Мультимедиалық технологиялар — бейнелік жəне аудио тиімді əр түрлі мультибағдарламалық
мүмкіндіктерді интерактивті програмалық жабдықтармен орындай алатын электрондық құжаттарды
көрсету тəсілі:
жаңа материалды түсіндіру барысында демонстрациялық тəжірибелерді көрсетуге болады.
Осындай демонстрациялар өте көрнекі жəне білім алушылардың тақырыпты түсінуіне
Қ.Н.Балабеков, Ж.Қ.Зеилбекова, З.Қ.Жалғасбекова
192
Вестник Карагандинского университета
ғылыми дүниетанымының оянуын жақсартады да, олардың пəнге деген қызығушылығын
тудырады. Демонстрациялардың кəдімгі бейне — оқу фильмдерден артықшылығы, мұғалім
бағдарламаның параметрлерін өзгерте отырып, оқушылардың «Егер былай болса, қалай
болады?» деген сұрағына «Ал ендеше көрейік...» деп жауап бере алады;
бағдарламаны физикалық практикум ретінде қолдануға болады. Бұл жағдайда əрбір білім
алушы зертханалық жұмысты жеке, өз бетімен орындайды. Осындай зертханалық
практикумдарға оқушылар алдын ала теориялық дайындықпен келуі, олардың эксперименттік
қондырғылармен саналы түрде жұмыс істеуіне жəне олардың пəнді тереңірек түсінуіне
əсерін тигізеді [2];
бұл
бағдарламаны
эксперименттік
бейне-мультимедиалық
есептер
құрастыруға
да пайдалануға болады;
осы бағдарламаның негізінде жобалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады;
дайын бағдарламаны пайдаланып, білім алушылар білімін тексеретін тест сұрақтарын көрнекі
түрде оқушылардың ғылыми дүниетанымын тудыратындай етіп дайындауға болады [3].
Біз өзіміз құрған физика бөлімдерінен тұратын электронды оқу құралын ұсынамыз. Бұл
басылымда əр бөлім бойынша қысқаша теориялық мəліметтермен танысып, физикалық
эксперименттерді (демонстрациялық тəжірибелерді, практикалық жұмыстарды) білім алушылар өз
беттерінше орындай алады. Практикалық жұмыстар физикалық шамаларды өлшеуге,
физикалық тəжірибелерді орындауға, өздерінің бақылауларына дұрыс қорытынды жасауға үйретеді.
Ол жерде əр жұмысты орындауға əдістемелік нұсқаулар мен сұрақтар дайындалған. Сонымен қатар өзін-
өзі тексеруге, яғни теориялық алған білімдерін тестілеу, практикалық жұмыстардың орындалу барысына
жұмысты қорғауға арналған сұрақтар бар. Бұл білім алушылардың іскерлік дағдыларын
калыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бұл басылым C# бағдарламасымен Microsoft Visual Studio 2010 ортасында құрылды. Төменде
(2-сур.) электронды оқу басылымының негізгі беті көрсетілген, ол бірнеше ұяшықтан тұрады (теория,
практикалық жұмыс, тестер, бағдарлама нұсқауы).
2-сурет. Электронды оқу басылымының негізгі беті
Практикалық жұмысты орындау үшін білім алушы «Практикалық жұмыстар» деген ұяшықты
ашады. Ашылған беттегі бөлімдер ішінен мына тақырыпты таңдайды «Электрлік тербелмелі
контурдағы өшетін тербелістер».
Практикалық жұмыстың орындалу барысы 3-суретте көрсетілген, ол кесте жəне графиктен
тұрады.
Мультимедиалық оқу əдісінің…
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015
193
3-сурет. «Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістер»
тақырыбына практикалық жұмыс
Осы шыққан дайындық кестесіне білім алушы берілген мəндерді қойып, «Есептеу» деген
түймешені басады. Осыдан кейін толтырылған кестелері жəне есептеу деректері бар терезе пайда
болады. «Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістер» тақырыбына берілген барлық
есептеулер 4-суретте көрсетілген.
Білім алушы алынған мəндерден график құра алады. Осы графиктен электр тоғының берілген
мəнінде өшетін тербелістің қалай жүретінін көре алады.
4-сурет. «Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістер» тақырыбына берілген
мəндермен толтырылған кесте жəне оның графигі
Физика
пəнін
өткенде
мультимедиалық
технологияларды
қолданудың
мынадай
артықшылықтары болады: компьютерді көрсетілімдік құрал ретінде қолдану білім алушылардың
қызығушылығын арттырады, компьютерлік оқыту программаларын қолдану жетіспейтін немесе
ескірген практикалық құралдар орнын толықтыруға мүмкіндік береді, физиканы оқу барысында білім
алушыға компьютерді жете игеруге жəне əр түрлі программалар бумасын (мысалы: MAPLE, Borland
Delphi, AutoCAD, С++) қолдана отырып, əр түрлі дəрежедегі есептеулер мен өңдеулер жүргізуді
үйренуге үлкен мүмкіндік береді [4].
Қорытындылай келе, білім жүйесінде ақпараттық-инновациялық технологияларды қолдану
алған білімнің сапасына, материалды толық түсінуге, оқуға деген ынтасын ашуға, білім алушының
алгоритмдік жəне логикалық ойлауына, ойша елестетуіне, ойлау аясы кеңеюіне, алған білімін
нақтылауға, қоғам дамуының ақпараттануымен байланысты заман талабына сай болып, табысты
жетістіктерге жетуіне көмек береді.
Қ.Н.Балабеков, Ж.Қ.Зеилбекова, З.Қ.Жалғасбекова
194
Вестник Карагандинского университета
Əдебиеттер тізімі
1 Гутгарц Р.Д. Компьютерная технология обучения // Информатика и образование. — 2000. — № 5. — С. 44, 45.
2 Бабанский Ю.К. Методы обучения в общеобразовательной школе. — М.: Педагогика, 1985. — 185 с.
3 Баранова Ю.Ю. Методика использования электронных учебников в образовательном процессе // Информатика и об-
разование. — 2000. — № 8. — С. 43–47.
4 Коротков Э.М. Управление качеством образования. — М.: Мир, 2006. — 211 с.
К.Н.Балабеков, Ж.К.Зеильбекова, З.К.Жалгасбекова
Достарыңызбен бөлісу: |