В.Иванов, В.Даниленко еңбектеріндегі «екінші терминдену» атауының
нақтылығына күмəн туғызатын мəселе ретінде: «редукция» термині философияда, заң ғылымында,
тіл білімінде қолданылса, «ісіну» термині геологияда, медицинада, жол шаруашылығы
терминологиясында қолданылады... Егер сөздің немесе терминнің қанша рет терминденгеніне, яғни
неше ғылым саласына ауысқанына қарап айтар болсақ, онда «үшінші терминдену», «төртінші
терминдену» деп терминологиядағы бір ғана құбылысты бірнеше атаумен атауымызға тура келген
болар еді... Термин терминологиялық жүйенің өз ішінде белгілі бір ғылым саласындағы терминнің
негізінде жасалады» деген мысал келтіреді де, ішкі терминдену деп атауды ұйғарады [17].
Мəселен, біз жоғарыда сөз еткен «өріс» сөзі алғашында физика термині болып, кейіннен
ақпараттық техника саласына ауысқан. Яғни, терминологиялық жүйе салалары арасында терминдену
үдерісі жүзеге асатындықтан, ғалым ұсынған «ішкі терминдену» атауын қолдаймыз.
Ендігі жерде ішкі терминденудің терминдердің қатарын толықтырудағы үлесін саралауға
болады.
Əдеби қордағы «сақина» сөзіне түсіндірмелі сөздікте мынадай түсінік беріледі:
1. Сəндік үшін саусаққа салынатын, таза металдан жасалған жүзік.
2. Құс аяғына салатын мыс, қаңылтыр т.б. жасалған дөңгелек шеңбер.
3. Ұстамалы бас ауруы [14; 700].
Осы сөздің «дөңгелек, шеңбер» деген мағынасы сыртқы ұқсастығы жағынан метафоралық
уəжділік арқылы техника саласындағы «кольцо» терминінің қазақша баламасы ретінде алынып, одан
«сақина диск», «сақиналы серіппе», «сақиналық ағынша», «сақиналық күш», «сақинаның иілуі»
сияқты көптеген тіркесті терминдер туындаған.
Алдымен техника саласына термин ретінде ауысқан «сақина» сөзі кейіннен электр энергетикасы
мен ақпараттық технология салаларына да көшіп, терминологияда ішкі терминдену үдерісі орын
алған.
Электр энергетикасы ғылымында «сақиналы түйіспе» ұғымына «электр тізбегінің цилиндрлік
бетте сырғымалы электрлік түйіспе жасайтын сақиналы түйіспесі» деген анықтама беріледі. Яғни
«сақиналы» сөзі түйіспе үдерісіне «тұйықталған, бас-аяғы жалғасқан» деген мағына үстейді.
Ал ақпараттық технология ғылымында осы сөздің қатысуымен жасалған «сақиналық желі»,
«сақиналық құрылым əдісі», «сақиналық тізім» сияқты синтаксистік тəсілмен жасалған терминдер
кездеседі. Оларды аталған саланың «Түсіндірмелі сөздігінде» былай сипаттайды:
«Сақиналық желі (кольцевая сеть) — топологиясы сақина түрінде болып келген (тұйық контур
тəрізді) есептеу желісі».
«Сақиналық құрылым əдісі (метод кольцевых структур) — тізімнің соңғы жазбасының басына
нұсқағышы бар тізбелік тізімді компьютер жадына ұсыну əдісі».
«Сақиналық (циклдік) тізім — (кольцевой (циклический) список) — əрбір құрауыштың сол
тізімде бір ғана алдыңғы жəне бір ғана келесі құрауышы бар тізбелік тізім; соңғы элементтің бірінші
элементке сілтемесі болады» [18].
Келтірілген терминдердің барлығында да «сақина» сөзінің бір ғана мағынасы арқылы уəжделіп,
термин қатарына қосылған.
Техникалық терминологиядағы омоним-терминдер…
Серия «Филология». № 2(78)/2015
19
Өзге тілден енген сөздердің ішкі терминдену үдерісіне əсері зерттеу əдебиеттерінде кеңінен
талданған. Олардың қатарында біз жоғарыда мысал еткен ғалым еңбегіндегі «редукция» терминінен
басқа, «морфология», «стержень» сияқты терминдер мысал бола алады.
Терминология саласында жеке қолданыста қос сөз ретінде не жұрнақ арқылы жасалған туынды
сөз ретінде жұмсалатын сөздер де өзгеріске түспей, мағынасының кеңеюі нəтижесінде қалыптасқан
терминдер де бар. Сондай-ақ осы еңбектен тағы бір мысал ретінде Кинематикалық жұптың ылғи
тұйық болуы серіппемен (күштік тұйықтау) немесе профильді паз түрінде жасау (геометриялық
тұйықтау) қамтамасыз етіледі [6; 76] деген сөйлемді алуға болады. Құрылымындағы сөздердің
қосымшалары дұрыс жалғанбағандықтан немесе түсірілгендіктен, сөйлем мағынасы күдік тудырады.
Берілген мысалдың орыс тіліндегі нұсқасы: Постоянное замыкание кинематической пары дос-
тигается пружиной (силовое замыкание) или изготовлением профиля в виде паза (геометрическое
замыкание) [5; 97]. Яғни, біздіңше, сөйлемді Кинематикалық жұптың ылғи тұйық болуы серіппемен
(күштік тұйықтау) немесе профильдің паз түрінде жасалуымен (геометриялық тұйықтау)
қамтамасыз етіледі деп қазақшалаған дұрыс секілді.
Геометрическим местом мгновенных центров скоростей звеньев — аксоид, вращающихся
вокруг осей, пересекающихся под углом δ, являются конусы [5; 114] деген сөйлемнің қазақ тіліндегі «δ
бұрышымен қиылысатын кіндіктерді айналатын звенолардың лездік жылдамдықтар орталар
геометриялық орны — конустар болып табылады [6; 92] нұсқасы да дұрыс аударылғандығына күмəн
туғызады. Бұл мысалдағы лездік жылдамдықтар орталар геометриялық орны — конустар болып
табылады деген тіркестің құрылымында қателік орын алған. Негізінен орталар геометриялық орны
емес, орталығының геометриялық орны болуы керек сияқты. Сөйлемнің стилистикалық тұрғыдан
дұрыс құрылмауы — техникалық аударма мəтіндерде көптеп кездесетін кемшілік. Бұл кемшіліктер
қазақ тіліндегі ғылыми-техникалық мəтінді түсінуге кедергі жасап, оны оқушылардың бойында
мемлекеттік тілде жазылған техникалық оқулықтарға күмəнмен қарау түсінігін тудырады. Осыдан
барып, орыс тілді мамандар арасында техникалық ғылым тілін жасауға қазақ тілінің мүмкіндігі
жетпейді деген ұғым қалыптасады. Сондықтан да техника саласының мəтінін мемлекеттік тілге
аударуда немесе қазақ тілінде оқулық жазарда мамандардың тіл заңдылықтарын қатаң сақтап, сөйлем
құрылымына баса назар аударғаны жөн.
Ал, техникаға арналған оқулықтар мен оқу құралдары тілінде терминдерді аударудағы түрлі
кемшіліктер бұл бағыттағы жұмыстарды ақсатады. Техникалық мəтінде терминдердің түрлі нұсқада
берілуі, аудармасы қалыптасып қалған терминдердің шет тілдік нұсқасының қолданылуы секілді
мəселелер де мəтіннің меңгерілуіне өз əсерін тигізбей қоймайды.
Мəселен, жоғарыдағы Геометрическим местом мгновенных центров скоростей звеньев —
аксоид, вращающихся вокруг осей, пересекающихся под углом δ, являются конусы» деген мəтіндегі
«ось» термині қазақ тіліне «кіндік» деп аударылса, (δ бұрышымен қиылысатын кіндіктерді
айналатын звенолардың лездік жылдамдықтар орталар геометриялық орны — конустар болып
табылады»), осы еңбектің 114-б. Из рис. 7.1 ясно, что в случае, когда Р — мгновенный центр
располагается: Р12 — между осями вращения, U 12 < 0 (рис. 7.1,а); Р34 — за осями вращения,
U34>0 (рис. 7.1, б) [6; 114] мəтініндегі «ось» сөзі «өс» деп алынады: 7.1-суретте көрсетілгендей,
егер Р жылдамдықтың лезді центр айналу өстерінің арасында орналасқан жағдайда U 12 < 0 (7.1,а-
сур.), ал егер айналу өстерінің сыртында орналасса U34>0 [5; 92]. Сондай-ақ осы еңбек тілінде қазақ
тілінде «алғышарт» деп аталып жүрген «предпосылка» термині де екі түрлі нұсқада беріледі:
«Предпосылки для построения картины распределения скоростей механизма» [6; 121] Жылдамдық
суретін салудың кепілдері [5; 98] жəне Пользуясь предпосылкой 2, определяют еще одну точку
картину распределения скоростей следующего звена [5; 121] — 2-ші себепті пайдаланып, келесі
звеноның жылдамдық суретінің тағы бір нүктесін анықтайды [6; 99]. «Предпосылка» сөзі аталған
мысалдардың бірінде «кепіл» деп алынса, екіншісінде «себеп» деп аударылған. Жəне де техника
саласына қатысты енді бір еңбекте терминнің бір сөйлемнің ішінде екі түрлі нұсқада берілуі де
кездеседі.
Из редукторов рассматриваемого типа наиболее распространены горизонтальные... Корпуса
чаще выполняют литыми чугунными, реже — сварными стальными. При серийном производстве
целесообразно применять литые корпуса [19].
Бір сатылы цилиндрлі редукторлар горизонталды жəне вертикалды болып келеді. Көп
тарағаны — біліктері горизонтальды орналасқан редукторлар. Олардың корпустары көбінесе
шойыннан құйылып жасалады, өйткені өндірісте құйма қорапты қолданған ыңғайлы [20].
Ə.Н.Насыритдинова
20
Вестник Карагандинского университета
Қазақ тіліндегі мəтіннің соңғы сөйлемінде «корпус» термині өзгеріссіз де, «қорап» деп те
алынған. Бұндай жағдайлар екі еңбекті қатар оқыған адамда түсінбеушілік туғызуы мүмкін.
Основным фактором, определяющим выбор закона движения, является назначение —
требование технологического процесса, выполняемого механизмом. Так, даже незначительные
изменения профиля кулачка из-за износа в механизме газораспределения вызывают отклонение в
законе движения клапана, и как следствие — ухудшение параметров двигателя [6; 104] мəтініндегі
«двигатель» сөзі де қазақ тіліндегі аудармасында екі түрлі нұсқада (бірде шет тілдік нұсқасында,
бірде қазақ тіліндегі баламасы) берілген.
Қозғалыс заңы механизм атқаратын міндеті, яғни технологияға, сөзсіз байланысты. Мысалы,
двигательдің жұдырықша профилінің желінуден, болар-болмас өзгеруі газ таратқыш механизмде
клапан қозғалыс заңына ауытқу тудырады, ал бұл қозғалтқыш параметрлерін нашарлатады [5; 83].
Сонымен қатар техника саласының мəтіндерінде шет тілдік қысқарған терминдердің сол күйінде
қолданылуы да кездеседі.
Мəселен, Современные ЭВМ позволяют значительно облегчить кинематический анализ даже
при сложных функциях параметров [6; 100] сөйлемі қазақ тіліне аударылғанда «ЭВМ» термині
«ЭЕМ» (электронды есептеу машиналары) болуы керек еді. Алайда автор кірме сөздерді экзотикалық
қабылдау тəсілін қолданған: Қазіргі кездегі ЭВМ-дер күрделі функциялы параметрлерде
кинематикалық анализ жасауды жеңілдетеді [5; 79].
Техникалық сала құрамындағы омоним-терминдердің салалық оқулықтардағы қолданысында
біріздендіруді қажет ететін тұстар бар екені жоғарыдағы мысалдардан дəлелді болды. Ал бұл жұмыс
тек сала маманы мен тілші-ғалымдардың бірлескен жұмысының нəтижесінде ғана мүмкін болмақ.
Терминологиялық қорға жаңа атау енгізу үшін, ғалымдар оларды аудару, өз тілінен балама табу,
тілдік заңдылықтарға сəйкестендіріп қабылдау, сол күйінде өзгеріссіз қабылдау сияқты түрлі
тəсілдерді таңдауы мүмкін. Терминдерді тұрақтандырудың алғашқы сатысында жасалған қадам
сөздің əрі қарай тек сол сала мамандарының ғана емес, ғылыми көпшіліктің де игілігіне жұмсалуына
жол ашады. Сондықтан да терминдерді тілімізге енгізерде, жан-жақты ойланып, тілші-ғалымдар мен
сала мамандарының пікірімен санасып, тұрақтап қалатын терминдер қалыптастыруды мақсат ету
қажет.
Əдебиеттер тізімі
1 Виноградов В.В. Вопросы современного русского словообразования. — М., 1986. — С. 461.
2 Реформатский А.А. Мысли о терминологии. Современные проблемы русской терминологии. — М.: Наука, 1989. —
С. 195.
3 Абаев В.И. О подаче омонимов в русском языке // Вопросы языкознания. — 1978. — № 4. — С. 44–46.
4 Мұсағұлова А.К. Қазіргі қазақ тіліндегі бизнес терминдерінің даму үрдісі: Филос. (PhD) д-ры ғыл. ... дис. автореф. —
Алматы, 2014. — 13-б.
5 Нұрғалиев Т., Əубəкіров Б. Механизмдер теориясы. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1995. — 126 б.
6 Нургалиев Т., Сыздыков Ж. Краткий курс теории механизмов. — Астана: Аграрный университет, 2000. — 178 с.
7 Виноградов В.В. Словообразование и его отношение к грамматике и лексикологии // В кн.: Вопросы теории и исто-
рии языка. — М., 1952. — С. 145–146.
8 Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического описания. — М.: Наука, 1977. — С. 98.
9 Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2005.
— 141-б.
10 Бессонов Л.А. Теоретические основы электротехники. — М.: Высш. шк., 1973. — С. 42.
11 Ахметов А.Қ., Қабақова Т.А. Электротехниканың теориялық негіздері. — Астана: «Ақмола Полиграфия» ЖАҚ,
2004. — 116-б.
12 Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дəулетқұлов А.Б. Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ. —
Алматы: ЖТИ, 2005. — 400 б.
13 Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. Новые информационные технологии: 30 уроков по информатике. —
Алматы: ИНТ, 2005. — 400 с.
14 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы ред. басқ. Т.Жанұзақов. — Алматы: Дайк-Пресс, 2008. — 968 б.
15 Воронов Ю.И., Ковалев Л.Н., Устинов А.Н. Ауыл шаруашылығы машиналары / Ауд. Б. Əлиев. — Алматы: «НАЗ-9»
ЖШС, 2005. — 18-б.
16 Воронов Ю.И., Ковалев Л.Н., Устинов А.Н. Сельскохозяйственные машины. — М.: Высш. шк., 1983. — С. 15.
17 Құрманбайұлы Ш. Терминтанушы құралы. — Астана: Ер-Даулет, 2007. — 146, 147-б.
18 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. — Алматы: Мектеп, 2002. — 295-б.
Техникалық терминологиядағы омоним-терминдер…
Серия «Филология». № 2(78)/2015
21
19 Нукешев С.О. Машина бөлшектерін курстық жобалау. — Астана: С.Сейфуллин ат.ҚазАТУ баспасы, 2003. — 10-б.
20 Чернавский С.А., Боков К.Н., Чернин И.М. и др. Курсовое проектирование деталей машин. — М.: Машиностроение,
1987. — С. 16.
А.Н.Насыритдинова
Достарыңызбен бөлісу: |