№2(78)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет7/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   185
сандық жəне сапалық есептер болып бөлінеді [3]. Олардың əрқайсысын компьютерді қолдану арқылы 
өткізілген есеп шығару сабақтарынан мысал келтіре отырып, қарастырайық. 
Есеп шығару барысында студенттер шығармашылық іс-əрекеттің мынадай түрлерін жасады: 
шығарылу жолы қиын жəне күрделі есептердің алгоритмін түзді; бағдарламасын құрып, компьютер 
арқылы шешті. Алгоритм компьютерге түсінікті арнайы тіл — Macromedia FLASH анимациялық 
бағдарламаcында жасалды. 
Сандық есептер. Есептердің бұл түрі математикалық есептеуді қажет етеді. Дұрыс іріктеп 
алынған жағдайда мұндай есептер студенттердің бойында ұтымды білімнің қалыптасуына ықпалын 
тигізеді. Шығарылу тəсіліне қарай сандық есептер: ауызша, эксперименттік, есептеу жəне графиктік 
болып бөлінеді. Сандық есептерді шығару компьютерлік бағдарламаның көптеген тақырыптарын 
жете түсініп, практикалық тұрғыдан бекіту үшін қажет.
Осы орайда 5В011000 
 «Физика мұғалімі», 5В060400  «Физик-зерттеуші» мамандықтары үшін 
бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған «Электр жəне 
магнетизм» пəнінің мазмұны қарастырылды. 
«Электр жəне магнетизм» пəніне жоспарланған кредит саны — 3, яғни 135 сағ, оның ішінде 
лекцияға 15 сағат, практикалық сабаққа 15 сағ, лабораториялық сабаққа 15 сағ, оқытушы 
басшылығымен өтетін өзіндік жұмысқа (ОБСӨЖ) 45 сағ, студенттің өзіндік жұмысына (СӨЖ) 45 сағ 
бөлінген. Осыған сəйкес пəннің силлабусы, оқу-əдістемелік кешені, СӨЖ тақырыптарының тізімі 
дайындалды. Осы сағаттардың ара қатынасын ескере отырып, «Электр жəне магнетизм» бөлімі
құрайтын тақырыптарды толық шолу мақсатында практикалық сабақта шығарылатын есептер 
анықталды. Мысал ретінде зарядтардың өзара əсерлесуі, Кулон 
заңы
, электр өрісі, өріс кернеулігі 
тақырыптарындағы физикалық процестерді электрондық оқулық көмегімен шығарылатын есептерді 
қарастырайық. Тақырыптардың теориясын түсіндіруге қажетті анықтамаларға тоқталсақ. 
Электродинамика — бұл электрлік зарядталған денелердің немесе бөлшектердің арасында өзара 
əсер туғызатын материяның ерекше бір түрінің — электромагниттік өрістің сырын ашатын 
заңдылықтар мен қасиеттер туралы ғылым. Электростатика — тыныштықтағы электрлік 
зарядталған денелерді қарастыруға арналған электродинамика бөлімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет